Психологиялық қызмет мамандарының лауазымдық міндеттері Психологиялық қызмет жұмысындағы орта білім беру ұйымының басшысы



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі42,66 Kb.
#113872
түріҚұрамы
  1   2   3   4


Психологиялық қызмет мамандарының лауазымдық міндеттері


Психологиялық қызмет жұмысындағы орта білім беру ұйымының басшысы:
1) психологиялық қызметтің жұмысы туралы бұйрық шығарады және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік сүйемелдеудің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітеді;
2) психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың құрамын және лауазымдық міндеттерін бекітеді;
3) психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың біліктілігін арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
4) психологиялық қызмет жұмысының және психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың жұмысы туралы талдамалық есепті тыңдайды және бекітеді;
5) тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
6) Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымы негізінде білім беру ұйымының басшысы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік сүйемелдеуге мұқтаж білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізімін, жеке оқу жоспарларын, мамандардың жеке даму бағдарламалары, жеке/бейімделген оқу бағдарламаларын қамтитын, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын бекітеді.

Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары, психологиялық қызмет жұмысында:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу бойынша психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесінде диагностикалық іс-шараларды жүргізу уақыты мен орнын айқындайды;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді сүйемелдеу нәтижелеріне, әлеуметтендіру, дамыту серпіні мен оқу жетістіктерінің тиімділігіне мониторинг жүргізеді;
3) психологиялық қызметтің мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қауымдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет