Психология менің өмірімде және кәсібімде



Дата05.03.2023
өлшемі13,96 Kb.
#71753
Байланысты:
Сандыбаева Жансая сөж 1 (105 группа инфо-роб) (копия)


Психология менің өмірімде және кәсібімде

Қазіргі уақытта ең сұранысқа ие ғылымдардың бірі психологияның да маңызы күннен күнге артуда. Психология – адамның жан дүниесі мен рухани болмысын зерттейтіні бәрімізге мәлім. Яғни, ол – сезімдер мен іс-әрекеттердің, мінез-құлық пен ақыл-ойдың көрінісі. Психологияны білетін адам өмірін өзі қалағандай жарқын етуге және барлық армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сол себепті, өміріміздің барлық тармақтарында психологияның маңызы зор.
Ал, менің өмірімде психологияның маңызы қандай?
Қазіргі жастардың көбі психология жайлы біледі және қызығады. Мен де солардың қатарынан боламын. Адамдармен қарым-қатынас, өзіңді бар болмысыңмен қабылдай алу, балалық травмалар, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас жайлы тақырыптарға тереңірек үңілген едім. Тіпті психологиядағы «визуализация», «аффирмация» деген терминдерді ислам дінгегімен ұштастырып зерттеп бастадым, маған осы тақырыптар өте қызық болды және шын жүрегіммен сендім. Осы тақырыптарды үйрене отыра психологияның одан да басқа салаларын зерттеуге болатынына көзім жетті.
Жалпы алғанда, психология менің өмірімде маңызды орын алады және болашақта да солай болады деп ойлаймын. Әрине, әр алған білімімді исламмен байланыстыра отырып тәжірибе жүзінде іске асырып отыруға тырысамын. Психология арқылы шешілмей жүрген мәлелердің шешімін тауып, күрмеуі қиын сұрақтардың жауабын алдым. Айта кететіндерім ата-ананы кешу, балалық травмалармен күрес, өз-өзіңді жақсы көру. Өзімнің ішкі әлеміме бойлай отырып, сыртқы әлемімдегі көп нәрсені жақсы жағына қарай өзгерттім. Психология өз-өзімді танып, қабылдауыма және отбасыммен, туыстарыммен қарым-қатынасымды нығайтуға көмектесті.
Алдағы уақытта психология менің кәсібіме де көмегін тигізетініне сенемін. Менің мамандығым адамдармен, әсіресе жас балалармен әрдайым тікелей байланыста 
болғандықтан, психологиядағы «адамзат баласымен тиімді қарым-қатынас орнатуды» үйрену де артық етпейді. Менің ойымша, болашақ кәсібімде психология пайдасын тигізбесе, зиянын келтірмейді.
Меніңше, көпшілік «психолог» деген сөзден қорықпай, психологияға біраз бет бұрса олардың жеке өмірлері мен кәсіптері рет-ретімен болатыны сөзсіз. Қорытындылай келе, психологияның менің өмірімде және кәсібімде өзіндік маңызды орны бар екенін түсіндім. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет