ДӘРІСТЕР МӘТІНІ
Тақырып№1. Психолингвистика – тіл қызметі жөніндегі ғылым
Тірек сөздер: зерттеу нысаны, зерттеу пәні (предмет), таңба, сӛйлеудің туындауы
(производство речи), сӛйлеуді қабылдау (восприятие речи), тілдік қызмет, тілдік жүйе,
тілдік материал
1. Психолингвистиканың зерттеу нысаны және пәні
Психолинвистика тілді психикалық құбылыс ретінде қарастыратын тіл білімінің
саласы. Психолингвистикалық кӛзқарас бойынша, сӛйлеуші мен тыңдаушының, жазушы
мен оқушының ішкі жан дүниесі тілде ӛмір сүреді. Сондықтан психолингвистика ескі
славян немесе грек сияқты «ӛлі» тілдерді қарастырмайды. Онда мәтіннің ӛзі ғана бар,
мәтін жасаушының психикалық әлемі белгісіз.
Психолингвистиканы жартылай лингвистика жартылай психология деп
қарастыруға болмайды. Бұл – тілді зерттейтіндіктен лингвистикалық ілімдерге жататын,
тілді белгілі бір аспектіде психологиялық құбылыс ретінде қарастыратындықтан –
психологиялық ілімдерге жататын кешенді ғылым. Тіл - әлеуметке қызмет ететін таңбалар
3
жүйесі болғандықтан, білімді беретін, қабылдайтын және әлеуметтік қарым-қатынасты
қарастыратын білімдер аясына жатады.
Адам баласы тілді толық меңгеру мүмкіндігіне ие болып туады. Дегенмен, бұл
мүмкіндікті әлі шыңдау керек. Бұның қалай жүзеге асуын түсіну үшін психолингвистика
бала тілінің дамуын қарастырады. Психолингвистика сондай-ақ сӛйлеу процесінің дамуы
мен қызметінің нормадан ауытқу принциптерін де зерттейді. «Нормада жоқ нәрсе –
нормадан ауытқу» принципін ұстана отырып, психолингвистика балалар мен ересектердің
сӛйлеу ақауларын да зерттейді. Бұл келесідегідей ақаулар: ӛмірдің бастапқы кезеңінде
тілді меңгеру процесінде пайда болған, сондай-ақ, кеш байқалған – ми жарақаты.
Мүкістік, психикалық аурулардың болған ақаулар.
Психолингвистерді толғандыратын дәстүрлі сұрақтар келесідей:
1. Дыбыстық тілді айқындау процесі мен оның туу процесі симметриялы
құрылған ба?
2. Ана тілді меңгеру механизмі мен шет тілді меңгеру механизмінің ерекшелігі
неде?
3. Оқу механизмін қандай механизмдер қамтамасыз етеді?
4. Неліктен мидың белгілі бір бӛлігінің зақымдануынан белгілі бір тілдік ақаулар
пайда болады?
5. Сӛйлеу әрекетінің белгілі бір аспектілерін қарастыру арқылы сӛйлеуші тұлғасы
жайында қандай мәлімет алуға болады?
Психолингвистика шамамен 40 жыл бұрын АҚШ-та пайда болды деп саналады.
Шыныда, 1950 жылдары АҚШ-та қалыптасып қойған ғылыми бағытқа қағаз жүзінде
мәртебе (статус) беру мақсатымен американдық психолог «психолингвистика» терминін
ұсынған. Дегенмен, қазіргі уақыттың ӛзінде де психолингвистика нақты белгіленген
шекарасы бар ғылыми дәрежесіне кӛтерілген жоқ, сондықтан бұл ғылым тіл мен
сӛйлеудің қай аспектілерін зерттейтінін және осы мақсатта қандай әдістерді
қолданатынын нақты кӛрсету екіталай. Бұған дәлел – кез келген психолингвистикалық оқу
құралдарының мазмұны. Лингвистикалық еңбектерде міндетті түрде фонетика, лексика,
грамматика жайында, психология оқулықтарында түйсіну, ес, сезім жӛнінде сӛз етсе,
психолингвистикалық оқу құралдарының мазмұны сол еңбектің қандай ғылыми және
мәдени дәстүрде жазылғанына байланысты.
Кӛптеген американдық және ағылшын тілді психолингвисттер үшін (негізінен,
білімі бойынша психологтар) тіл туралы ғылымның эталоны болған АҚШ-тағы беделді
лингвистикалық теориялардың бірі – бірнеше нұсқалы Н.Хомскийдің генеративтік
грамматикасы. Осы ретте, американдық дәстүрдегі психолингвистика Хомский
идеясының негізінде қалыптасқан психологиялық болжаммен бақылаудағы сӛйлеу әрекеті
қаншалықты сәйкес келетінін тексеруге бағытталған.
Осы тұрғыдан келіп бір авторлар – баланың сӛйлеу тілін, екіншілері - әлеуметтік
қарым-қатынатағы тілдің орнын, үшіншілері тіл мен тану процесінің ӛзара байланысын
қарастырады. Француз психолингвисттері негізінен швейцар психологы Жан Пиаженің
(1896-1980) ізбасарлары болып табылады. Сондықтан оларды қызықтыратыны негізінен:
бала тілінің қалыптасуы және таным процестері мен интеллекттің дамуындағы тілдің рӛлі.
Еуропалық
(сондай-ақ
отандық)
гуманитарлы
дәстүр
бойынша
психолингвистиканың қызығушылығын, ең алдымен келу жолын (подход) (бұл
психиканы оқудан әрі жатқан дүние) белгілеуден бастауға болады. Бұл тіді «таза қатынас
жүйесі» деп (lanque – ХХ ғасыр басындағы структуралық лингвистиканың негізін салушы
швейцар лингвисі Ф. де Соссюрдің терминінде) түсіну, бұнда тіл зерттеу мақсатында
сӛйлеуші психикасынан алыстатылған құрылым (конструкт) ретінде кӛрініс береді.
Психолингвистика бастапқыда реалды сӛйлеу, түсіну үрдістерін (процесс) «тілдегі
адамды» зерттеуге бағытталған (Француз лингвисі Э.Бенвенистің (1902-1976).
Психолингвистиканы жеке пәні мен әдістері бар ғылым ретінде емес, сӛйлеуді,
қарым-қатынасты, таным үрдістерін зерттейтін ерекше ракурс деп тану ӛнімді деп
4
қарастырылады. Бұл ракурс кӛптеген зерттеу бағдарламаларын, әр түрлі мақстатағы
теориялық сілтемелер мен әдістерді тудырды. Бұл бағдарламаларға үш фактор тобы ортақ
болып табылады:
1. Сӛйлеу әрекетінің таза функционалдық, кибернетикалық үлгілермен (модель)
қанағаттанбаушылық. Зерттеуші ой қорытындысын «кірудегі» мәліметтерді «шығудағы»
мәліметтермен салыстыра отырып функционалды үлгілер сӛйлеуді «қара жәшік» әдісімен
зерттеуге мүмкіндік береді. Сӛйтіп, «анығында» не болып жатқаны жайында сұрақ
қоюдан бас тартады.
2. Осы қанағаттанбаушылықтан туған құндылық бағдарының ауысуы. Жаңа
құндылық бағдарларына сәйкес зерттеудегі қызығушылық негізінен сӛйлеуші мен
тыңдаушының психикасында ӛтетін нақты үрдістерді түсінуге бағытталған.
3. Зерттеу әдістерінің ішінде ерекше кӛңіл экспериментке, сондай-ақ, пайда болу
үрдістерін тыңғылықты жоспарлы бақылауға және шындық кезеңдегі сӛйлеуді
тәрбиелеуге бӛлінген.
Тіл мен сӛйлеуді зерттеудің психологиялық ракурсын шартты түрде американ
ғалымдарының «психолингвистика» терминін айналымға енгізгенге дейін ӛмір сүрді деп
есептеуге болады. ХІХ ғасырда неміс философы әрі лингвисі В.Фон Гумбольдт
«дүниетанымдағы» тілдің маңызды қызметін атаған, қазіргі таңда біз оны сытқы ортадан
түсетін информацияның субъектті құруы деп айтар едік. Ұқсас кӛзқарас ХІХ ғасырда
орыс филологы А.А.Потебняның еңбектерінде сондай-ақ, оның сӛздің «ішкі формасы»
оқуларында кӛрініс береді. Бұл түсініктің мазмұны тек психологиялық анықтауда
айқындалады. Сӛздің ішкі формасын сезу, жеке тұлға сӛздің дыбысталуы мен мағына
арасындағы байланысты түсінуге қабілетті дегенді болжайды. Егер тіл иесі портной
сӛзінен порты сӛзін аңғара алмаса, портной сӛзінің ішкі формасы жоғалады.
Тіл құбылысын психологиялық қатыста қарастырудың отандық дәстүрі орыс әрі
поляк лингвисі Қазан лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы И.А.Бодуэн де
Куртенэден (1845-1929) шығады.
Тілді «психо-әлеуметтік негіз» ретінде, ал лингвистиканы «психо-әлеуметтік»
ғылымдардың ішінде қарастыруды ұсынған. Тілдің дыбыстық құрылысын зерттей
отырып, Бодуэн тілдің ең кішкене бірлігін – фонема- «дыбыстық кӛрінісі» деген, себебі,
фонеманың мағына ерекшелейтін қызметі тек белгілі бір психикалық үрдісте кӛрініс
береді. Бодуэннің шәкірттері В.А.Богоридцкий (1857-1941) және Я.В.Щерба (1880-1944)
сӛйлеу қызметін зерттеуде экспериментальды әдісті жиі қолданған.
Щерба психолингвистика жайында айтпаған, бұл терминнің ӛзі отандық
лингвистикада тек А.А.Леонтьевтың осы аттас (1967) монографиясынан кейін бекітілді.
Дегенмен Щербаның әйгілі «Тіл біліміндегі эксперименттегі тілдік құбылыстардың тілдің
үштік
аспектісі»
мақаласында
(1927
жылы
ауызша
баяндалған)
жаңа
психолингвистиканың басқы идеялары қамтылған: бұл сӛйлеу мен тыңдаудың нақы
үрдістерін ерекше зерттеуге кӛңіл бӛлу, сӛйлеу тілін ерекше жүйе ретінде түсіну
«болымсыз тілдік деректерді» - зерттеу (терминде Щерба «былай сӛйлемейді» ескерпесін
айтуда енген) және соңғы Щербаның ерекше орын, беретіні – лингвистикалық
эксперимент.
Щерба ерекше бағалаған лингвистикалық экспеименттің мәдениеті Л.В.
щербаның тікелей шәкірті, Ленинград фонологиялық мектебінің негізін қалаушы Л.Р.
Зиндердің (1910-1995) еңбектерінде және Зиндердің қызметкерлері (Л.В.Бондарконың
және т.б.) еңбектерінде жемісті жалғасын тапты.
Дегенмен, ХХ ғасыр лингвистиканың магистральды жолдары және оның
жетістіктері тілді психиклық құбылыс деп танумен емес, оны белгілер жүйесі деп
түсінумен байланысты болды. Сондықтан психолингвистикалық ракурс және оны
қамтитын кӛптеген зерттеу бағдарламалары лингвистиканың структуралық бағытымен
салыстырғанда кӛп уақыт маргинальды орын алып келді.
5
Шындығында, структуралық лингвистика таңбалар жүйесі ретіндегі тілді
иемденушінің ішкі әлемін бӛліп алу тек ғылыми дерексіздік ретінде қабылданады. Бұл
анализ зертеушінің осы мақсатта жеке психикасы мен басқа тұлғалардың сӛйлеу
әрекетіндегі бӛліну мен бӛлшектеу процедураларымен шектеледі. Бірақ тілдің кӛп
қырлылығы мен әртүрлі аспектілігі тілді психикалық феномен деуден шеттетеді.
Нақты нысана ретінде бізге нақты сӛйлеу тілі және жазу мәтіндері берілген. Бірақ
пән ретінде біз кӛптеген зерттеу құрылымдарымен қызмет атқарамыз.
Осындай кез келген құрылым қандай аспекттер мен құбылыстар зерттеуде
маңызды әрі құнды, қандай әдістер зерттеу мақсатына жетуде тиімді деп саналатынын
болжайды. Құндылық бағдары болсын, әдістеме болсын бос жерден туындамайды.
Бұл негізінен жаңалықтың кез-келген сатысында жалпы ғылыми (қабылдауға
бағынатын) прсемственность принципіне зерттеу бағдарламаларын бағынады.
Психолингвистиканың зерттеу бағдарламалары белгілі бір кезеңде қандай да бір
ғылыми бағыт лингвистика мен психология үшін ғана емес, сондай-ақ, жалпы
гуманитарлық циклдағы ғылымдар үшін «эталон» немесе шектестік («смежность») болып
табылатын. «Эталонность» және «смежность» қатынастары белгілі бір тарихи кезеңде
тығыз байланыста болғанда ғана мәнді болады: лайықты қатынас және бағалануы нақ сол
кезең бӛлігіндегі ғылыми танымдық стилі мен жалпы ғылым картасының жағдайына
қарай ӛзгеріп отырады. Психология үшін оның қалыптасу кезеңінің эталоны – асқақ
эксперименталды зерттеуі бар физика болды. Осы ретте экспериментальды анализға
бағынбайтын рухани құбылыстар философияның кеншісіне берілді.
Құрылымдық лингвистика үшін ең алдымен қаталдық пен мазмұндауды
қалыптастыратын эталон ретінде математика мен математикалық логика қызмет атқарады.
Ӛз кезегінде 1970 жылдардың ортасында психолингвистика үшін экспериментальды
психология (ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты) сӛзсіз эталон болып және ең жақын
кезектес (смежный) болып қалды. Осы кезде психолингвистиканың ӛзі (дәлірек айтсақ,
европалық нұсқасы) псхологиялық емес (бұнымен келіспейді де) лингвистиканың бағыты
болып саналады.
Тілді сӛйлеуші тұлғасының психикалық құбылысы ретінде зерттеу тапсырмасы
зертеушіні мүлдем табиғаты ӛзгеше жағдайға әкеп соқтырады, немесе физикалық космос
тым кеш меңгерілген. Шарттылық «жанды космостың» физикалық космосқа қарағандағы
күрделігінің негізінде туындайды, ал психикалық үрдіс (процесс) рухани құбылыстан
айырып алуға келмейді, лингвистикалық ортада әйгілі бола қоймаған.
Бұдан соң сӛйлеуші мен түсінушіні сурттеуге бағытталған психологиялық
теорияларда жарылыс пайда болады. Бұндай жарылыс Н.Хомскийдің «асурд болмаса,
қызық болуы еді» деген сӛзімен айтқандай, формальды теориясының негізгі түсініктері
үшін экспериментальды аналогияны іздеп табу талпынысы негізінде американдық
психолингвистерге тән.
Дегенмен, 1970 жылдардың соңында психолингвистикалық мәселелер дамыды,
психолингвистиканың ішкі жағдайы да ғылымда да лингвистика үшін, нақталасақ,
психолингвистика үшін «смежный» болды. Бұл негіінен ғылымдар кешені және
танымдық үрдістердің мінезі мен қозғалысы.
Нағыз тіл біздің дүние туралы біліміздің айнасы іспетттес негізгі форма, бірақ ол,
сондай-ақ адам баласының білім қабылдау, бекіту және әлеуметке жеткізуді жүзеге
асыратын негізгі құрал.
Кез-келген күнделікті білім (білікке қарағанда) тілдік қалыптасуды талап етеді.
Бұл ретте психолингвистердің қызығушылығы танымдық психология мен даму
психологиясының шеңберінде тоғысады.
Тіл және тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі құралы. Тілді толық меңгеру ғана
жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік-мәдени кеңістіктен орын белгілейді. Егер белгілі бір
себептермен туған тілін меңгеру үрдісі болып, басқалармен «мен-басқалар» қатынасын
құрудың мүмкіндігін шеттейді.
6
Шет тілді зерттеу үрдісіне және оны меңгеру механизміне ерекше салмақ берген
факторла - әлемдік-мәдени үрдістердің жаһандануы, әртүрлі тілдердің ӛзара сіңісуі, ӛмір
сүру аумағының кеңеюі және жаппай кӛші-қон, әлемдік компьютерлік торлардың пайда
болуы.
Бұл аталғандар психолингвистикамен байланысы бола тұрып, білім кеңістігін
кеңейтіп, зерттеудің қызығушылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |