Психологиялық қызмет мамандарының лауазымдық міндеттері Психологиялық қызмет жұмысындағы орта білім беру ұйымының басшысы


Психологиялық қызмет жұмысындағы педагог-психолог



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі42,66 Kb.
#113872
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
377 бұйрық жоспар

Психологиялық қызмет жұмысындағы педагог-психолог:
1) оқу жылына арналған жұмыс жоспарына және оқу жылының басында ата-аналар жиналысының хаттамасымен ресімделген ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің келісіміне сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді;
2) бақылаулар, тереңдетілген зерттеулер, ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден алынған мәліметтер, психологиялық қызмет және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарының қорытындылары мен ұсынымдарын зерделеу негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды және бағалайды;
3) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс жасау қағидаларының 14-тармағының 3 тармақшасына сәйкес мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар, деструктивті мінез-құлық түрлері, отбасындағы тәрбиенің және бала-ата-ана қатынастарының бұзылуы, ақпараттық ортаның теріс әсерлерінен туындаған тәуекелдері кезінде ата-аналарды және білім беру ұйымының әкімшілігін хабардар етеді;
4) әкімшіліктің сұранысы және ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің келісімі негізінде білім алушы мен тәрбиеленушінің тұлғасына психологиялық зерттеу жүргізеді, баланың психоэмоциялық жағдайына баға береді және қажет болған жағдайда уақтылы психологиялық көмек көрсету мақсатында жеке-дамыту сабақтарын өткізеді;
5) білім беру процесіне қатысушылармен психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысады және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытудың, дамытудың және әлеуметтендірудің тиімді тәсілдерін, әдістері мен технологияларын енгізуге жәрдемдеседі;
6) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің деструктивті мінез-құлқының туындауының профилактикасына қатысады және қажет болған жағдайда білім беру процесіне қатысушыларға тәрбие, оқыту, дамыту және әлеуметтендіру мәселелерінде көмек көрсету жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
7) сұраныс бойынша сынып жетекшісімен бірлесіп психологиялық-педагогикалық сипаттамалар мен психологиялық зерттеулер материалдары бойынша қорытындылар жасайды;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту, дамыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселелері бойынша білім беру процесіне қатысушыларға консультациялық көмек көрсетеді.
9) ғылыми негізделген әдістемелер мен технологияларды пайдалана отырып, білім алушылармен және тәрбиеленушілермен диагностикалық, жеке консультациялық, дамытушылық жұмыстың нысандары мен әдістерін айқындайды;
10) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық жай-күйінің өзгеру серпініне мониторинг жүргізеді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет