Психология педагогика және және и



Pdf көрінісі
бет114/172
Дата17.02.2023
өлшемі12,4 Mb.
#68848
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   172
Педагогика, психология жǩне білім беру тарихы – История педагогики, психологии и образования
Батыс Еуропадағы диаспора болса, негізі-
нен сол Түркияға көшкен қазақтардың ұрпақ-
тары. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 
Түркия азаматтары ретінде жұмысшы болып 
келген. Қазіргі уақытта барлығының дерлік 
Түрік паспортымен қатар, тұрып жатқан 
елдерінің (Ұлыбритания, Швеция жǩне Нор-
вегия) азаматтығы да бар. Даниядағылар бол-
са, 1980 ж. Ауғанстаннан көшіп келген отан-
дастар, олар Дания азаматтығын алды.
Түркиядағы Ниғде провинциясындағы Ал-
тай ауылында тұратын Атайхан Білгін бол-
са осы көштің басы қасында Халифа Алтай 
секілді белсенділер қатарында болған жǩне 
ағылшын тілін меңгеріп, пǩкістандықтармен 
келіссөздер жүргізген. Каюм Кесиджидің 
мақаласында жүгінген осы ақсақалдың ǩңгі-
мелері болып табылады. Осы екі ақсақалдың 
өмірі келер ұрпаққа үлгіге толы. Жат жерде 
азаматтықтары жоқ, құқықтары жоқ бауыр-
ларымен жергілікті билік өкілдерімен олар-
дың тілінде келіссөздер өткізіп, жан пида 
белсенділік көрсеткен. Сондай-ақ, Х.Алтай-
дың Пǩкістаннан Түркияға көшуде бǩрін 
түгендеп болғаннан кейін, соңғы топпен бірге 
көшкені – азаматтық белгісі.
Елшілікке 
қарасты 
мемлекеттердегі 
(Ұлы бри тания, Швеция, Норвегия жǩне Да-
ния) қазақ диаспоралары өмір сүріп жатқан 
елде рінде 
ассоциацияларда 
ұйымдасқан 
(Ара ларындағы мықтысы Швецияның Ва-
стерос қаласындағы қазақтар). Бұл ассоциа-
циялар қайырымдылық-қолдаушылық ұйым-
дар ретінде құрылып, жұмыс істеуде.
Түркиядан 
Ұлыбританияға 
қазақтар 
1980-жыл дардың бастарында келе бастаған 
жǩне қазір шамамен 45 отбасы бар. Ұлыбри-
тания дағы Қазақ Ассоциациясының төрағасы 
– Исмаил Кесиджи.
Швецияда 57, ал Норвегияда 3 отбасы 
қазақ тұрады. Швециядағы қазақтардың 
шоғыр ланған жері – Вастерос қаласында
(130 мың халқы бар) 40 шақты қазақ отба-
сы (200-ден астам кісі) тұрып жатыр. Шве-
ция мен Норвегиядағы қазақтардың алды 
1960-жылдардың ортасында жұмысшы ретін-
де Түркиядан келіп, енді міне 3-ұрпақ тары 
осы жерде дүниеге келіп жатыр. Өзара біріге 
отырып, Швециядағы Қазақ мǩдени ассоциа-
циясын құрып, ұйымдасқан бауырларымыз 
қазіргі таңда осы қаладағы бұрынғы шіркеу 
ғимаратын сатып алып, мешітке айнал-
дырған жǩне осы жерде жастардың рухани 
тǩрбиесіне мǩн беруде. Ассоциация жастар-
дан фольклорлық би тобын құрып, Стокгольм 
жǩне басқа да қалаларда өтетін салтанатты 
шараларға қатысуда. Сонымен бірге, Вастерос 
қазақтары «Kazakiska» командасын құрып, 
жылда Швеция футбол федера циясының ли-
гасында сайысқа түсе бастады (Швециядағы 
футбол сезоны ауа-райы шарттарына байла-
нысты Қазақстандағыдай көктемде баста-
лып, күзде аяқталады). Вастерос қаласының 
мǩслихатында Мұрат Ерміш атты бауырымыз 
депутат болып сайланған.
Жалпы алғанда шеттегі диаспора арасын-
дағы жоғары білім алғандардың саны салы-
стырмалы түрде төмен болып отыр. Көбіне 
диаспора жастары орта біліммен төменгі, 
біліктілік қажет етпейтін жұмыстарды (жүргі-
зуші, ресторан қызметкері, т.с.с.) істеуге кірі-
сіп кетеді. Осы орайда Швециядағы Қазақ 
мǩдени ассоциациясы 20-ға жуық жас өс-
пірім ге 
университетке 
түсудің 
пайдасы 
жǩне жоғары білім алғаннан кейін жұмыс қа 
тұрудың жолы, методологиясы (CV дайын дау, 
емтихандарға ǩзірлік, ықтимал қиын дық тарды 
жеңу жолдары т.б.) туралы мотивациялық се-
минарлар ұйымдастырып, оған жоғары білімді 
өз араларынан шыққан IBM, Bombardier, 
ABB секілді компанияларда менеджер, ин-
женер болып жұмыс істеп жүрген жастарды 
лекция оқуға шақыруда. Швециядағы жал-
пы жұмыссыздар ара-қатынасының 8 пайыз 
екенін ескерер болсақ жасөспірімдерге жөн 
көрсету шараларының маңызы айтарлықтай.
Қорыта келгенде, соңғы уақыттарда Батыс 
Еуропадағы ағайын арасында оқудың қан ша-
лықты маңызды екенінің түсінігі артып келеді.
Шетелдерде тұратын отандастарды қол-
дауға арналған жыл сайынғы Ел басының Жол-
дауы мен мемлекеттік бағдарламасын іске асы-
ру жөніндегі СІМ іс-шаралар жоспарын бекіту 
туралы ҚР Сыртқы істер министрінің №08-
1/157 бұйрығын орындау шеңберінде жолда-
нады жǩне еліміз егемендігін алған алғашқы 
жылдан бастап белгіленген шетелден келетін 
қазақтар санына байланысты Квотаны жүзеге 


142
ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2015
асыруда көптеген шаралар қолданыла отырып 
жүзеге асырылды. Елімізде халықтың санын 
көбейтуге байланысты негізгі шаралардың 
барлығы Мемлекет тарапынан қойыла оты-
рып оны жүзеге асыру бағытында көптеген 
қосымша құқықтық құжаттар негізінде жүзеге 
асырып жатыр. Жалпы еліміздегі көші- 
қон процесі ХХ ғасырдың аяғынан бастап 
шиеленісіп кетті, ішкі миграция, сыртқы ми-
грация мен халықаралық миграциялар бағыты 
мен мөлшері жыл сайын өзгерістерге ұшырап 
отыр. Егемендігіміздің алғашқы жылдарында 
көшіп келушілерге ерекше көңіл бөлінді, мем-
лекет тарапынан жеткілікті квота бөлінді, ел 
болып сырттан келіп жатқан қандастарымызды 
құшақ жая қарсы алып жаттық. 
Бірақ, осы көшіп келген отандастарымызға 
өзінің туған жеріне келгенде көптеген қиын-
шылықтар мен кедергілер кездесті. Олардың 
қатарында − азаматтық алу мǩселесі, жұмыс-
пен қамту, тұрғын үй мǩселесі. Ерекше мǩселе 
қатарына жатқан: шетелде жүргенде бір жерде 
бірге тұрған қазақ отбасыларының елге келген-
де ǩр жаққа, ǩр облыстарға бөліп, шашы ратып 
тұруы олардың жаңа жерлерге үйренуіне жǩне 
өзара қатынастарына бөгет болды. Елімізге 
кейінгі кезде сырттан қандастарымыздың 
келуі азайып отыр. Оған ǩсер етуші көптеген 
факторлар бар, соның ішіндегі негізгісі ол 
ǩлеуметтік фактор болып табылады. 
Шетелде жүрген отандастарымыз өз тіл-
дерімен, өзінің салттарын ұмытпау үшін біз 
шетелдегі қазақ диаспорасымен елшіліктер 
арқылы байланысымызды жандандыра оты-
рып, олардың елге еркін келіп кетуіне мүм-
кіндік жасауымыз керек. Оларға шетелдер 
сияқты екі азаматтық беру мǩселесін қарас-
тырса да болады. Шетелдегі қазақтардың 
көпшілігінің өз кǩсіптері бар, оларды елімізге 
инвестиция салуға жǩне жастарды өз істеріне 
үйрету жағына, немесе шетелдегі оқып 
жатқан жастар мен қазақ диаспорасы жаста-
ры арасындағы байланыстарды жақсарта оты-
рып, қазақ балаларының елге келіп отандары-
мен танысуына жǩне жаз мерзімдерінде қазақ 
ауылдарына апарып кең қазақ даласының 
өмірі мен салтын көрсете отырып олардың 
өз отандарымен, елімен, туған жерімен таны-
стыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін мем-
лекет тарапынан «Нұр Отан» партиясының 
Жастар қанаты қолға алса жǩне ол Көші-қон 
Департаменті арқылы белгілі бағдарламамен 
жүзеге асырылып отырса, белгілі бір нǩтиже 
беретініне сенеміз. Сонда біз өзіміздің от-
андастарымызбен байланысымызды одан 
да ары жақсарта аламыз. Енді өмірге келіп 
жатқан шетелдегі қазақ диаспораларының 
ұрпақтары өз тілдері мен салттарын, елін, 
жерін ұмытпайды жǩне өзінің қазақ елінің 
азаматы, өз Отаны мен туған елі, жері бар 
екендігін мақтаныш етері анық. 
Шетелдерге қоныс аударып қазіргі уақыт-
та елімізден тысқары өмір сүріп жатқан қан-
дастарымыздың өткен тарихымен таныса 
отырып біз олардың болашағы туралы да ой-
лануымыз керек. 
Қорыта келгенде, қазіргі кездерге дейін 
осы бағытта жүзеге асырылған шаралар-
ды ары қарай жалғастыра отырып қандаста-
рымыздың елімізбен байланысын дамыта 
отырып, өткен тарихты танып білуге қол 
жеткізуге Ел басының басшылығымен қол-
ға алынған Мемлекеттік «Халық тарих тол-
қы нында» бағдарлама негізінде еліміздің 
тарихындағы «ақ таңдақтарды» зерттеуге 
ерекше көңіл бөле бермекпіз.
ůДЕБИЕТТЕР
1 Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстане 
на рубеже ХХІ века: основные тенденции и 
перспективы. − Алма-Ата, 2001. – С. 260.
2 Гольдин Г.Г. Международная миграция: 
зарубежный опыт и Россия. − М., 1998. – 121 с.
3 ҚР Лондондағы Елшілігінің деректік 
құжаттары. − Лондон, 2003. − 15б.
4 Азимбай Гали. Демографические и ми-
грационные ресурсы этнической идентифи-
кации в Казахстане. В кн. «Проблема госу-
дарственной и национальной идентичности в 
Казахстане». − Алматы, 1998. − С. 8-9.
5 Миграционные процессы после распада 
СССР. − М.,1994.-235. вып.5.
6 Рустемов Н.Т. Стратегия развития соци-
альной сферы Казахстана. − Алматы, 2002. − 
116.
7 Миграционная ситуация в странах СНГ. – 
М.: Комплекс-прогресс, 1999. – 288 с.


143
Тǩрбие мǩселелері – Вопросы воспитания
А.А. КАЛЫБЕКОВА, А.Б. АЙТЖАНОВА
Южно-Казахстанкий государственный университет им. М.Ауезова
г.Шымкент, Казахстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет