Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы



бет75/106
Дата04.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#79195
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   106
Байланысты:
Соңғы версия Дәрістер тезистері модуль

Денсаулық психологиясы
Психикалық деңгейдегі денсаулық – жеке тұлғалық көрсеткіш, жеке тұлғаның ерік-жігеріне, қажеттілік талабын және тұтыну сұранысын негіздеуіне, ақыл-ойының даму деңгейіне, қара басының қамы үшін өз денсаулығының құндылығын түсіне білуіне байланысты. Психикалық және әлеуметтік денсаулық деңгейлері адам қоғамында ғана қалыптасқандықтан өзара тығыз байланыста. Ауру-сырқау көп қоғамда толық дені сау адам болуы мүмкін емес. Қоршаған сыртқы табиғи орта мен әлеуметтік ортаның қолайсыз жағдайларын жеңе білген, өмір үшін арпалыста қиындықтарға төзіп, мақсатына жете білу үшін жеке тұлғаның саулығы жақсы болуы керек. Денсаулықтың жеке тұлғалық (психологиялық) компоненті адамның ілгерілей дамуына, өзінің биігірек қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылысы психикалық денсаулық белгісі ретінде қарастырылады. Психикалық денсаулық белгілерінің бірі – адамның өз міндетін біліктілігіне, қабілеттілігіне деген сеніммен тиімді әрі жоғары деңгейде орындау үрдісін толық қадағалай алуы болса, екіншісі – өзінің шиеленісу, зорлану деңгейін қалыпты күйде ұстау, тәуелсіз тіршілік ету мүмкіндігін сақтау үшін ақпаратты жедел өңдеп, шешім қабылдай алуы, қиын жағдайлардан тез шыға алуы. Эмоция (латынның Emovere – қоздыру, толқыту) сезім қуанышты немесе ашулы күй, адамның миында әлдебір қажеттілікпен оны қанағаттандыру мүмкіндігінің бейне кескіні қалыптасуы. Эмоциялық күй мен эмоция түрлерін топтауға болады. Жан толқынысы эмоциялары қуатына қарай екі түрде байқалады:
 Көңіл-күй
 Аффект, стресс
 Көңіл-күй – эмоционалдық көрініс ұзаққа созылатын жағдай. Дені сау адамда әдетте көңіл-күй көтеріңкі, ашық болады.
 Аффект (латынның Affectus – жан толқынысы) айқай, жылау, ретсіз қатты қимылдармен араласа жүретін қысқа мерзімді, өте күшті жан күйзелісі, көңіл-күй толқынысы: Қатты шошыну, сабасынан шыға ашулану, қатты күйзелу. Аффект ерікке толық бағына бермейтін, әдеттен тыс жағдайларда пайда болатын адам өзіне иелік ете алмаған жағдайда пайда болатын күйзеліс күйі.Эмоциялық толық денсаулыққа жету шарттары. Эмоциялық дені сау күйге адам туғанда ие болып туылады, өмір бойы сол күйді сақтауға үйренеді. А) Өзін-өзі тану, даму мен өсу барысында жетіледі. Адамның қайталанбас ерекшеліктері: жасы, жынысы, тегі, діні, мамандығы, қабілеті. Қызыға орындайтын ісі, адамдармен қарым-қатынас ерекшеліктері өмір бойы жетіледі. Дегенмен, қарқынды қалыптасу уақыты – жастық шақ. Б) Эмоциялық оң күй – адамдардың өзара сұхбаттасуы. Сұхбат кезінде, біріншіден, ұстаған жақ өз ойы мен сезімін анық, тура, түсінікті етіп жеткізе алуы қажет. Екіншіден, қарсы жақтың ойы мен сезімін түсіне, сыйлай білуі қажет. Айта білу мен тыңдай білу қатар жүрсе ғана тіл табысу жүзеге асады. «Өнер алды – қызыл тіл», «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады», «Айтылмаған сөз жетім», «Басқа пәле тілден» деген аталы сөздер өзара адами түсіністіктің бастауы. Жарасымды әзіл, орамды ой, мақал-мәтелмен, ырғақты ұйқаспен тұздықталған жалынды сөз. Тіл табысу – түсіністік пен бейбітшілік негізі.Жанға жайлы адами қарым-қатынастар жасай білу психикалық денсаулықтың басты оң көрінісі. «Жақсыда жаттық жоқ», «Ақырет күні көмек көршіден» деген нақыл сөздер де текке айтылмаған. Әуелі туған-туысқаныңа, достарыңа жан жылуын бере біл. Содан соң барлық адамға жылы жүзбен амандасу, қал-жағдайын сұрау, қолдан келер көмегіңді аямау адамдар арасындағы сыйластық пен сауап негізі. Сырлас дос, сыйлас жолдас, сенімді серік таба білу үшін ішкі ойларың мен жан сырыңды тілдесіп отырған жанға ол түсінеді немесе түсінбей қалады-ау деп бүкпесіз айта білу, тілегіңді ашық білдіру қажет. Өз қадіріңді алдымен өзің дұрыс бағалап, сезініп, өзіңді бағалау ұстанымдарын әрдайым жетілдіріп, жаңа сапалы деңгейге көтеріп отырған жөн. Сұхбаттасып, сыр ашуда досыңның кемшілігін бетіне басып, қатесін түзеу ойыңнан аулақ бол. Достық көңіліңді ауызша ғана емес, ісіңмен қиындық пен қуанышты кездерде көрсете білсең ғана қиын кезде сырласып, қайғыңды бөлісетін, қуанғанда қуанышыңды бірге көтерісетін жан жолдас таба аласын. Қажеттілік түрлері, сатылары. Қажеттілігі қанағаттандырылған тұлға сергек, қуанышты, болашаққа ықыласты, ал, қажеттілігі өтелмеген жан ашушаң, депрессия билеген (түңілген) агрессияға бейім келеді. Масалы: классификациясы бойынша қажеттіліктің қалыптасу сатылары төмендегідей:
 Физиологиялық қажеттілік. Қажеттілік белгілері – «Үш арсыз – ас, күлкі, ұйқы», бас амандығы және жыныстық қанағат.
 Қауіпсіздікке қажеттілік – қорғаныс, тәртіп, тұрақтылық, денсаулық, қартайған кездегі қамқорлыққа зәрулік. Сәбилерде осы қажеттілік басым болады.
 Әлеуметтік қажеттілік – сүю немесе сүйікті болу, дос табу, отбасын құру, әйтеуір, біреуге керекті болу
 Өз басының қадіріне жету, өзін-өзі сыйлауға қажеттелік – бұл жоғарғы сатыдағы қажеттілік, жеке тұлғаның өзінің дербес жетістіктерін жұртшылық пен қоршаған ортаның тануын тілеуі
 Жеке тұлғаның өзін-өзі кәдеге жаратуға және дамуға қажеттілігі, тіршіліктегі, әлемдегі өз орынын ой елегінен өткізу, өзінің мүмкіндігін барынша толық жүзеге асыру. Міне, бұл ең жоғарғы саналы қажеттілік болып табылады.Әрбір адам өз өмірінде сан алуан қиыншылықтар мен ауыртпашылықтарды, демек, күйзелістерді кездестіруі мүмкін. Оларға қарсы тұрып, қажымай, қайсарлық көрсетіп жеңе білу – үлкен өнер. Адам өмір қиындықтарына төселіп, шыңдалып жетіледі. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша барлық аурулардың 45 пайызы күйзеліске байланысты екен. Сондықтан, күйзелісті болдырмау, оның алдын алу, егер кездесе қалса оған қарсы тұра білу, өкінішке қарай, әркімнің қолынан келе бермейді. Мысалы, көк аспанды еркін шарлаған ұшқыштың базбір кезде жүйкесіне салмақ түсіп, қиналатыны бар. Өйткені – ол адам толы ұшақты аман-есен жерге қондыруға міндетті. Ем-доммен айналысатын медицина қызметкерлерінің қызметі де күйзеліске толы. Себебі, олардың жұмысы барысында әртүрлі оқыс оқиғалар, қайғылы қазалар көз алдында өтіп жатады. Адамның жүйкесі темір емес, өзінің жіберген диагностикалық немесе емдеу қателігі, оталау үстінде кездейсоқ асқыну оқиғасы орын алған сәт, кенет болған өлім дәрігерге болсын, мейіргерге болсын әр дәрежеде әсер етіп, күйзеліске ұрындыруы табиғи нәрсе. Өйткені – шындығын айту керек дәрігер, әсіресе хирургтар, акушер-гинекологтар, реаниматологтар өздерін әрдайым өткір пышақ жүзінде жүргендей сезінеді, аяқ астынан қателік болып күтпеген жайлар кездесуі мүмкін. Стресс – ағылшынның stress (ыза буу, булығу, кернеу) деген сөзінен шыққан. Стресс дегеніміз – ойламаған жағдайда адамның басына түскен қасірет-қайғыдан, үрей-қорқыныштан, күтпеген жайсыз оқиғаға байланысты немесе төтенше күшті әсерленуден адамның бойында пайда болатын шектен тыс тітіркену және оған жауап ретінде туындайтын көңіл-күй, сезім толғанысы (күйіну, ашыну, күйзелу, күйгелектік жағдай, ерекше шексіз қуану және т.б).
Стресстер жиі қайталанса организмде бұрынғы қалпы орынына келмейді, адам бойында дәрменсіздік белең алып берекесіздік, абыржу, тағдыр алдында әлсіздік бұлты қоюлана түсіп, қажып, мүжіледі. Соның әсерінен кейде әртүрлі психикалық аурулар пайда болуы мүмкін. Созылмалы стресс адамның көңіл-күйінің бұзылуына, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуіне, сылбырлықтың пайда болуына, ұйқысының бұзылып, адамның созылмалы шаршау синдромына әкеп соғады. 
Адамда мынандай проблемалар туындайды: қажу, ақыл – ойдың шаршауы, физикалық әлсіреу, сезімталдық, эмоцияналдық, жүйке қызметінің бұзылуы, жүрек қан тамыр жүйесі ауруы, ішкі секреция бездерінің ауруы, невроз, неврастения, қауіпті психикалық аурулар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет