Түпкі түйін. Дәрісте айтылған практикалық бағдарланған бағытта берілген танымдық ақпараттарды корыта келе, барлық оқырмандарға ортақ келесі психологиялық кеңестерді ұсынуға болады:
ӨМІРЛІК ЕРЕЖЕЛЕР Шығыстың белгілі ойшылы Далай Лама жаңа мыңжылдықтың бастауында өмірдің 18 ережесін құрастырып шыққан екен. Сіз де біле жүріңіз:
1. Үлкен махаббат пен сәттіліктің үлкен тәуекелмен байланысты екенін назарыңыздан шығармаңыз.
2. Сіз жеңілген кезде, жинақталған тәжірибеден айырылып қалмайсыз.
3. Мына үш ереженің соңынан мәңгі еріп жүріңіз:
а) Өзіңді сыйла;
ә) Өзгені сыйла;
б) Өз істегенің үшін берілетін жауапкершіліктен қашпа.
4. Ұмытпаңыз, сіздің қалаған нәрсеңіз әрдайым қажет бола бермейді.
5. Дұрыс бұзу үшін ережелерді жаттап алу керек.
6. Ұсақ текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.
7. Қателескен болсаңыз – бірден түзету үшін әрекеттер жасаңыз.
8. Кейде оңаша қалып, өзіңді тыңдап тұру керек.
9. Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ, шекараны ешқашан бұзбаңыз.
10. Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.
11. Кейде адамдығыңды сақтап қалу үшін қатты қалаған нәрсеңнен бас тартуға тура келеді.
12. Сіз сүйетін, сізді сүйетін атмосфера – өміріңіздің негізін құрайды.
13. Пікірталас кезінде тек осы шақ туралы айтыңыз, өткенді қозғауға болмайды.
14. Біліміңізбен бөлісіңіз, бұл – өлместікке жетудің бір жолы.
15. Жер ананы аялаңыз, сүйіңіз.
16. Жылына бір рет әлі барып көрмеген жаңа жерлерге барып тұрыңыз.
17. Есіңізде болсын, кейде үнсіздік ең дұрыс жауап бола алады.
18. Қартайғанда еске алатын естеліктер болсын десеңіз, лайықты өмір сүріңіз.
Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз:
1-қорытынды: Әлеуметтік өзіндік анықталу тұлғаның бейімделуі мен кәсіптік тиімділікпен тұлғалық ұйымдасуы, әлеуметтенудің сәттілігі екі жақтың мүдделерінің сәйкес келуіне байланысты. Бұл сәйкестік әрқашан әлеуметтік ортада қалыптасуға әкеледі.Әлеуметтік ортада ресурстарды дұрыс пайдалана білу қоғамда «Мен» концепциясын нақтылауға әкеледі.