ІІ. бөлім Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы
Елестетуді дамыту жолдары
Біздің елесті есте қалдырғанымыздың біршама бөлігі ғана есте ұзақ уақыт, кейде бүкіл өмір
бойы сақталады. Игерілгендердің көпшілігі бірте-бірте ұмытылады, өйткені бұрын болған
тітіркендіргіштер енді қайталанып отырмайды. Сондықтан игерілгенді ойда сақтау үшін оны
қайталап тұру керек. Толық түсінбей сөзбе-сөз жатталынған материалға қарағанда, жақсы
ұғынған материал елестері есте жақсы сақталады.
Есте сақтауда кейде ерекше бір құбылыс болатыны байқалады: жаттап алынған материал
бірден ойға түспейді, біраз уақыттан кейін (бір-екі күннен соң не онан да көбірек) жақсы ойға
түседі. Меңгерілген материал бұл уақыттың ішінде ми қыртысында орнығып, оны еске түсіру
оңайланатын сияқты болады. Мұның бірқатар себебі — тиісті ми қыртысы клеткаларының
шаршауынан болуы керек. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін ол жоғалады, ми қыртысында
жаңадан қажетті қозулар туады, тиісті нерв байланыстары жасалады.
Егер мектеп оқушысына оқу материалдарын меңгергеннен кейін басқа бір, бірақ алдыңғыға
ұқсас материалдың елесін есте қалдыру тапсырылса (мысалы, әдебиеттен кейін тарих
сабағымен шұғылданатын болса), онда ұқсас материалды есте қалдыру қиынырақ болады.
Күшті қоздыру туғызатын кейінгі белсенді іс-әрекет те бұрынғы материалды толық немесе
бірсыпыралап ұмыттырады. Мұның себебі — кейінгі іс әрекеттің елесін есте қалдырудың
нәтижесінде ми қыртысында қалған «іздерді» өшіретін сияқты болады.
Түс кезінде үйреніп, ұйықтар алдында және ертемен оянғасын қайталанған материал елесі
есте жақсы сақталады. Мұның себебі — ұйқы кезінде игерілгенді естен ығыстырып,
өшіретіндей күшті әсерлер болмайды.
Біз игерілген елесті есте берік және ұзақ уақыт сақтаудың қажеттігі туралы айтамыз. Бірақ
мұнан адам өмірінде ұмытудың тек теріс салдары ғана болады деген сөз шықпайды. Егер біз
ешқашан да ешнәрсені ұмытпайтын болсақ, онда біздің миымыз керегі жоқ хабарлармен толы
болар еді, жаңа, пайдалы байланыстардың жасалуын қиындатар еді. Ұмыту бізге белгілі бір
дәрежеде маңызы бар нәрселердің елесін есте сақтауға мүмкіндік береді. Елесті жаңғырту
және тану. Біздің қабылдағанымыздың немесе жасағанымыздың көбі біздің тарапымыздан көп
күш жұмсамай-ақ еріксіз еске түседі (жаң-ғыртылады). Мысалы, оқушы тарихты оқи отырып,
өзі бұрын оқыған тарихи романды еске түсіреді. Бұл еріксіз (немесе байқаусыз) елесті
жаңғырту болып табылады.
Бірақ көбінесе біз кейбір нәрселерді еске түсіруге бірқатар күш саламыз. Мысалы, оқушы
Пифагордың теоремасын бірден есіне түсіре алмайды. Ол оқулықта көрсетілген чертежді есіне
түсіруге тырысады, әңгіме тік бұрышты үш бұрыш жөнінде, оның жақтарындағы квадрат т.с.с.
жөнінде болып отырған елесін еске алады. Ақырында барып оған теорема мазмұнының елесін
еске түсіруге мүмкіндік болады. Бұл — ерікті (немесе әдейі) елесті жаңғыртудың мысалы.
Әсіресе оқу жұмысында көбінесе осылай етуге тура келеді.
Адамнан белгілі бір күш салуды талап ететін едәуір ерік күшіне байланысты жаңғыртуы елесті
еске түсіруі деп аталады. Бұл ойдың белсенді жұмыс істеуін керек етеді, егер еске түсірілмек
затты не құбылысты қабылдаған кездегі жағдайларды, фактілерді қайта жаңғыртсақ, бұл
онша қиын болмайды.
Елесті тану қайта жаңғыртудың ерекше формасы болып табылады. Бұл қайта қабылдау
кезінде болады. Мысалы, біз көшеде өзімізге қарсы келе жатқан адамды көреміз. Біз онымен
бұрын бір жерде кездескен сияқтымыз. Ол бізге: «Саламатсыз ба!» дейді. Енді біз оның
даусынан өткен жылы демалыс үйінде онымен бірге болғанымызды білеміз.
Елесті тану да еріксіз және ерікті болады. Жаңғыртуға қарағанда елесті тану процесі әдетте
оңайырақ болады, өйткені ол қайта қабылдауға сүйенеді. Сондықтан, еске түсіргенде, біз
кейде тануды да пайдаланамыз. Танысымыздың атын ұмытып қалып, біз ойымызша бірнеше
аттарды: Петя, Ваня, Сережа т. б. айтамыз. Өзімізше «Қоля» дейміз де, таныс адамның атын
табамыз.
Бірақ елесті тану есте қалдырудың толықтығының және беріктігінің критерийі (өлшемі) бола
алмайды. Кейде оқушылар оқу материалын қайталап оқуда оны өздері игеріп алған сияқты
болады. Шындығында олар бұл материалды біліп қана отыр. Оқушыларға материалды кітапқа
қарамай айтуға тура келгенде, оларға бұл материалдың елесін есте қалдырудың әлі қашық
жатқанын біледі. Сондықтан елесті есте қалдырудың сапасын тек қайта жаңғыртудан ғана
білуге болады.
Елестің сапасы. Елестің сапасына мыналар жатады: а) адамнын белгілі бір уақытқа дейін есте
сақтауға қабілеті бар заттардың немесе фактілердің саны, яғни көлемі; б) жаңғырту дәлдігі; в)
елесті есте қалдырудың шапшаңдығы; г) игерілгеннің ойда сақтауда ұзақтығы; д) елестің
дайын екендігі, яғни керектілердің елесін тез еске түсіре білу.
Бұл көрсетілген қасиеттердің бәрі жеткілікті дамыған адам елесті келеді. Бірақ бұл біршама
сирек болады. Әдетте адамдарда елестің бірқатар сапалары жақсы дамыған да, екінші
біреулері нашар дамиды. Кейбіреулердің елесінің көлемі үлкен болады, бірақ есте сақтауы
баяу болады, материалды тез ұмытады, екіншілері біршама азғантай материалды тез үйреніп
алады, бірақ оны жеткілікті дәл жаңғырта (елесін есіне түсіре) алмайды.
Елестің түрлері. Игерудің және жаңғыртудың ерекшеліктеріне
қарай елестің бірнеше түрлері болады. Мысалы, қала сыртында
болған экскурсияның елесін еске түсіре отырып, өзіміз көрген заттардың,
өзіміз болған уақиғалардың бейнелерін көз алдымызға елестетеміз. Бұл — образды елес.
Мұнда бірінші сигнал системасы үлкен роль атқарады.
Экскурсоводтың түсіндірмелерін, онымен әңгімелескенімізді, зкскурсия жөнінде
жолдастарымызбен пікір алысқанымыздың елесін еске ала отырып, біз мағыналық, немесе
сөзлогикалық елесті, яғни ойды сөзбен айту жөніндегі елесті пайдаланамыз.
Бұл елес екі сигнал системасының өзара әрекетіне, екінші сигнал системасының басым
болуына сүйенеді.
Егер біз досымыздың басына түскен бақытсыздықтың елесін еске түсірсек, мұнда біз тағы да
тіпті қайғыра түссек, онда бұл — эмоциялық елестің немесе елестің сезімде пайда болғаны
болып табылады. Біздің іс-әрекетіміздің бірсыпырасын — ерте бала кезімізде есте қалдырған,
дағдыланған қозғалыстар (жүріс-тұрыс, жүгіру, тілдің, көмейдің қозғалысын керек ететін
дыбыс шығарулар т. с. с).
Қозғалысқа құрылған елесті моторлық немесе қозғалыс елесі деп атайды.
Жеке адамның қасиеті ретінде елестің ерекшеліктері адамның қабілетінің дамуына, іс-
әрекетіне ықпал жасайды. Елесі нашар дамыған адамдар, елесін есте күшті ұстайтын
адамдарға қарағанда, оқу материалын игеруге көп уақыт, көп күш жұмсайды. Көптеген
мамандықтарда елесті есте сақтай білу жақсы болуы керек.
Адамдарды игерген елестерін есте қалдырып, ойда сақтауына (елес сапасына) қарай төрт
топқа бөлуге болады: а) тез және берік елесті есте қалдыратын, көпке дейін ұмытпайтын
адамдар; б) материалды игеруі тез бірақ берік емес, тез ұмытатын; в) баяу елесті есте
қалдыратын, бірақ игергендерін көп уақытқа дейін ұмытпайтын; г) баяу игеретін және тез
ұмытатын (елесі неғұрлым нашар) адамдар.
Адамдардың арасында әдетте анализаторларының игеру процесіне және есте қалған
материалдың елесін жаңғырту процесіне көбірек қатысуында айырма болады. Мысалы,
кейбіреулерге елесті есте қал-дыру үшін затты қалайда көзімен көруі немесе ол туралы
жазғанды өзі оқуы керек. Материалды жаңғыртқанда бұл адамдар оқылған текстіні көзімен
көріп отырғандай болады, сөз басылған беттер салынған суреттер оның есінде болады.
Мұндай адамдарда елестің көзбен көру типі үлкен роль атқарады.
Екінші біреулер елесті еске сақтау керек болатын текстіні дауыстап оқығанда жақсы игеріп
алады. Оны жаңғыртқанда олар бұл текстіні оқыған адамды естіп тұрғандай болып, соның
ізімен қайталайды. Бұларда елестің есту типі жақсы дамыған.
Кейбіреулерге материалды есте қалдыруға әр түрлі қозғалыстар көмектеседі; мұндай адамдар
шетел сөзін жаттағанда оны бармағымен столға немесе ауаға жазуға тырысады. Бұл
адамдарда елестің қозғалыс немесе моторлық типі жақсы дамыған.
Егер адамда есте қалдырудың және жаңғыртудың белгілі бір типінің басым болуы оны тиісті іс-
әрекетке неғұрлым жарамды ететін болса, өз тарапынан белгілі бір мамандық оған керекті
елестің типін дамытуға көмектеседі. Сондықтан суретшілерде елестің көбінесе көзбен көру
типі, музыканттарда елестің есту типі жақсы дамыған болып келеді. Елестің моторлық типі
спортшыларда жақсы дамыған болады.
Тиісті мамандығына байланысты елестің бір типі ерекше күшті дамыған адамдар да кездеседі.
Мысалы, Рахманиновтың консерваторияда студент болған кезіндегі мынандай бір жағдай
әңгімеленеді. Бір күні оның оқытушысы Танеевке өзінің жаңа шығармасын ойнап беруге
композитор Глазунов келеді. Рахманиновтың музыкалық есінің ерекше күшті екендігін білетін
Танеев әзілдеп шәкіртін көршілес бөлмеге қаман қояды. Глазунов өзі шығарған күрделі
музыкалық пьесасын ойнайды. Біраз уақыттан кейін Рахманинов кіреді. Глазуновпен
сәлемдесіп болғаннан кейін, ол рояль жанына отыра салады да, композитордың жаңағы жаңа
шығармасын ойнайды.
Адамдардың едәуір көпшілігінде елестің аралас типі дамыған болып келеді, бұларда елесті
есте қалдырудың көру, есту және моторлық типтерінің элементтері ұштасып жатады.
Жақсы елесті есте қалдырудың кейбір шарттары
Ұмытшақпын деп өзін-өзі кінәлайтын адамдар көбінесе жәй елесті есте сақтай білмейді және
жақсы елесті есте қалдырудың қажетті шарттарын есепке алмайды.
Оқу материалын тез және ұзақ уакытқа елесті есте сақтаудың манызды шарты — есте
сақтайтындарына ықылас қою және ма-териалды игеру, жаңғырту процесіне зейін аудару. А.
С. Пушкин поэзияға үлкен ықылас аударған. Өлеңді ол өте жақсы көріп, беріліп оқитын болған,
сондықтан оны жақсы есте сақтайды екен. Пушкинге кейбір өлең жазылған кітап бетін бір-екі
рет оқыса болғаны, енді ол бұл өлеңді жатқа айтып беретін болған. Поэтикалық шығарманың
елесін есте қалдыруда Владимир Маяковскийдің қабілеті де ерекше күшті болған».
Елесті есте қалдыруда сезімнің маңызы зор. Адамның селсоқ, нем кетті қарайтынынан гөрі
қуанышпен, қайғы-мұңмен, ашумен байланысты нәрселердіңғ елесі көбіне есте жақсы
сакталады. Жақсы елесті есте қалдырудың маңызды бір шарты — игеретін нәрсені жақсы
түсіну. Егер есте қалуға керекті ойлар оқушыға айқын болмаса, ол бұларды механикалық
түрде, сөзбе-сөз жаттайды; мұндай оқу жұмысы оның ой-өрісінің дамуына тек зиян жасайды,
ал бұлай етіп жатталынған сөздер тез ұмытылады.
Өзінің алдыңа ұзақ уақыт ұмытылмайтын етіп, жақсы игеру керек деген міндет қоюдың да
маңызы үлкен. Егер оқушы сабақты ертең мұғаліміне жауап беру үшін (ал кейін бәрін ұмыту
үшін) оқитын болса, әдетте мұндай мақсатпен үйренгендер адам есінен тез-ақ шығып кетеді.
Ал егер мектеп оқушысы бұл материалды ұзақ уақыт есте сақтау қажет, өйткені ол өмірде
керек болады деген оймен оқыса, мұндай материалды адам неғұрлым тез, жақсы игереді. Бір
экспериментте бір топ оқушылар қиындық жағынан бірдей екі әдеби текстің үзіндісін оқиды,
оларға бірінші үзінді ертең, екіншісі бір аптадан кейін сұралады деп айтылған. Бірақ екі үзінді
де екі аптадан кейін сұралды. Бірінші үзіндіні оқушылар түгелінен ұмытқан, өйткені оларда
мұны ұзақ уақыт есте сақтаудың (ертеңге дейін) керегі жоқ деген еріксіз ұғым туады, ал
екінші үзінді олардың есінде жақсы сақталған (мұнда оларда ұзақ уақытқа дейін ұмытпау
керек деген ой болған).
Оқу материалын игеріп алу үшін елестерді есте қалдыруды адамның ойлауды, белсенділікті
керек ететін іс-әрекетімен ұштасты-
рудың маңызы үлкен. Егер оқушы елесті есте сақтау процесінде
басқа материалдармен салыстырса, қорытып қорытынды жаса-
са, бұл жағдайларда игеру процесі ерекше болады, сондықтан да ойдағыдай болып шығады.
Мынадай тәжірибе өткізілген. Оқушыларға әрқайсысы емленің белгілі бір ережесіне арналып
құралған сөйлемдерді оқып шығуға тапсырма берілген. Балалардан бұл сөйлемдердің қандай
ережелер үшін берілгенін сұрайды. Мұнан кейін олар осы ережеге өздері сөйлемдер жазуға
тиісті болды. Бірнеше күннен кейін оқушылар ол сөйлемдердің бәрін қалай есте сақтағанын
білуге көңіл аударылады.
Дайын түрінде берілген сөйлемдерге қарағанда оқушылардың өздері ойлаған сөйлемдерінің
елесін есте үш есе жақсы сақтағаны анықталды.
Материалды игеруге керекті оқу пәні жөнінде оқушылардың бұрыннан білімі болуы оны жақсы
есте қалдыруға көмектеседі, өйткені жаңа материалды бұрыннан белгілі материалмен
байланыстыру оңай болады және ол берік те болады.
Елесті есте қалдыру — еңбек, кейде қиынға түсетін еңбек, сондықтан оқу материалын
игерудің маңызды шарты — табандылық және еңбекте қажымау, оны жарты жолда қалдырып
қоймай, толық және берік есте қалатындай етіп игеру. Бұл — ерік сапасы, мұнсыз елеулі ой
жұмысымен шұғылдану мүмкін емес.
|