Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу) қабылданған. Сөйлеу – тілдестік байланыстың ең өнімді әмбебап құралы, себебі мұның жәрдемімен берілген ақпарат мағыналық толықтығын жоғалтпайды.
Вербалды тілдесуге «қосымша» ретінде паралингвистикалық жәнеэкстралингвистикалық белгілер жүйесі де қолданылады. Паралингвистикалық қосымшалар – бұл дауыс ырғағы, сапасы, әуені, кеңдігі, тембр, тон.