Эмоциялардың пайда болуында гуморальді- эндокриндік факторлардың да әсері мол. Мысалы, эмоция кезінде гипофиз бен бүйрек үсті безі гипоталамус әсерін күшейтеді, сол себептен адреналиннің бөлінуі көбейіп, жүрек пен бұлшық еттердің қызметі арта түседі. Қанда ми қызметі мен бұлшық ет жиырылуына қажетті глюкоза мөлшері көбейеді.
Қарапайым эмоцияларда адреналин жылдам бөлінеді. Ұзаққа созылған ұнамсыз эмоциялар кезінде қанда адреналин жинақталып, күретамыр қысымы жоғарлайды, тамыр соғысы жиілейді. Сөйтіп, қан тамырларының тарылуы жүректе стенокардия, не миокард инфаркті тудыруы мүмкін. Қан мен зәрдегі қан мөлшерінің жоғарылауы – эмоция кезінде организмдегі терең биохимиялық өзгерістердің айғағы.