Онтогенездің негізгі жолдары Онтогенездегі негізгі жолдар ерте жастық шақта қалыптасқан өмірлік салтының типіне байланысты.
Тұлғаның гедонистік бағыттылыгымен байланысты онтогенез жолдары өзін-өзі анықтауды білдірмейді. Қарапайым және жеңіл өмір салтында ол паразиттік өмір сүрумен жүзеге асады. Оның бір варианты - ата-аналарының ақшасымен өмір сүру. Жүйелі жұмыс істеуге деген қабілеттін болмауы өз өмірін дербес қамтамасыз' етудегі қабілетсіздікке әкеледі. Осы қабілетсіздіктің салдарынан жұмыс іздеуде олар сәтсіздікке ұшырайды. Келесі бір варианты - үйленумен байланысты, яғни өз жарының ақшасына өмір сүру. Бұл вариант көбінесі қыз балаларга тән. Келесі бір вариант - қылмысты істерге қатысу. Бұл вариантқа ішімдік тән. Онтогенездің жоғарыда келтірілген жол- дарының өкілдерінде наісгы өмірлік жоспардың, еңбек немесе оқу іс-әрекетіне деген қабілеттің болмауы білім алу мен қандай да бір мамандық алудагы немқұрайлыққа әкеледі.
Тұлғаныңның эгоистік бағыттылыгымен байланысты онтогенез жолы құндылықтардың жеткілікті қалыптасқан иерархиялық жүйесімен, эгоистік мотивтердің басымдылығымен ерекшеленеді. Осы жолдардың бірі - престиждік мотивация. Өмірлік жол қызметтік жоғарылауға талпыну, техника не өнерде жетістікке жетуге байланысты таңдалады. Отбасындағы материалдық жағдайға, ата-аналарының кәсіби өзге де байланыстарына, өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қатысты таңымал жоғары оқу орнына баруға тырысады.
Тұлғаның эгоистік бағыттылығының тағы бір варианты билік, доминантгылық мотивтерімен байланысты. Мотивациясы осындай жастар өз мінез-құлықтарының, нақты қызығушылық- тарының, оқу және физикалық дайындықтарының ерекшеліктері мен ата-аналарының мүмкіндіктеріне байланысты басшы кадрлар дайындайтын ЖОО-ға түсуге тырысады.
Өмірдің материалдық жағына бағдарлану тұлғаның эгоистік бағыттылығымен байланысты онтогенез жолдарының бір варианты. Өмірлік жол таңдауда материалдық жетістік басты рөл ойнайды. Материалдық жетістік мотивін іске асырудың бір жолы - тиімді некеге тұру.
Тұлғаның рухани-адамгершілік бағыттылығында мамандық таңдау бейімділікке байланысты таңдалады. Өмірлік мақсаты бақытты отбасы құру болса да, олар оқу орны мен жұмыс орнын тастамайды. Егер ол өзінің қалауын тапса, таңдаған мамандығын меңгерудегі кездесетін қиындықтарды шыдамдылық пен қажырлық арқылы жеңіп шығады. Мамандық таңдау үлкен қиындық әкеледі. Бұл жерде мамандық таңдау модаға, конъюктураға және әзге де сыртқы жағдайларга емес, өзінің қызыгушылықтарына байланысты.
Сонымен, ерте жастық шақ - ересектік шақтың, жеке өмірдің бірінші кезеңі. Өз өміріне деген жауапкершілік осы жас ерекшелік кезеңнің ерекшелігін анықтайды. Кейбіреулер үшін өмірлік жоспарларын іске асырып, олардың шынайылығын практикада сынау басталады, өзін-өзі анықтау мәселесін шешеді.