Психологиялық кеңес берудің қағидалары



Дата07.04.2023
өлшемі34,16 Kb.
#80179
түріКодекс
Байланысты:
10 практикалык сабак


Психологиялық кеңес берудің қағидалары
Көптеген психолог мамандар үшін оны ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологиялық ықпал саласында адамдармен тілелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Психологиялық көмек беру, коррекция жүргізу және психотерапия элементтерін пайдалану психологтың этикалық қағидаларына сай жүруі керек.Кейде психолог жұмысында күрделі оқиғалар орын алса,оның ішінде, қабылдау барысында кеңес беруші клиентке ассоциалды әрекет жасауды ойлап отырғаны туралы мәліметтер түссе, психолог баланың денесіне соққы мен жәбірлеудің іздерін түсірсе, немесе ата-ана өзінің тұықтық көрсеткен жеткіншекбаласына кеңес беру барысында руханижарақаттағаны туралы мәлімет алса және т.б. өрескел мінез көрсетілсе, психолог кәсіби жармсыз деп танылады. Кәсіби қағиғалар мен талаптарды орындамаупсихологтың дипломынан, тәжірибеленуші құығы мен өзінің кәсіби қызметінен босатылуына алып келуі мүмкін. Біздің елімізде психологиялық қызмет көрсету енді ғана орын алып келе жатқандықтан бұл шарттар әлі толық заңдастырылған жоқ. Дегенмен кәсіби серіктестің заңдастырылған лицензиясын алып, психолог ретінде қызмет көрсету тәжірибесі ұйымдастырылып келе жатқанымен байланысты рұқсат алу жолдары, психологиялық дайындықтың қалыптасқан жүйесі және т.б. сол секілді қажетті шарттары біртіндеп жүйелі салаға түсіп келе жатыр. Сондықтан психологиялық кеңес беру, коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А. Бодалев, В.В. Столин, т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:

  • қарым қатынас барысында клиентке тілектес болу.

  • Клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану.

  • Кеңес беруге тиім салу.

  • Кеңес берудің анонимділігі.

  • Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу.

  • Клиентті кеңес беру процесіне кірістіру.

  • Психологиялық кеңестен өтіп өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру.

  • Кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.

Қарым қатынас барысында клиентке тілектес болу.
Бұл тұжырымдаманың негізінде клиентті қабылдау кезінде оның өзін қалыпты және ыңғайлы сезінуге бағытталған кәсіби әрекеттің тұтас кешені жатыр. Тілектестік қарым-қатынас әрекеттің жалпы қабылданған нормаларын сақтау арқылы шағымданушының мұқтаждығын мұқият тыңдай білуді, қажетті псхологиялық көмек көрсету мақсатымен әрбір адамды түсіну мен көмек беруге тырысуды қарастырады. Әр клиентті психологтың қуанышпен күтіп алуы, жағдайын сұрастыруы, клиенттің айтқан барлық шағымдары мен күдік тудырған мәселелерін мұқият тыңдауы жіне оның төркінін түсінуге тырысуы маманға деген сенім тудырады. Сондықтан кеңес алушыға, коррекциядан өтушіге тілектестік білдіру- негізгі талаптардың бірі болып табылады.
Клиенттің құндылығы мен нормаларына бағыттану.
Бұл қағида бойынша психолог өзінің жұмыс уақытында әлеуметтік ортада қабылданған нормалар мен ережелер ғана емес, клиентке құнды болып табылатын өмірлік қағидалары мен идеяларына бағытталуын ойластырады. Клиенттің өзінің құндылықтар жүйесіне сүйенгенде ғана психологиялық кеңес беру арқылы оған тиімді ықпал етуге болады. Сондықтан кеңес беруші қиын болып отырған қарым-қатынасы және басқа жағдайы туралы шағымданып келген адамның мұқтаждығына терең түсініп, оның толық ашылуына мүмкіндік бермесе ол сырын аша алмай тұйықталып қалады, нәтижесінде кеңес беру ықпалының мүмкіндіктері де мүлдем іске аспайды. Клиент құндылықтарын қабылдап алып, оларды құрметтей отырып, қажетті сөздермен қуат берсе, кеңес беруші олардың өмір жолындағы кедергі болып тұрған жағдайлардан адамгершілік сақтап өтуіне ықпал ете алады.
Кеңес беруге тыйым.
Кеңес беруге тыйым салуға негіз болатын себептер өте көп және алуан түрлі. Бәрінен бұрын, психологтың өмірлік және кәсіби тәжірибесінің таяздығы қандайболмасын басқаға кепілдендірілген кеңес беруге мүмкіндік бермейді. Психологиялық кеңес беру барысында психолог әрбір адамның өмірін толық түсінбесе ол белгісіз және алдын-ала болжанбайтын күінде қалады. Оның үстіне, өң бере отырып психолог клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаға жауапкершілікті толығымен өзінің мойнына алады. Бұл жағдай кеңес алушы тұлғаның шындыққа барабар қатынасын дамытуға ықпал жасауы да, жасамауы да мүмкін. Егер тәжірирбесі таяз, әлі шеберлігі қалыптаспаған маман психологиялық кеңес барысында клиенттің проблемаларын шешуге ықпал ете алмаса, онда психолог өзін “гуру” ұстанымына қояды. Бұл ұстаным клиенттің психологиялық жағдайын басқаруға, сол жағдайдан адамгершілкпен шығу жолын үйретуге мүмкіндік болмайды, сондықтан мұндай кеңес берудің зиян жағы басым болуы мүмкін. Клиент өз өмірін сараптап талдаудан, оны өзгертуге бастартып, өзінің басынан өтіп жатқан оқиғағанемқұрайлы қатынасының қалыптасуына лып келеді. Бұл жерде кеңесті іске асырудағы кез-келген сәтсіздік кеңес берушінің беделіне тері әсерін тигізіп, кеңес беруші сәтсіздіктің не,гізгі себебі ретінде бағаланады. Мұндай жағдай, әрине, клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғалардағы өз рөлін ттүсінуге кедергі келтіреді. Сондықтан, психолог кеңес беруге шамасы келмейтінін басқа бұл туралы клиентке ашып айтып, кеңес бере алмайтынын мойындауы керек. Осындай жағдайларда кеңес беру жұмысын жалғастыруға толық тиім салынады.
Кеңес берудің анонимділігі.
Психологиялық кеңес берудің негізгі шарты- оның анонимділігі, яғни құпиялығы. Бұл қағида бойынша клиенттің психологқа айтқан кез-келген ақпараты және психодиагностикалық зерттеу нәтижелері оның келісімінсіз ешқандай жеке тұлғаларға, қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымдарға, оның ішінде туысқандарына немесе достарына айтылмайтындығына психолог кепіл береді. Көптеген елдерде бұл ережеден туындайтын мемлекет заңында арнайы қарастырылған баптар бар. Барлық мәліметтер құпия сақталатыны туралы клиентке алдын –ала ескертіледі. Дегенмен, кей кездерде психологиялық зерттеу барысында клиенттің берген ақпараттарында оның біреудің өміріне қастандық жасап, қауіп туғызып тұрғаны туралы тиянақты мәлімет алған жағдайда бұл құпияны психолог қажетті мекеме өкілдеріне жеткізуі қажет. Бірақ, әрине, бұл жағдайда психологтың өте абай болғаны және клиент мүддесін есепке алғаны дұрыс.
Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу.
Психолог өз клиенттерімен достық қарым-қатынаска өте отырып немесе өзініңдостары мен жақын туыстарына кәсіби көмек көрсетуге тырысып, оларға жығылғаны, айтқанымен жүргені тәжірибесі мол және кәсіби шеберлігі қалыптасқан кеңесшілерде де кездеседі. “Өз Отанында пайғамбары жоқ” дегендей, психолог өз туысқандарына психологиялық кеңес блеру мақсатында кез-келген ұсыныстар мен әңгімелер жүргізуі оның кәсіби қызметі оңай бағасызданылатындыққа алып келеді., сонымен қатар басқа да көптеген себептер бойынша да бұл жолдың қиын жерлері бар.
Пихотерапияда клиенттермен жұмыс жүргізу үшін маңызы өте зор екі негізгі ұғым бар: а) “тасымал”, яғни киенттіңпсихотерапевтке және оның өзінің қатынастарын, негізгі проблемалары мен шиеленістерін тасымалдай білуге бейімділігі. Б) “контртасымал”, яғни психотерапевтің клиентке қатысты ішкі проблемалары мен шиеленістерін және өзінің белгілі адамдарменқатынастарын жобалауға бейімділігі. Психоанализге З.Фрейд енгізген бұл ұғымдар бүгінгі күні психотерапияның түрлі бағыттарында кеңінен қолданылады.Олар кез-келген адам қатынастарында және психотерапия шеңберінде қалыптасқан арнаулы қатынастар адамның ішкі мұқтаждығы мен тілегінің ықпалында болғандығын білдіреді. Оның үстіне, тіпті кәсіби- психотерапвт те контртасымалға “қарусыз” болды. әр жас маман өзінің контртасымалын клиент проблемаларын сараптау мақсатында пайдалана білуін, түсінуін, өзгелерді басқару үшін және бірқатар басқа да жеке және тұлғааралық феномендерді анықтау үшін ол тәжірибелі мамандармен бірлесіп ұзақ жұмыс жүргізіп, жеке тұға ерекшеліктерін талдауға үйренуі- міндетті талаптардың бірі. Бұл феномендер кеңес беру процесінде де түрлі деңгейде пайдаланылады. Бірақ арнайы дайындықтан өтпеген адам бұл күрделі құбылыстарды жүргізу ерекшеліктерін істеуі қиын.
Кеңес беруші клиенттің беделін сақтау үшін ол туралы жеткілікті мәлімет алуының қажеттілігін, мәліметтілігі аз болуымен байланысты толық көмек көрсетуі қиын екенін түсіндіруі керек. Бірақ мәліметтілік кейде кеңес беруші мен клиент арасында тығыз жеке қатынас орнатуға, олардың жақын адам ретінде бір-бірінің талаптары мен тілектерін қанағаттандыруына және кеңес беруші клиент проблемасын тиімді шешуге қажетті объективті ұстанымдарды сақтай алмайтынына алып келуі мүмкін. Басқа елдер тәжірибесінде клиент пен кеңес берушінің (психотерапевт пен клиенттің) тұлғааралық қатынасы орын алғанын оның ішінде төсек қатынасына түсуі анықталып, оның психотерапевт қызметінен босатылғаны жарияланған. Сондай-ақ бұл оқиғаға алуан түрлі көзқарастар болды. Бірақ, осыц пікірталастардан жасалған қорытынды біреу: мүмкіндігінше жек қатынастарды болдырмаған жөн, ал егер осы жағдай орын алса психологтың өте абай болып, психолог кеңес беру немесе песихотерапия процесін жүргізуді тоқтатуы керек.
Клиенттің кеңес беру процесіне кірістірілуі.
Кеңес беру процесі тиімді болуы үшін, клиентті қабдылдау кезінде ол өзінің проблемасы бойынша көтерілген әңгімеге кірістірілгенін сезініп, кеңес берушімен талқылаған мәселелердің барлығын эмиоцияға шалыққан түрде қайтадан басынан өткеруі тиіс. Мұндай кірістірушілікті қамтамасыз ету үшін психолог өзінің диагностикалық әңгімесінің дамуын біртіндепклиенттің басынан өткізген жағдайдың барлығын бір-бірімен ұштастырып, сол оқиға болған жағдаймен логикалық жағынан байланыстырып, талдаудың мғынасы шағынушыға түсінікті болатындай етіп жүргізуі керек. Себебі, талқылаған мәселелердің барлығы клиентке түсінікті және тыңдаушылардың қызығушылығын тудыратындай болмаса ол өз оқиғасын шешу үшін үлкен шыдамдылықпен оны сараптап, нәтижесінде осы жағдайдан шығу жолдарын белсене іздеуге кіріспейді.
Клиент қабылдау кезінде оль кенеттен толқып, тақырыпқа деген қызығушылығын жоғалтып, жалығып, іштей психолог пікірімен келіспей, болған жағдай туралы ешнәрсе айтқысы келмей қалатын кездері болады.
Бұл жағдайда клиент оқиғаны соңына дейін түсіндіріп айтуда, себептерін талдап, түсіндіруге тырысып, әңгімелесугеоны мәжбүр етудің пайдасы жоқ. Мұндай кезде психолог тақырып ауыстыра отырып, күнделікті болып жатқан, баршаға ортақ тақырыптарға ауыстырып, сол әңгіме барысында психһологпен сөйлесуге қызығушылығын қайта шақырып, кейде әзілдесіп және басқа тәсілдердің көмегімен клиентті кеңес беру процесіне қайта кірістірген жөн. Зерттелінушінің қызығушылығын сақтағанда ғана оның психологиялық кеңеске деген оң көзқарасын жандандыруды қамтамасыз етуге, жағдайды дұрыстап алуға мүмкіндік туады.
Клиенттерге жауап кершілікті өз мойнына алдыру.
Кеңес беру барсында клиенттің жауапкершілік локусы өзгелерден өзіне ауыстырылуы тиіс. Бұл міндетті шешпей қандай да бір нақты нәтижеге жету мүмкін емес. Тек қана адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаларға өзінің жауапкершілігін сезінген кезде ғана ол өз басына қиындықтуғызған жағдайға өзі де кінәлі екенін мойындап, оны өзгертуге шынымен тырыса бастайды. Керісінше, кінәсін мойындамаған жағдайда ол айналасындағы адамдар тарапынан көмек пен жағдайды өзгертуді күтеді және талап етеді.
Жауапкершілік локусын клиенттің өзіне аудару оңай шаруа емес. Қабылдау барысында психолог жасай алатын нәрсе- бұл клиентке оның адамдармен қатынастары күрделі сипатта екендігін түсіндіріп, оны оң белгіге аударуға ықпал ететін жолдарын көрсету. Бұл жағдайда кеңес беруші өте маңызды нәтижеге қол жеткізеді, себебі адам өзінің оқиғаға жауаптылығын сезіне отырып, өз өміріде өзгерістер болуы үшін не істеу керектігі туралы өзі шешім қабылдайды. Әрине, бұл шешімді қабылдаудағы психологтың көмегі өте пайдалы.
Кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.
И.В.Цзен, Ю.В.Пахалов, т.б. ғаламдар клиент пен психолог қатынасы ерекшеліктерін анықтауға төрт ұстанымды атап көрсеткен: теңдік, серіктестік, жоғарыдан төменге және төменнен жоғарыға. Әртүрлі жағдайларда кеңес беруші түрлі ұстанымдарды жетекші ретінде іріктеп алады. Бірақ кеңес беруде өте дәстүрлі болып ұстанымы мен клиентке қатысты серіктестік ұстанымдары табылады. Дегенмен бұл жағдайларда да бағыттаушы және анықтаушы рөл психологқа жүктеледі. Сондықтан осы позицияны толығырақ қарстыру керек.
Кеңес беру процесінде психологпен теңдік ұстанымы бойынша клиент өзін кеңес берушімен тең құқығы бар әріптес ретінде сезінсе, психологпен тең белсенділік көрсетіп, өнімді жұмыс істейді. Кеңес беруші клиент әріптесі ретінде бағалап, оның өмірінде орын алған оқиғалар мен жағдайлар бойынша оны жазғырмайтындықтан клиенттің өзі туралы қандай да бір ақпаратты жасыруға негізі жоқ болады. Теңдік ұстанымы бойынша кеңес берушінің өзі де клиентпен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай басымдық, білгірлік көрсетпейді. Бұл жағдай маманның қаншалықты беделді екенін, қаншалықты берік ұстанымда болғанын, олардың білімнің, іскерлгінің және клиент сөздерін талдауына соншалықты көп ынта қоятынын көрсетеді де, оған сенім арта түседі. Әрине, теңдік ұстанымда болу арқылы кеңес беруші ұтып қана қоймай оның жоғалтатыны да бар: себебі “жогғарыға” ұстанымында болған беделдімен клиент көбірек есептеседі, оны ешқандай сынамастан ұйып тыңдайды. Көптегент сеанс беретін гипнотизерлер табысының құпиясы осы қарсылықсыз беделде. Гипнотизердің ұстанымен даңқы олардаң тиімді ықпалын қамтамасыз етеді. Ал психологиялық кеңес беру үшін қабылдау кезінде психологтың ұстанымы мен мінез-құлқын өзгеріссіз нәрсе ретінде көрсетуге болмайды. Жоғары кәсіби маман қажет жағдайдаөзінің білімі мен беделіне сүйене отырып бір жағдайда “жоғарыға” ұстанымын ұстанады, ал келесі жағдайда клиенттің өзіндік бағасын көтеруге, оның білімі мен беделін атап көрсетуге ұмтыла отырып “төменге” ұстанамын ұстанатын актер болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет