9-Дәріс. Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану
Дәрістің жоспары:
1.Психологиядағы лидер мәселесі 2.Басшы және лидер
3.Лидердің
психологиялық портреті
Түйін сөздер: лидерлік, басшы және лидердің айырмашылығы, лидердің психологиялық портреті
Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айыруға болады. Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды және олар өкілеттікті қолға алып, ресми түрде әрекет істейді.
Жалпы лидер келесі компоненттер негізінде туындайды: эмоциялық,
іскерлік, ақпараттық.
Эмоциялық лидер топ жүрегі. Іскерлік лидер топ қолы.
Ақпараттық лидер топ миы.
Лидер белгілі бір мақсатқа жету үшін адамдарды біріктіре алуға қабілетті.
Лидер қасиеттері: интеллегентілік, инициатива, өзіне деген сенімділік,
шешім шығара алу, көрегендік, мотивациялық қабілеттер.
Басшы биліктің әр түрін қолданады: қысымға негізделген билік, марапаттауға негізделген билік,
эксперттік билік, эталонды немесе үлгі билігіғ заңды билік.
Жетекшілік теориялары:
Р. Бейлз лидерлік рөлдер теориясы. Яғни жетекшінің белгілі бір рөл атқаруы.
Қырлар теориясы яғни жетекші адамның жаратылысынан лидерлік қасиеттер (харизма құдай берген қасиет) болу керек.
Интерактивті теория әркеттестік нәтижесінде лидердің пайда болуы.
Ситуативті теория яғни жетекшілік белгілі бір жағдайдың арқасында пайда болады.
Бұл теория негізін салған Э.Фидлер. Ол лидерлік жағдайларға үш фактор әсер етеді деген.
жетекші мен қызметкер адамның арасындағы өзара қатынас.
Топқа қойылатын міндеттер құрылымы.
Билік күші.
5. Синтетикалық немесе комплекстік теория лидердің топқа, топтың лидерге әсер етуі.