«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2023


Түрткілерді мақсатқа жылжыту механизмі



бет17/67
Дата25.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#127756
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

Түрткілерді мақсатқа жылжыту механизмі баланың өмірінің алғашқы жылдарында жұмыс істей бастайды, балаға мінез-құлық өлшемдерін дағдыландыру кезінде нені істеуге болады, ал нені болмайтыны: «шәйнекті ұстама – ол ыстық» түсіндірілетін кезде қалыптасады. Бірақ, бала бұл шәйнектің ыстық немесе суық екенін өзі ұстап көрмейінше, ұқпайды, демек, тек өлшемдер ғана емес, сондай-ақ ережелер де қалыптасады.
Мектепке дейінгі жастағы балада жанама мінез-құлық – тікелей импульстар емес, ережелер, талаптар және өлшемдермен бағытталатын іс-әрекеттер қалыптаса бастайды.
Баланың мінез-құлқының тек сырт келбетінде ғана емес, сондай-ақ оның түрткілық сферасында өзгерістер байқалады. Түрткілық сферадағы өзгерістер баланың қандай да бір сәттен бастап дұрыс істеуінен өзі ләззат ала бастайтынынан көрінеді. Бұл әсіресе, жоғары мектепке дейінгі және кіші мектеп жасында ерекше байқалады.
Тұлғаны тәрбиелеу, егер ол дұрыс эмоциялық реңде (балаға сүйіспеншілік, мейірімділік, бірақ сонымен қатар талап ету) өтсе ғана жемісін береді. Сонда бала үшін ата-ананың талаптары тұлғалық мағынаға толы болады, өйткені анасымен болу – бала үшін қуаныш.
Осылайша, конфликттер «тұқымқуалаумен» беріліп, ата-аналардың генетикалық жанұясынан өзінікіне өте алады, яғни ұрпақтан-ұрпаққа беріле алады. Осы сияқты тұқымқуалаған конфликттер мен мәселелердің шынайылығы психологтар мен дәрігерлермен мойындалады. Ч.К. Тойчтың генетикалық амалы өмірбаянның шынайы фактілерін ол адамның ерте жастағы тәрбиесінің, сонымен қатар басқа да фактілерін, яғни оның ата-анасының, әжелерінің, аталарының, аға-апаларының ерекшеліктерін талдай отырып, тұрақты, тұқымқуалайтын, мінез-құлықтың қайталанатын таптауырыны, қайталанатын отбасылық мәселелері мен конфликтілері, өзіндік ерекшелігі бар «генетикалық код»-ты анықтау, сол сияқты тұқымқуалаған конфликттер мен мәселелерді шығарып және саналы түрде түсінуге жол береді.
Ч. Тойч виктимологияның негізін салғандардың бірі, ол (ағылш. Victum – құрбан) адам – көп жағдайда генетикалық кодтың және өз ата-бабаларының мәселелерінің садағасы болады, ол еріксіз өз ата-бабаларының қателерін және шешілмеген мәселелерін қайталайды деп бекітеді. Егер де бұл мәселелер оның өмірінде шешілмеген болса, олар балаларына, немерелеріне өтеді, яғни оның бәрі соңына дейін шешілмейінше қайталана береді. Генетикалық кодты, жанұялардың жағымсыз қайталанатын мінез-құлықтық паттерндерді (мысалы, қайталанатын маскүнемдік – атасы, әкесі, баласы, немересі маскүнемдікке бейім; немесе барлық әйелдер руда ұрпақтан ұрпаққа күйеуге есеппен шығатын, яғни олар тұрмыста бақытсыз болады) тәжірибелік әрекеттердің нақты жоспарының жүзеге асырылуы мен өңделуімен қоса саналы түрде осы паттерндері де бастан кешіру адамға әр түрлі аспектілерде өз өмірін жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі.
Тойч өзінің 30-жылдық терапиялық тәжірибесімен НІБ - адамның тағдыры нақты қадамды жоспарын, жағымсыз отбасы-генетикалық кодтың, өмір өнімділігінің, жұмысының, денсаулық деңгейінің жоғарылауының кемелдену бағдарламасының жүзеге асуы бойынша түсіну мен саналы түрде бағытталатын жүйелік іс - әрекет жолымен өзгерілуі мүмкін екенін дәлелдеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет