Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы



бет61/80
Дата04.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#79358
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80
Қорытынды
В. Франкл құндылықтар əлемін үшке бөліп көрсетеді. «Жасау» құндылығы (продуктивті шығармашылық əрекеттер барысында іске асады), «күйзеліс» (күйзелістің шарықтау шегінде іске асады) жəне «қарым-қатынас» (адам орналасқан позицияда іске асады). Осы категориялар арасында белгілі бір иерархия орнаған, ол иерархия адамның ресурстары мен мүмкіндіктеріне байланысты орын алады. Адам мүмкіндіктерінің азаюымен осы категориялар немесе топтар арасы қысқара береді. Алайда адамның ешбір мүмкіндігі немесе ресурсы болмаған жағдайда да, ол кез-келген уақытта осы құндылықтардың біреуіне қол жеткізе алады. Ал құндылығы бар өмір - мағынасыз өмір санатына жатқызылмайды, сондықтан адам өмірі мағынасының жоғалуы еш уақытта да мүмкін емес деп Франкл пайымдайды.
Адамды өмір мағынасын түсінуге үйретуге болады ма? Əр адамның өмірі қайталанбас болғандықтан, жалпыға ортақ мағына түсінігі жоқ. Дəл осы себеп өмір мағынасын іздеу процесін жеке, индивидуалды жəне сырт көзге көрінбейтін процеске айналдырады. Олай болса өмірдің ащы- тұзшысына көніккен адамдардың қалдырған ақыл-кеңестерін қайтеміз? Олар бізге дайын, ұғуға жеңіл алгоритмдер ретінде беріледі емес пе? Басқалардың қателігінде үйренуге болады деген пікір бар ғой. Бар мəселе кімге жəне кімнің қателіктерінде үйренуіне тура келетіндікте болып тұр. Бөгденің (соның ішінде жалпыға бірдей реттелген адам өмірі тəжірибесі) өмірлік тəжірибесін ұғу – адам өміріндегі ізденістер мен шешімдердің кері жолға түсуіне қауіп туғызады. Оны тек басқаларды ұғыну үшін қолдануға болады, тек өз тағдырыңа жақындатпасаң болғаны.
Сонымен қорыта келе, тұлғаның өмірлік мағынасын əр бағытта əр түрлі түсінеді жəне де əр адам өзінше тұжырымдайды, сол себептен «мағына» түсінігі кең ауқымды болып келеді. Əр тұлға өмірінде мағынасы терең жайттар болады. Өмір мағынасын іздемейтін адам болмайтын шығар, егер де белгілі құндылықтарға ие адамда мағына бар деп ұғынамыз. Бір адамға мағынасы мол болса, басқа адамға ол жай қарапайым болып көрінуі мүмкін, сол себептен мағынаны адамдар өзінше бағалайды жəне саналайды. Өмір мағынасына əр тұлға субъективті баға береді, адамның өз өмірінің бағытын түсіну, өмірдегі өз орнын анықтау, алдыға қойған мақсаттары нақтыланады.

  1. Кәсіби тұрғыдан өзін – өзі анықтау

  2. Кәсіби құндылықтар түсінігінің мазмұны

  3. Кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі

  4. Кәсіби даму түсінігі

  5. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет