Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз: 1-қорытынды: Имидж дегеніміз нақты бір адамның өзгелер психикасында қалдыратын бейнесі. Бұл бейне саналы немесе бейсаналы болуы мүмкін.
2-қорытынды: Тұлға имиджі ең алдымен оның «Мен» бейнесіне сәкес қалыптасады. Адамның «Мен» бейнесі оның «өз-өзіне» бағытталған бағдарлар (установки) жиынтығы. Олар когнитивті (өзі туралы пікір, ойлар), эмоционалды (өзіне эмоциялық баға беру: жағымды/жағымсыз) және іс-әрекеттік (өз-өзіне бағытталған іс-әрекеттік реакциялар) болып бөлінеді.
3-қорытынды: Жақсы танымал имидж қалыптастыру үшін, адам өзін-өзі позитивті бағалап, ішкі қасиеттерін сыртқы келбетімен үйлестіре білуі қажет. Ол үшін адам басқалар санасында өзі туралы қандай бейне қалыптастырғысы келетінін анықтап, мақсат қоя білуі қажет. Сол мақсатқа сәйкес сыртқы киім үлгісі мен жүріс-тұрыс сипаты анықталады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Төменде көрсетілген тұлға анықтамасының қайсысы психолог-ғалым С.Л.Рубинштейнге тиісті?
А) тұлға - бұл мәндік құрылымдар архитектаникасы
В) тұлға - бұл сыртқы әсерлерді өңдейтін ішкі жағдайлардың жиынтығы
С) тұлға - бұл әлеуметтік мінез-құлық стереотиптерінің жүйесі
D) тұлға - бұл әлеуметтену процесінің индивидуалданған нәтижесі
Е) тұлға - бұл әлеуметтену процесінің индивидуалданған нәтижесі
*****
Тұлға сипаттамасына тән емес:
А) жыныстық диморфизм мен мидың функционалдық асимметриясының болуы
В) бағыттылықтың және мотивтер жүйесінің бар болуы
С) терең мәндік құрылымдардың бар болуы
D)өз қатынасының сапалы болуы
Е)белсенділік және іс-әрекет бостандығына тырысу
***
Тұлға туралы психоанализ бағытында негізгі көрініске сәйкес келетіні:
А) тұлға- санадан тыс елігудің жиынтығы
В) тұлға - әлеуметтік қатынастардың субьектісі
С) тұлға - қоғам қатынастарға тәуелділік шарттасқан жүйе
D) тұлға - ерекше өмірлік рухани негіз
Е) тұлға -қоғамдық қатынастармен анықталатын тіршілік иесі
***
Тұлға туралы диспозициялық бағытында негізгі көрініске сәйкес келетіні:
А) тұлға-қоғам қатынастарға тәуелділік шарттасқан жүйе
В) тұлға-әлеуметтік қатынастардың субьектісі
С) тұлға-ерекше өмірлік рухани негіз
D) тұлға-санадан тыс әуестіктердің жиынтығы
Е) тұлға - қоғамдық қатынастармен анықталатын
Бақылау сұрақтары: Имидж түсінігі