Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


Тәлім-тәрбие психологиясы



бет5/67
Дата11.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#137138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Дәріс Модуль Психология

Тәлім-тәрбие психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні адамды оқыту мен тәрбилеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеру мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастырды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
Жас кезеңдер психологиясы әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отырған азамматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынандай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы.
Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуы, судропсихология саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология нашар көретіңдер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
Еңбек психологиясы адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясының мақсаты, әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру.
Инженерлік психология бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономикадеп аталады. Бұл термин гректің«ергон» жұмыс, «номос» заң деген екі сөзінің бірігу нәтижесінде пайда болған.
Авияциялық психология ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істерді жай жапсарын, жалпы, адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет