«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2023



бет1/67
Дата25.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#127756
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ




ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


«ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
дәрістен ҚЫСҚАША КОНСПЕКТ


Алматы, 2023
Дәріс 1. Кіріспе. Жалпы психология пәні, мақсаты оның міндеттері мен әдістері, салалары
Мазмұны:



  • Психология пәні

  • Психология пәнін анықтау негізінде құрылған психологиялық ағымдар

  • Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері, салалары

Психология ғылымының пәні туралы ойлар әлі күнге дейін нақты емес. Психологтардың көбі өздерінің зерттеу пәні ретінде психикалық процестерді (ойлау, есте сақтау, сезім және т.б.) қарастырады. Ал, кей жағдайларда психологияның пәні ретінде тұлға туралы, адам туралы айтылады. Психология пәніне қатысты айтылған бұл екі ықпал толық қанағаттандырылмайды, өйткені жоғарыда айтылғандардың барлығын басқа да көптеген ғылымдар зерттейді. Психологияның мәселелерін және оның айналыспайтын сұрақтарын нақты ажыратып алу үшін өте дәл ғылыми ұғымдар қажет. Ал бұл өз кезегінде психологтың шешіп беруіне тиіс барлық психологияның міндеттерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.


Психология ғылымының пәні туралы нақты ашық көзқарастың болмауы эксперименттік зерттеулерді танып-білуде қиындық туғызады. Психологтардың тәжірибелік жұмыстарының сәтті болуы үшін психология пәнін түсіну өте қажет және аса маңызды. Психологтардың адаммен жұмыс жасайтын өзге мамандармен (медицина қызметкерлері, педагогтар және т.б.) салыстырғанда атқаратын міндеттері күрделі.
Пән туралы сұрақ психикалық құбылыстардың механизмдерін зерттеу үшін де маңызды. Зерттеушілердің кейбірі осы механизмдерді ми физиологиясынан іздестіреді. Ал басқалары болса, объектілер арасындағы қатынастарды басқарып жүретін заңдылықтарды зерттейді.
Гуманистік психология ғылыми психологиядан алшақтап, басты рөлді адамның жеке тәжірибесіне бағыттайды. Гуманистік психологтардың пікірінше, адам өзін-өзі бағалай алады және өзінің тұлға ретінде дамуына жол таба алады (өзін-өзі таныту). Бұндай тұрғыдан келудегі субъективтілік адамның өзі туралы ойы мен оның шын мәніндегі жағдайы арасында айырмашылықты орнатуды қиындатады. Осы тұрғыдан келу идеясы психологиялық тәжірибе үшін пайдалы болады, бірақ психология теориясына ешқандай үлес қоспады. Оған қоса, осы бағыт аясында зерттеу пәні тіпті жоғалып та кеткен.
Кеңес психологиясының негізінде іс-әрекеттік бағыт жатыр. Бұл бағыт іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде және сыртқы тәжірибелік формаларынан туындайтын іс-әрекет сияқты психика мен сананы қарастырады. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясының психологиядағы жүйелік-іс-әрекеттік тұрғының қалыптасуындағы рөлі адамның мәдени-тарихи дамуының негізі болып іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі табылатыны жөніндегі тезиспен анықталады. Іс-әрекет теориясының бастаулары: В.М.Бехтеревтің объективті рефлексологиясы; К.Н.Корниловтың реактологиясы; Дж.Уотсонның бихевиоризмі; Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.
Бұл орайда, бүкіл отандық психологиядағы психикалық құбылыстарды зерттеудің іс-әрекеттік тұрғысы зор мәнге ие. Осы бағытты дамытқан А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейннің мектептері. Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі алғаш рет Рубинштейнмен 1934 жылы құрастырылды, онда психикалық бейнелену, яғни сана белсенді іс-әрекетпен байланысты туындайды, және де іс- әрекет арқылы жүзеге асады жүзеге асады және анықталады. Бұл принципке сәйкес, сана іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қалыптасады
Л.С. Выготский бойынша жоғары психикалық функциялардың дамуы адамның жоғары нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретін және бастапқы, қарапайым функцияларды сапалы түрде өзгертетін психологиялық құралдар болып табылатын ерекше сыртқы тәсілдерді құрудан тұрады (іс-әрекет – бұл құралдарды шығару мен пайдаланумен байланысты болатын мәдени мінез-құлық).
Іс-әрекеттік теорияның негізгі түсініктеріне іс-әрекет, сана және тұлға жатады. Бұл түсініктерде қандай мағына жатқанын анықтап, олардың құрылымын қарастырайық.
Адам іс-әрекеті күрделі иерархиялық құрылымға ие. Ол бірнеше деңгейлерден тұрады. Жоғарғы деңгей – іс-әрекеттің ерекше түрлерінің деңгейі, содан кейін әрекет деңгейі, содан соң – операциялар деңгейі. Ал ең төменгі деңгей – психофизиологиялық функциялар деңгейі.
Іс-әрекетті талдаудың негізгі бірлігі болып отырған әрекет осы иерархиялық құрылымда орталық орын алады. Әрекет – мақсатты жүзеге асыруға бағытталған процесс. Бұл жерде мақсат – саналы бейне екеніне бірден көңіл бөлу керек. Белгілі іс-әрекетті орындай отырып, адам үнемі осы бейнені өз санасында ұстап отырады. Осылайша, әрекет дегеніміз – адам белсенділігінің саналы көрінісі.
Үшіншіден, іс-әрекеттің психологиялық теориясы әрекет түсінігі арқылы реактивтік принципті қарсы қойып, белсенділік принципін енгізеді. “Белсенділік” пен “реактивтік” ұғымдарының айырмашылығы неде? “Реактивтік” ұғымы жауап әрекеті мен белгілі ынталандыруға(стимулға) әсер етуді білдіреді.
Төртіншіден, “әрекет” ұғымы адамның іс-әрекетін заттық және әлеуметтік әлемге шығарады. Іс-әрекеттің мақсаты тамақ табу сияқты тек қана биологиялық мағынаға ғана ие болып қоймай, биологиялық мәнмен байланысы жоқ әлеуметтік қарым-қатынас орнатуға да бағытталуы мүмкін.
Талдаудың негізгі бөлшегі ретіндегі “әрекет” ұғымының сипаттамаларына сүйене отырып, іс-әрекеттің психологиялық теориясының негізгі принциптері қалыптасады:

