Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде



бет21/44
Дата25.11.2022
өлшемі121,52 Kb.
#52645
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
29.Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде. маскүнемдік (жіті улану, созылмалы маскүнемдік, тұрмыстық ішкіштік) нашақорлық (опий тобы, каннабиоидтар, спайстар, кокаин, амфетаминдер және т. б.)
уытқұмарлық (желім, газ, бензин, ұшпа еріткіштер және т. б.)
темекіні пайдалану (насыбай, темекі, «көк темекі», вэйптар, қороқор)
прекурстарды пайдалану (дәрігердің тағайындауынсыз қатты әсер ететін дәрілік құралдарды пайдалану)
Соңғы жалдары жастар арасында ең жиі кездесетін мәселе болып микстер табылады, бұл екі және одан астам психикалық белсенді заттарды пайдалану.
ПБЗ пайдаланушыларды анықтау қалай өтеді:
– өз еркімен жүгіну – егер бұрын жылына нарколог дәрігерге осы жағдай бойынша жылына 2-3 жағдайда жүгінсе, 2017-2019 ж.ж. 10-12 жағдай байқалды. Бұл халықтың тыйым салынған зарарлы заттарды пайдаланудың салдары туралы жоғары хабардарлығын дәлелдейді.
– бастапқы медициналық, білім беру мекемелері мен құқық сақтау органдардан жіберу. Бұрын терапевт дәрігерлер, педиатрлар мен басқа белгілі бір сала мамандары адамдарды шамалы мөлшерде жіберген болатын. 2018-2019 жылдары 20-дан астам жіберілген адамдар жағдайлары болды. Әсіресе кеңес алу мақсатында психиатр дәрігерлер мен мектептер және колледждер әкімшіліктері жиі жібереді.
алкогольдік, нашақорлық, аралас масаю мәніне тәуліктік сараптамадан жіберу. Әсіресе мереке алдындағы және меркелік, демалыс, каникул күндерінде куәландырылғандардың саны айына 8-10 кісіге дейін жетеді.
– оқу орындарындағы профилактикалық медициналық қарап тексерулер. Орташа алғанда, бір оқу орнын қарап тексеруді аяқтағаннан кейін қосымша тексерулерге 12-15 адам шақырылады. Күнтізбелік жыл ішінде профилактикалық медициналық қарап тексерумен 3500 адам шамасында қамтылады. Белгілі нәтижелер бар. Профилактикалық қадағалауға алынғандардың (қауіп-қатер тобы) арасында қадағалаудың 1 жылы ішінде 98,2% ПБЗ қайталап пайдалануды тоқтатады.
Психикалық белсенді заттарды (ПБЗ – алкоголь, есірткі, темекі, уытты заттар және т.б.) тұтынатын науқастарда созылмалы өкпе аурулары жиі кездеседі. Бронх-өкпе жүйесінің зақымдануы бұл кезде тыныс жолдары арқылы бөлінетін ПБЗ-дың, оның ішінде олардың метаболизм өнімдерінің бронх эпителийлеріне тікелей уытты әсер етуіне байланысты болады. Бұл өз кезегінде мукоцилиарлық аппараттың қызметін (функциясын) бұзады және пневмосклероздың, эмфиземаның, бронхиттің және т.б. дамуына ықпал етеді. Бұл үдеріс, шарт бойынша араққорлықтан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан жапа шегетін пациенттердің оған қоса шылымқор болатынынмен ушыға түседі. Сондай-ақ жоғарыда аталған факторлардың әсерінен өкпенің жергілікті қорғанысының басқа құрамдас бөліктерінің (компоненттерінің) бұзылуы байқалады. Яғни, сурфактант ериді, альвеолярлық макрофагтардың қызметі төмендейді және де бауырдың уытты (токсикалық) зақымдану салдарынан антитрипсин синтезінің төмендеуі маңыз иеленеді. Оған қоса маскүнемдік пен нашақорлықтың, шылымқорлықтың, уытқұмарлықтың созылмалы туберкулез дертіне ұласатынын да айтқан жөн. Тыныс алу ағзаларының зақымдану жай-күйін наркологиялық кесел түрлеріне байланыстырып, жеке тоқталайын.
Нашақорларда, әсіресе есірткі уларын иіскейтіндерде, шегетіндерде тыныс алу жүйе ағзалары қатты зақымданады, олардың қызметтері күйрейді. Бұл кезде жоғары тыныс алу жолдары да, сондай-ақ өкпе де жапа шегеді. "Иіскеушілердің” мұрнының, ауызының, көмейінің нәзік қабаттары ұдайы жарақаттанады, есірткілік улармен тітіркенеді. Бұл созылмалы қабынуға, иіс сезудің біртіндеп төмендеуіне, ақыр соңында – оны толық жоғалтуға жетелейді. Бұл кезде кейде полиптердің дамуы және олардың қатерлі ісікке айналуы кездеседі. Мұрын пердесінің тесілуі мүмкін. Көбісінде тітіркендіргіш жөтелмен бірге өтетін демікпе (бронхиалды астма), созылмалы бронхит, трахеит дамиды. Есірткіні иіскеу нәтижесінде рак алды үдерістер, одан соң өкпе қатерлі ісігі (рагі) пайда болады. Есірткілер хеморецепторларды сезімсіз етеді, соның нәтижесінде көміртек газы қордаланғанда бұл рецепторлар қалыпты деңгейге дейін қозбайды. Тыныс алу орталығының қозбалығы төмендейді, одан соң күйрейді. Нашақор ешқашан құмарынан шыққанша тыныс ала алмайды. Олар әдетте есірткіні кездейсоқ шектен тыс тұтынғанда дем тоқтауынан қайтыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет