Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психикалық әрекетіндегі рөлі. Қиялдың түрлері. Қиял және шығармашылық. Қиялды қалай дамытуға болады?
Қиял - бұл бейнелеу немесе идея түрінде жаңа нәрсе жасаудың психикалық процесі.
Қиялдың түрлері: ырықты (қайта құру, шығармашылық, алдын ала болжау (болашақ оқиғаларды болжау) және ырықсыз.
Ырықсыз қиял – адам алдына ешбір мақсат қоймай, басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Пассив қиялдың ең айқын түрін адамның түс көруінен байқауға болады.
Ырықты қиял – адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.
Қиялдың жасалу жолдары: қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі: агглютинация – желімдеу (кентавр, сфинкс); гипербола – грек сөзі, (күшейту деген мағына білдіреді) нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетіледі; ертегілер, қиял-ғажайып бейнелер (Д.Свифт «Гулливердің саяхаты»); нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету (карикатуралар мен достық әзілдер); типтік образдар жасау. Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды.
15
Ойлаудың табиғаты және негізгі түрлері. Ойлау формалары. Интеллект туралы түсінік. Ақыл-ой операцияларының негізгі түрлері (салыстыру, талдау және синтез, абстракция және конкретизация, индукция және дедукция).
Ойлау - бұл танымдық объектілер арасындағы байланыстар мен қатынастарды орнататын, психикалық рефлексияның ең жалпыланған түрі.
Ойлаудың түрлері: көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік - логикалық.
Ойлаудың формалары: түсінік, пайымдау, қорытынды, ұқсастық.
Ойлаудың операциялары: талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жалпылау, нақтылау.
Ойдың бұзылуы: аутистік ойлау (жеке күйзелістері әлеміне терең ену), «интеллектуалды мономания» (шындыққа сәйкес келмейтін, оған қайшы келетін ойлар, идеялар, пайымдаулар).
Аутистік ойлау негізі – адамның жеке басы толғаныстары дүниесіне тереңдей шомып, шындықтан ажырау; болмыс баланыстарынан айырылып, төңірегіндегілермен қарым-қатынастан қалуы.
Ой бұзылысының асқынған түрі – сандырақ немесе ақыл-ес мономаниясы. Сандырақ – бұл болмыс шындығына жанаспайтын, тіпті оған қайшы келетін ойлар, ядеялар, пікірлер.
Достарыңызбен бөлісу: |