Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..3—5
І. бөлім Елестетудің психологиялық-физиологиялық сипаттары
1.1 Елестетуге психологиялық сипаттама………………………………………………6-7
1.2 Елестетудің физиологиялық сипаты………………………………………………7-9
1.3. Ассоцациялық заңдылықтың елестетудегі орны мен маңызы…10-13
ІІ. Бөлім Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы
2.1 Елестетуді дамыту жолдары………………………………………………………..14-20
2.2 Қиял елестету және оны дамыту жолдары…………………………………20-24
2.3 Ес елестері…………………………………………………………………………………….25-27
Қорытынды………………………………………………………………………………………28-29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..30-31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары
біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен
құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз.
Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен
театрды да және
өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз.
Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың
бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ
әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау
келеді, одан толықтығы кемірек
болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті
солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп
жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл
суретті салуда мықтап қиналады, оған
себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің
қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек
кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады.
Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір
нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл
бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз.
Біздің көбімізде елестер
көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да
кездеседі. Суретшілер мен жазушылардың елестері айқынырақ келеді. Курстық құмыс
тақырыбы:
«Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы»
Қайта жаңғырту процесі елеспен тыгыз байланысты. Өйткені өткендегіні қайта жаңғырту түрлі
елестермен негізделе жарыққа шығып отырады.
Елесті түйсікпен қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуге болады. Елес арқылы адам заттар
мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей алуға мүмкіндік алады. И. М. Сеченов оны
«Заттық ойлау» деп өте дұрыс анықтаған.
Елес — заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік,
басты белгілерін
көрсететін ой-тәсілдеріне (анализ, синтез, салыстыру т. б.) көшуге, оның менің танып, білуге
көмектеседі. Демек, белгілі бір зат жөнінде елесіміз болса ғана, оның ерекшелігін не үшін
қажеттігін тезірек ұғынамыз да, еске жақсы сақтай аламыз.
Елестердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне ұқсас. Мәселен, адам заттың
түсін, пішінің, көлемін көру елестері арқылы: музыкалық шығармаларды, таныс адамның
даусын, иттің үргенің,
сиырдың мәңірегенің, мысықтың мияулағанын есту елестері арқылы; ал
жусан, әтір, сабынды иіс елестері арқылы, мақпалды, тасты, тікенек шөпті сипай-сезу елестері
арқылы ажыратамыз. Біздің елестеріміз — жеке қабылдаулардың жалпылауынын нәтижесі.
Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болатындығына қарай
жалпы, жеке болып екіге
бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді
жалпы елестер дейді. Мәселен,
адамның өзен туралы
елесі — жалпы елес. Сырдария өзені — жеке елес болады.
Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Мәселен, баланы оқуға,
жазуға үйрету анық дәл елестерсіз мүмкін емес. Егер оқушыда әріптердің жазылуы жөнінде
анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет.
Баланың зат жөніндегі елестері анық болса ғана, ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады.
Елестер қабылдаулардың негізінде қалыптасып отырады. Сондыкқтан баланың қабылдауы
толық болса ғана елестері де толық болады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсенің кейін қажет
болатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мәселен, оқушы
табиғаттану сабағында үй қояндары
туралы мәлімет алғанда, кейін мұны жатка салатыны
ескертілсе, баланың байқауы тереңірек болып, елесіне жаксы тірек болады. Баланың елестерін
дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру қажет. Мәселен, сурет сабағында алдымен
салынатын затқа баланың зейінін аударып, кейін одан жатқа сол затты салуды талап етсе
және осындай әдісті бірнеше рет қайталаса, баланың көру елесі дами түседі.
Төменгі сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ой-өрісі әлі жетілмегендіктен, затты
жалпылай алу қабілеті нашар болады. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып, балада нақтылы
елестердің мол болуын ойластыруы тиіс. Мұнсыз жоғары сыныпқа барғанда балаға оқу
материалдарын ұғыну қиынға түседі. Мектепке түскен балалардың елес қорының түрліше
болып келуі оның отбасыдан алған телім-тәрбиесіне де байланысты. Егер үйде баланың ақыл-
ойының дамуына жеткілікті көңіл бөлінген болса, мұндай баланың әр нәрседен хабары бар
болып келеді де, оқуға алғыр болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып
отыру, оларды оқу әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата-аналардың
естерінде болуы тиіс.