Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалық түрлерін қарстырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әрқилы механизмдерін қарастырады. Мысалы: өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиологиядеп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.
Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезеңде әлеуметтік психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның күрделі мәселелрі. Сонымен қатар, үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әртүрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған топтық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады. Шағын топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда оңашаланып тұрақталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарының сыры мен жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі.
Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны. Азамат – әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, ұжымшылдығы мен өзімшілдігін, тұрақтылығы мен болжампаздғын зерттеуге мән беріледі. Әлеуметтік психологияның тармақтары, яғни этностық психология, ұлт психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.