  1. Сана – өзін тұйықталған құбылыс ретінде қарастырыла алмайды, сондықтан да сана іс-әрекетте көріну керек.

  2. Мінез-құлықты адам санасынан бөліп қарастыруға болмайды.

  3. Іс-әрекет – бұл белсенді, белгілі мақсатқа бағытталған процесс (сана мен мінез-құлық арасындағы байланыс принципі).

  4. Адам іс-әрекеті заттық болып келеді; олардың мақсаты әлеуметтік сипатқа ие (адам іс-әрекетінің заттылығы және оның әлеуметтік негіздемесінің принципі).

Әрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі бөлшек. Осындай жағдай әрбір әрекеттің мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты әрқырлы ғана емес, сонымен қатар үлкен көлемді болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар –өз алдына ұсақ мақсаттарға бөлінеді.
Енді әрбір әрекет әртүрлі жолдармен орындалатынына көңіл аудару керек, яғни әртүрлі тәсілдермен орындалады. Әрекетті орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әртүрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекттің мүмкіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан да мақсат іс-әрекет теориясында міндет деп аталады.
Міндетке байланысты операция әртүрлі әрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл әрекеттер өз алдына ұсақ әрекеттерге бөліне алады.Осылайша, операциялар – іс-әрекеттің ірірек бірліктері.
Операцияның басты қасиеті олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді. Әрекеттен операцияның айырмашылығы сонда. Жалпы айтқанда, операция деңгейі – ол автоматтық әрекеттер мен дағды деңгейі. Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын саналы іс-әрекеттің автоматтандырылған компоненттерін жатқызамыз. Басынан бастап автоматтандырылған әрекеттерге қарағанда (мысалы рефлекторлық қимылдар) ұзақ жаттығулар арқасында дағды автоматтандырылған болады. Сондықтан операциялардың екі түрі болады: бірінші түріне бейімделу арқылы пайда болған операцияны жатқызамыз. Ал екінші түріне – автоматизацияның арқасында дағдыға айналып, санасыз әрекеттер процестеріне өтіп кеткен саналы әрекеттерді жатқызуға болады. Бірінші түр айтарлықтай сезілмейді, ал екіншілері сана шекарасында тұрады.
Жоғары айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: операция мен әрекеттер арасында айқын шекараны бөлу қиынға соғады.
Енді іс-әрекет құрылымындағы үшінші, ең төменгі деңгейге өтелік – ол психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекет теориясында психофизиологиялық функциялар деп – психикалық процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Адам биоәлеуметтік организм болғандықтан, біз психикалық процестердің өтуін психикалық процестердің іске асу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін физиологиялық процесс деңгейлерінен бөліп қарастыра алмаймыз. Психикалық функциялардың көпшілігі организмнің бірнеше мүмкіндіктерінсіз жүзеге аспайды. Осындай мүмкіндіктерге түйсінуге қабілеттілікті, қозғалғыштық қабілеттілігін, өткен әсерлер мен іздерді бекіту мүмкіндігін жатқыза аламыз. Осы категорияға жүйке жүйесінің морфологиясында бекітілген және өмірдің алғашқы айларында туа пайда болған механизмдерді айта кету керек. Осы қабілеттер мен механизмдердің барлығы адамға туылған сәттен бастап беріледі, яғни олардың генетикалық шарттылығы бар.
Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы, көбінесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да қатысты.
Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымның жетістіктері тек осы әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ. ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты «ескі» ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.
Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті.
Субъективті әдістер сыналушылардың өзін-өзі бағалауына немесе олардың өзінше есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте дами бастады және қазір де жетілу үстінде. Бақылау, өзін-өзі бақылау және сауалнама психологиялық құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет