Адам танымының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның өзі зерттейтін ерекше пәні болады. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні- психика.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Зерттеу обьектісі-адам. Психика -обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі.
Психология салалары
Жалпы психология
Еңбек
психологиясы
Жас кезеңдер
психологиясы
Педагогикалық
психология
Өнер
психологиясы
Әскери
психология
Денсаулық
психологиясы
Ғаламшар
психологиясы
Әлеуметтік
психология
Саналықтан тыс
психология
Инжинерлік
психология
Заң
психологиясы
Спорт
психологиясы
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты.
2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады.
3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.