Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы



бет1/80
Дата04.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#79358
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Дәрістер тезистері



ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Психология пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы мідеттері.
2. Психологияның негізгі салалары.
3. Психологияның әдіснамалық пинциптері, зерттеу әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы

  1. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты танып білуге болады. Осы мәселенiң ғылыми тұрғыда олардың заңдылықтарын психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. «Психология» терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi «псюхе»-«жан», екiншiсi «логос» - «iлiм», сонымен, бұл сөз «жан туралы iлiм» деген ұғымды бiлдiредi. Бiрақ, психолгияны «жан туралы iлiм» демей, психика туралы ғылым деп түсiнген дұрыс. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы дiншiлдiк нанымдар мен кейбiр буржуазиялық көзқарастарда насихатталып келген түсiнiктер бойынша адамда тәннен тәуелсiз «жан» болады, мәңгi-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тiршiлiгiн ойының, сезiмiнiң, еркiнiң иесi себепшiсi дейді. Жан туралы осындай жалған түсiнiктiң пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсiне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан бөлек тұратын ерекше бiр сиқырлы күш бар, ал жан соның бiр көрiнiсi, ұйқы кезiнде ол денеден уақытша шығып кетедi де, адам ояанған кезде қайтып келедi, егер келмей қалса, адам өледi деп тұжырымдайды. Жан туралы осындай анимистiк барлық нәрседе жан бар дейтiн терiс түсiнiк, пiкiрлер кейбiр тайпалардың арасында күнi бүгiнге дейiн кездеседi. Адамның жан дүниесiн, психикалық құбылыстарды түсiну екi түрлi ой, екi түрлi бағыт туғызды. Олардың бiрi идеалистер табиғат, дүние идеадан кейiн жаратылған десе, бұған қарама-қарсы ғылым өкiлдерi материалистер, материя алғашқы, ал сана соңғы ол материядан туады деп түсiндiредi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет