Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, біз психиканың дамуын зерттегенде:
Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, біз психиканың дамуын зерттегенде:
1. Осы пәннің, зерттейтін объектісін. 2. Адамның іс-әрекетін, түрлерін негіз етіп аламыз. 3. Адамның өзін дамуы мен, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз.
Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын төмендегіше жіктейміз:
1. Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы.
Тәлім-тәрбие (педагогикадық) психологиясы
Тәлім-тәрбие (педагогикадық) психологиясы
Бұл пәннің зерттейтіні, адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де щұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар:
а) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерің оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады.
ә) Тәрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінін психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа мұгалімдер психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбилеу мәселелерін қамтиды.