Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы



бет51/67
Дата11.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#137138
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Байланысты:
Дәріс Модуль Психология

Коммуникацияның түрлері:
1.Ішкі коммуникация (мысалы, ұйымның ішіндегі кіші топтар) сол ұйымдағы адамдардың және кіші топтардың арасында ақпараттар алмасу;
2.Тік (Вертикалды) коммуникация олар әрі шығып бара жатқан және жоғары көтеріліп бара жатқан бағыттар бойынша өтеді (жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға). Солардың көмегімен мақсаттар, жоспарлар және олардың орындалуы бойынша нәтижелері беріледі, хабарланады;
3.Сыртқы коммуникация (сыртқы қоршағандар және сыртқы әлеммен байланыстар);
4.Көлденең (Горизонталды) коммуникация – ұйымдағы кіші бөлімшелер және қызметкерлердің арасында теңгерілген, тең құқылы коммуникация орнатылады;
5.Формалды коммуникация формалды құрылымдардың иерархиялық вертикалдары бойынша ақпараттарды беру;
6.Формалды емес коммуникация спонтанды, аяқ асты пайда болады ол жеке бастық және бағындырылмаған, тәртіптелмеген қатынастарға негізделеді;
7.Вербалды коммуникация – тілдік қарым-қатынас, ойлармен, ақпараттармен, эмоциялармен, әсерленулермен алмасу;
8.Вербалды емес коммуникация (мимика, ым шаралар, позалар) – тілдік емес құралдардың, белгілердің, символдардың жиынтығы арқылы ақпараттар алмасу.
Коммуникацияның функциялары:
1.Эмотивті;
2.Конативті;
3.Референтивті;
4.Поэтикалық;
5.Фатилік;
6.Метатілдік;
7.Аппелятивті – коммуникацияда үндеу жасау (обращение);
8.Репрезентативті-хабарлау (сообщение) .
Эмоцияның функцияларына жеке токталайық.
1.Эмотивті функциясы – коммуникативті жағдайларда негізгі рөлді атқарады, коммуникациямен келген хабарламаны түсіну үшін эмоцияны білдіру, автордың жеке пікірін, айтушының көзқарасын түсіну аса маңызды.
2.Конативті – коммуникаторлардың зейініне байланысты, адресатқа әсер ету, қаратпа жасау, талаптану, ниеттену ретінде қарау. Адресанттың басты міндеті адресатты сендіру, оның мінез-құлқын өзгерту, одан ақпарат алу, оның белсенділігіне әсер ету.
3.Референтивті – коммуникацияның контексіне жасалады, қарым-қатынастың пәні мен тақырыбына, дискурстың мазмұнына екпін жасалады.
4.Поэтикалық – хабарламаның мазмұнына емес, оның формасына зейін бағытталады, маңыздысы хабарламаны түсіну үшін не айтылды емес ол қалай айтылды дегенге мән беру маңызды.
5. Фатилік (фати грек сөзі «айтылған», ағылшынша «тіл актісі») – қарым-қатынасқа қатысушылардың арасындағы коммуникативті байланысты орнату және қолдап тұру. Коммуниканттардың мақсаты ол хабарлама беру, әңгімелесушіге әсер ету емес, қатынас орнату маңызды.
6.Мета тілдік-экспрессивтілік, комуникация кодына зейін койылады, коммуникативті жағдайлар қарым-қатынас ережелерін орнату немесе белгілер жүйесін жасау. Бұл функцияда коммуникацияда коммуникация процесі өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет