2. Психологиялық денсаулықты қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану ХІХ ғасырдың басым дидактикалық жүйесінің бірі- денсаулықты сақтау педагогикасы. Оның технологиялық негізі оқытудың денсаулықты сақтау технологияларын пайдалану және денсаулыққа зиян келтірмей оқытуды ұйымдастырудың тәсіл, форма, әдістерінің жиынтығы болып айқындалады. Адам өз өмірінің көп уақытын білім беру мекемелерінде өткізеді, сондықтан оқушының денсаулықты құндылық қатынас ретінде ұғынуы үшін педагогтың рөлі зор болып табылады. Денсаулықты сақтау технологиялары оқушының психикалық денсаулығын қамтамасыз етуге арналған және сыныптың ерекшелігін есепке алу, сабақтағы қолайлы жағдайды қалыптастыру, оқу материалына деген қызығушылықты сақтап отыру, гиподинамияның алдын алу, іс-әрекеттің әр түрін орындау, оқытудағы сәттілікті арттыру [1]. Әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық даму технологиясы (САЛРТ) – оқушының денсаулығын қалыптастыру, тұлғаны психологиялық қалыптастыру. Психологиялық денсаулық» терминін И.В.Дубровина енгізді, ол психологиялық денсаулықты психикалық денсаулықтың психологиялық аспектісі ретінде, яғни тұлғаның рухани дамуымен көрінуіне байланысты түсіндіреді [2]. Психологиялық денсаулық:
Адамның жас ерекшелік, әлеуметтік, мәдени (бала немесе ересек, мұғалім немесе менеджер, қазақ немесе араб) рольдерді адекватты орындауы;
Адамның үздіксіз даму мүмкіншілігін қамтамасыз ету; Психологиялық денсаулықтың құрылымы.
Аксиологиялық;
Инструменталдық;
Қажеттілік-мотивациялық.
Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай алуы)
Инструменталдық – рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және өзгелердің эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы).
Қажеттілік-мотивациялық – өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу). Психологиялық қолдау көрсету формасын айқындау үшін норма және психологиялық денсаулық көрсеткішін қарастыруымыз қажет. Норма адамның қоршаған ортаға бейімделуімен және оны өз қажеттілігіне сәйкес бейімдей алу іскерлігімен айқындалады. Осы жоғарыдағы норма ұғымының анықтамасына сәйкес психологиялық денсаулық деңгейі былай айқындалады:
Жоғары деңгейі – креативтілік тұлғаның психологиялық көмекті қажет етпеуі. (ортаға тұрақты бейімделе алуы, стрестік жағдаяттардан шыға алуы, қоршаған әлемге белсенді, шығармашылық қатынасының болуы)
Орташа деңгей – бейімделу алдын-алу, дамыту бағытындағы топтық жұмысты ұйымдастыру. (социумге бейімделе алуы, үрейленудің басым болуы).
Төменгі деңгей – бейімделеалмаушылық мінез-құлықтың ассимилятивтік-аккомодативтік стилінде индивидуалдық психологиялық көмекті қажетсінудің (мінез-құлықтың ассимилятивтік стилі өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне залал тудыра отырып қоршаған ортаға бейімделуге тырысуы, мінез-құлықтың аккомодативтік стилі - өзгелерді бағындыруға тырысуы) маңызды болуы;
Мектептегі оқушылардың күші мен қуаты сабақ барысында әлсірейді, сондықтан психолог эмоциялық қалыпты реттеуге үнемі көмектесуі керек. Психолог төмендегі мәселелерді шешуі қажет,олар:
- Психоэмоциялық және соматикалық тынышталуына , қиналысты жоюға, жан дүниесінің, жүйке жүйесінің, психикасының қызметінің ретке келуіне мүмкіндік беру;
- Тұлғаның қарым-қатынасындағы проблемаларды шешуге көмектесу;
- Эмоциялық, ақпараттық, оқу, физиологиялық стресті жою техникаларын пайдалану;
Тұлғаның өзіне жағымды қатынасты қалыптастыру; -
Еңбекке қабілеттілікті қолдау және оны сақтауға үйрету;
- Тұлғаның өзіндік рефлексиясын дамыту;
- Тұлғаның лидерлік қасиетін дамыту ;
- Қызметте сәттілікке жетуді үйрету; -
Қызметте эмоцияны сақтауды үйрету;
Тұлғаның ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; -
Мінездің іскерлік жағын;
- Өзінің және өзгенің эмоциялық жағдайын ұғыну мен қабылдау іскерлігін дамыту;
- «Бодифлекс» әдісі пайдалану арқылы оқушылардың күш қуатын арттыру және ақыл- ой іс-әрекетін белсендіру;
- Сумен шынықтыру тәсілдерін үйрету;
- Тыныс алу жаттығуларын үйрету . Тау етегінде, орманда, су жағалауында теріс иондар – аэроиондар өте көп, оларды біз «ауа дәрумендері» деп атаймыз. Денсаулықты нығайту үшін олармен тыныстай білуге үйрету. Психологиялық денсаулық бөлмесін ұйымдастыру қажет, өйткені ол адамның психологиялық және физиологиялық жағдайына ықпал ететін ерекше орын. Қазіргі танда әр адамның соматикалық және психикалық денсаулығына негативті ықпалдар әсер етіп, оны дағдарыстық жағдаятқа түсіруде, ал психологиялық денсаулық бөлмесі эмоциялық қалыпты реттеп, психологиялық үйлесімділіктің дамуына жағдай туғызады.
- Бұл бөлмені кез-келген білім беру мекемесінде ашу қажет, өйткені мұғалім, оқытушы мен қызметкерлерді басқару көптеген күш-қуаттың жұмсалуына алып келеді.Мұғалімдер, оқытушылар мен қызметкерлер өзгелерге қолайсыздық туғызбай-ақ өзінің ашуы мен ызасын сыртқа шығарып, көңіл-күйін, эмоциялық жағдайын жақсарта алады.
- Ең бірінші бұл бөлмеде музыка үнемі ойнап тұруы қажет және ол жағдаятқа байланысты өзгеріп отырғаны абзал ( табиғат үнін, құстың сайрағанын тыңдау ). Ауадағы көбікті түтікшелер көңіл- күйді жақсартады, ал түрлі-түсті проекторлардан шыққан түрлі-түсті толқындар адам жағдайына позитивті ықпал етеді.
- Бір-екі кресло және бірнеше орындықтар, сонымен қатар топтық сеанстар үшін кілемде төселінуі қажет[3]. - Оқушының психологиялық денсаулығын қалыптастыруда мектептегі психологиялық кабинеттің де маңызы зор .
Мектептегі психологиялық кабинет психологиялық стресті әлсіретіп, қолайсыз жағдаяттарға қарсы тұрып, позитивті қуатты игеруге, психокоррекция мен психологиялық кеңес беруге арналған болып табылады және релаксациялық музыка кітапханасын жинақтау, ауадағы көбікті түтікшелерді және арнаулы оң әсер ететін жарық құрылымын орналастыру қажет. Оқушылардың психологиялық денсаулығын қалыптастыру үшін педагогикалық үдерісте төмендегідей жұмыстар жүруі қажет: