Психология кафедрасы



бет45/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Әдебиеттер:



  1. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2019, - 185 бет

  2. Сабирова Р.Ш., Жансерикова Д.А., Лазарева Е.А. Психология және адам дамуы. Сызбалар. Оқу құралы. 2019

  3. Даму психологиясы. 2016. Қ.Е. Қойшиев.

  4. Тебенова К.С., Ахметова Н.Ш. Психофизиология. Электронная книга.(https://web.smart-kitap.kz/)

  5. Ишанов П.З, Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Электронды кітап. (https://web.smart-kitap.kz/

  6. Алдамұратов Ә. Жалпы психология: Оқу құралы Алматы: Білім, 1996.- 224 б.

  7. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ., Іргебаева Н. Және т.б. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 224 б.

  8. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.

  9. Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ.Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы.- Алматы, 2008. - 638 б.

  10. Першина Л.А., Общая психология: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений / Л.А. Першина. - М: Академический Проект, 2004.- 436 с.

  11. Маклаков А.Г., Общая психология: Учебник для вузов / А.Г. Маклаков.- СПб.: Питер, 2004.- 583 с.:ил..- (Серия " Учебник нового века").

  12. Вопросы психологии познавательной деятельности: Сб.науч.тр. / Моск.гос.пед.ин-т им.В.И.Ленина; И.Л.Баскакова и др..- М., 1981.- 144 с.

11 дәріс. Эмоция туралы жалпы ұғым.
Сабақтың жоспары:
1. Эмоцияның негізгі қызметтері мен қасиеттері.
2. Сезімдердің психологиялық сипаттамасы.
3.Жоғары сезімдер.
4.Оқушылардың эмоционалдық-сезімдік аумағының дамуы.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттерiне сәйкес келу-келмеуiнiң нәтижесiнде пайда болып отыратын психикалық процестiң түрiн сезiм деп атайды. Қажеттердiң түрлi жағдайларға байланысты түрлiше өтелуi адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезiмдердi туғызып жек көрушiлiк, шошыну, абыржу, наздану, iш пысу, зерiгу т. б. осындай сезiмдер мен эмоциялардың сан алуан түрлерi.
Сезiмдер — өте күрделi психикалық процестердiң бiрi. Сезiмдер адамның тiршiлiк қажетiне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрiнедi. Адам сезiмдерi тарихи-әлеуметтiк сипатта болады. Демек, адамның өмiрi қоғамға байланысты, оның әрекетi де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезiмдерi де қоғамдық сипатта болып, сезiмнiң мазмұнын қоғамдық болмыс белгiлеп отырады. Сезiмдерден эмоцияларды айыра бiлу қажет.
Сезiмдердi эмоциялардан дұрыс айыра бiлмеушiлiк, бұл екеуiнiң мәнiн бiрдей деп ұғу, кейде қате түсiнiктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсiнiк жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуi мүмкiн. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейiмделу көрiнiсiнен, әр түрлi шартсыз рефлекстердiң тiзбегiнен немесе инстинктерiнен байқалады.
Сезiмдер мен эмоциялардың бiрнеше сапалық ерекшелiктерi бар. Олардың сапасын көрсететiн осындай ерекшелiктерiнiң бiрiн — қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсiну, сүйсiнбеу, көңiлдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы се-кiлдi сапалар өз ара екi полюскс ажырасып, бiрiне-бiрi қарама-қарсы мағынада болады.
Сезiмдердiң екiншi ерекшелiгi — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлiнуiнсн көрiнедi. Адамға күш берiп, әрекетке ұмтылдыратын, көтерiңкi сезiмдер мен эмоциялар-ды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерiн астеникалық деп атайды. Бiрiншiсiне: жауапкершiлiк, жолдастық, достық, айбаттылық т. б. жатса, екiншiсiне: уайым, енжарлық, көңiлсiздiк т. б. ссзiмдер жатады. Бұл жерде мынадай бiр жағдай есте болсын. Түрлi нақтылы жағдайлардың ретiне қарай адамдарда бiр сезiмнiң өзi бiрде қуатты, бiрде әлсiз болып көрiнуi мүмкiн. Мәселен, қорқыныш сезiмi кейде бiр адамның буынын босатып, пәрменсiз етсе, ендi бiрде қауiп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күштi сезiм) ауысуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет