Психология кафедрасы



бет29/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ОФПД лекция жинағы (4)

Жұмыс іздеу. Жоғарғы оқу орнына түскен жастар көптеген қиындықтармен кездеседі. Қандайда бір іс-әрекет тандауда қиналады. Олардың көпшілігі өзінің болашақ жұмысына деген талаптарды көрсете алмайды, өз ізденісінің негізгі мақсатын білмейді. Жұмысқа ие болған ер балалармен қыз балалар адамдармен қарым-қатынасқа түсу біліктілігін меңгеру керек. Яғни іскер қарым-қатынас техникасын белгілі бір деңгейде біліп, жағымды әсер қалдыра білулері керек. Бұл екі мәселелер тәжірибенің жоқтығына, өзіне деген сенімсіздік байланысты ушығып отыр. Өмір үшін ақша табу, ата-аналарынан материалдық тәуелсіз болу- ең үлкен қиындық. Осы уақытта некеге тұру ерте болып есептеледі. Ерте отбасын құру жұмыс іздеуге итермелейді, кейде өмірлік жоспарды езгертіп жоғары оқу орныныдағы оқуын тастауына себепші болады.
Отандық және шетел зерттеушілердің көрсетуінше, отбасы қаншалықты жас болса, ажырасу ықтималдығы соншалықты жоғары болады. Жас ерлі-зайыптылар көптеген қиындықтармен кездеседі: олар бір-бірін толық түсіне алмайды, жеңіл шешім қабылдайды, жауапкершіліктері жеткіліксіз. Қаржылық мәселелер және тұрмыстағы жетіспеушіліктер, отбасын қамтамасыз ету, әсіресе бола қарау оларды шаршатады. Жоғары төлемді жұмыс іздеу кезіндегі сәтсіздіктер, ата-аналарына материалды тұрғыда тәуелді болу олардың қатынастарын түбегейлі бұзады.
Әскер. Жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде білім алмайтын дені сау ер балалар әскер қатарына шақырылады. Әскер қатарында болу - өмір салтында тағыда бір үлкен өзгеріс. Қатаң тәртіп, үлкен физикалық күш жұмсау және дәрежесі бойынша жоғарыларға бағыну көптеген жастар үшін қиын сынақ болып табылады. Егер де ер балалар осы сынақтан өтсе, ол тұлғалық жағынан өзгереді: ересектеніп, психологиялық жақтан күшейеді.
Қоғамнан оқшаулану - жастық шақта өз өмірін ұйымдастырудың бір варианты болып табылады. Бұл вариантты саналы өмір салтына жатқызуга болсмайды. Осы жолды таңдаған бала- лар нашакорлыққа мойын сүнып діни сектаралға кіруі мүмкін. Қоғамнан оқшауланудың тағы бір ауыр формасы - суицид, яғни өз-өзіне қол жұмсап, өмірін қию.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет