1. Психология ғылымы нені зерттейді Психикалық құбылыстардың пайда болу, қалыптасу және даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттейді
2. Сана дегеніміз не Сана - психика дамуының жоғарғы сатысы
3. Шартты және шертсыз рефлекстер ұғымын ғылыми тұрғыда қарастырғандар:
И.М.Сеченев пен И.П.Павлов
4. Екінші сигналдық жүйенің мазмұны: Сөз, сөйлеу және олардың негізінде туатын уақытша байланыстар
5. Төл тіліміздегі тұңғыш шыққан «Психология» оқулығының авторы: Ж.Аймауытұлы, 1926 ж. Ташкентте
6. Түйсіну деген не Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуі
7. Сезгіштік деген не Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін айтады
8. Қабылдау процесінің мазмұны: Заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі
9. Тану процесінің мазмұнын анықта: Бұрынғы қабылданған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс
10. Ұмыту процесінің мазмұны: Қабылданған материалды еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы
11. Естің даралық ерекшеліктерінің типтерін анықта: Көру есі, есту есі, қимыл есі, аралас ес
12. Ойлау процесінің мазмұны: Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі