24. Еріктің жағымды сапасы: А) қажыр-қайрат;
В) ерік-жігері;
С) іс-әрекетінің жоспарлығы;
Д) табандылық; Е) күйгелектік.
Ерік сапалары мен қасиеттері адамның іс-әрекетінде қалыптасады. Әрбір адамның өзіне тән ұнамды және ұнамсыз ерік сапалары бар. Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылық. Мысалы, дербестік — адамның алға қойған мақсатын орындау жолында ешкімнің жетегінде кетпей, өз ойымен, сенім-қабілетімен әрекет етуі. Оның қарама-қарсы ұнамсыз түрі — өзгенің сөзіне еріп, иланғыштығы.
Батылдық — өз шешімін именбестен ашық білдіруден байқалады.
Қорқақтық — батылдыққа қарама-қарсы ұнамсыз сапа.
Табандылық — қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы қажымай, талмай әрекет етуден көрінетін қасиет
25. Ерікті актінің құрылымына кіреді: А) дайындық кезеңі: мақсат қою, тілек, қалау, түрткілер күресі, тоқтамға келу; В) ұнамды және ұнамсыз жағдаяттар;
С) мазасыздану кезеңі;
Д) адамның талғамы мен белсендiлiгi;
Е) зорлану кезеңі.
26. Стрессті болдырмау жолдарының бірі: А) күшті тітіркендіргіштермен айқасуы; В) организмнің мазасыздануы;
С) алғыс айта білу;
Д) сыртқы әсерге жауап беруге қиналуы;
Е) жағымсыз жағдаят орнату.
27. Адамның шамадан тыс зорлануы: А) стресс; В) фрустрация;
С) күйгелектiк;
Д) аффект;
Е) құмарлық.