43. Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеп қабылдау – қабылдау процесінің қай заңдылығына жатады
Қабылдаудың таңдамалылығы
44. Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануы:
Тұрақтылығы
45. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау
Иллюзия
46. Қабілет дегеніміз не
Іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті
47. Нышан деген не
Жүйке жүйесінің адамға туа берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі
48. Нышанның ықпалымен қалыптасқан жеке адамның психикалық қасиеті не деп аталады
Қабілет
49. Адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі қабілеттіліктің қандай сатысы
Данышпандық
50. Тұңғыш психологиялық лабораторияның негізін қалаған кім
Вундт
51. Жүйке жүйесінің типтерін анықта:
Ширақ тип, баяу тип, ұстамсыз тип, әлсіз тип
52. Дүниені танып-білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы қалай аталады
Түйсіну
53. Адам мәселені шеше отырып, өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдалануы ойлаудың қай түрінің мазмұны болып шығады
Нақты-бейнелік
54. Зейіннің физиологиялық негізін доминант теориясымен түсіндірген кім
А.А.Ухтомский
55. Доминанта деген не
Мидағы күшті қозу алабының қалған алаптағы әлсіз қозу процестерін тартып алуы
56. Зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұратын табиғи қасиеті қалай аталады
Зейіннің толқуы
57. Қабылдау процесіндегі байқау,бақылау деген не
Объектіні белгілі мақсатпен әдейілеп қабылдау
58. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстар психологияда қалай аталады
Ассоциация
Достарыңызбен бөлісу: |