15. Фрустрация деген не
Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесінің күйзелуі
16. Жоғары сезімдерді анықта:
Ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік-моральдық сезімдер
17. Ерік әрекетінің мазмұны:
Адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті
18. Мінез көріністерінің мазмұны:
Әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктерінің жиынтығы
19. Психологияның ғылым ретінде пайда болып, дүниеге тұңғыш келген жері:
Ежелгі Грецияда
20. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған данышпан ғұлама
Әбу-Насыр әл-Фараби /870-950/
21. 1926 жылы Ташкентте басылып шыққан «Психология» оқулығы мен «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбектерінің авторы кім
Жүсіпбек Аймауытұлы /1889-1931/
22. Психика деген не
Объективті шындықтың миымызда субъективті бейнеленуі
23. Психиканың ең жоғары сатысы - сананың дамуына әсер еткен негізгі факторлар:
Қарым-қатынас, еңбек әрекеті
24. Вибрациялық түйсіну деген не
Қозғалған заттардың ауаны толқытуын дененің сезіне алуы
25. Синестезия қандай құбылыс
Түйсіктердің қосарлана жұмыс істеуі
26. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелердің тууын қабылдаудың қай заңдылығына жатқызуға болады
Галлюцинация
27. Ой қорытындысы деген не
Бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі
28. Сөйлеудің мәнерлілігі:
Әрбір сөзді өзінің сазымен, ырғағымен айту
29. Аффект:
Аз уақыт болса да кенеттен булықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатын эмоциялық процесс
30. Төменде берілген тапсырмада эмоциялық жағдайдың қай түрін ажыратуға болады«Бір бала асық ойнауға, екіншісі марка жинауға, үшіншісі аквариумда балық өсіруге, ал өзге біреулері тіпті жағымсыз істерге /темекі шегу/т.б. бейім тұрады».
Құмарлық
Достарыңызбен бөлісу: |