Вербалды емес тілдесуде ең алдымен көру – қозғалыс жүйесіне байланысты өз ішіне ым- ишара, пантомимика т.б. қамтыған белгілер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерінің (бет, бас, қол ұшы, иық, т.б.) жалпы қозғалысқа келуі адамның көңіл-күй көрінісін беріп, тілдестік қатынасқа көркем-көріктік нәр береді. Ал бұл ишара белгілер әр түрлі мәдениет иелерінде, яғни әр түрлі ұлт өкілдерінде бірдей емес.
Визуалды қатынас («көз байланысы»)
Көз қарасы, оның бағыты, көз қатынасының жиілігі – вербалды емес қатынастың тағы бір құрылымы. Сөйлесіп отырған адамның көзқарасының бағыты байланысты қайта құруға көмектеседі. Көзқарас, сонымен қатар, түсінушілік үшін қолданылады.