Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы



бет19/67
Дата11.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#137138
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Байланысты:
Дәріс Модуль Психология

Дәрістің жоспары:
1.Эмоция психологиясындағы стрессттің негізгі мәселелерін талдау;
2.Стрессті психологиялық анықтау жолдары;
3.Стресс-менеджмент және өзіндік реттелу психологиясының негізгі сұрақтары.
Дәрістің мақсаты: Эмоция психологиясы негізінде стрессті талдау арқылы стресстік күй, стресстің психологиялық себептері, стрессті басқару және стресс-менеджмент, өзіндік анықталу ұғымдарын игеріп және стресс-менеджмент технологиялары арқылы тұлғалық дамуды қалыптастыру.
І. Құрметті оқырмандар, біз күнделікті өмірімізде көп еститін стресс, эмоция, стресс-менеджмент, адамның өз күйлерін өзі реттеуі сиякты сөздермен әркайсымыз міндетті түрде кездесіп отыратын кездеріміз аз емес. Мәселен, стресс күйі, стресске шыдамдылық, эмоциялық күйлер, стресс-менеджмент сияқты терминдер бәрімізге таныс. Алайда олардың психологиялық табиғаты неде, неге стресске түсеміз, онымен калай күресуге болады, жағымсыз, төменгі эмоциялык күйлерімізді калай реттейміз немесе өзімізге қалай көмектесе аламыз деген деген сұрактар біздерді мазалап жүреді.
Осыған байланысты бүгін өтетін дәрісіміз осы сұрақтардың шешімін психологиялық және практикалық аспектіде көптеген психологиялық ұсыныстармен таныстырып, әрбір оқырман үшін аса тиімді болатыны сөзсіз.
Өткен 3-дәрісте адамның эмоциялық әлемімен толык таныстық, енді сол дәрістің жалғасы ретінде біз енді стресс ұғымын түсінуге тырысайық.
Стресс жалпы ағылшын сөзі (stress-қысым туу, зорлану) – әртүрлі әсерлерге, төтенше (экстремалды) стрессорларға жауап ретінде зорланушылық күй кешуді айтамыз.
Стресс термині оны зерттейтін психология, биология, физиология, психофизиология сиякты ғылымдарға физикадан келді. Деформацияға ұшырататын материалды дененің күштерін іштей бөлу дегенді белгілеу үшін осы терминді колданды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары осы стресс сөзін енді тірі тіршілік иелеріне катысты айта бастады, мәселен ауру тудыра алатын зиянды экологиялық агент ретінде психикалық күш салу, зорлану деп түсіне бастады.
Енді осы стресске анықтамалар беру арқылы оның психологиялық мазмұнын ұғына бастаймыз.
Стресс ол адамның төніп тұрған бір қауіп-қатерге немесе оған бір ерекше қойылған талаптарға өте маңызды реакциясы. Стресс ол табиғи қорғаныс механизмі, соның арқасында біздегі қосымша энергиялар босатылады, әрекетке қосылады.
Стресстің негізгі екі нұсқасын айтуға болады, эустресс – стрессорлардың әрекетін қолайлы, орайлы, жағымды жеңе білу – ресурстар механизмдерін тұрақтандыру және ұлғайту; дистресс – стрессорлар әрекетін қолайсыз, жағымсыз жеңу – организмнің ресурстарының азаюы және денсаулықтың бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет