Психологиялық-педагогикалық модуль тапсырмасы
Пән. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Кейс тақырыбы: Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы
Кейстің міндеті: Оқушылардың ата-аналарымен қарым – қатынасты қалыптастыруға әсер еткен жағдайларға сипаттама беру;
Кейс үш түрлі бөлімнен тұрады:
1) кейс дайындау бөлімі:
Студенттерді топтарға бөлу (5-10 адам);
Кейс материалдары және педагогикалық жағдаятпен таныстыру ;
2) нақты жағдаяттар бөлімі:
Топтарда бір немесе бірнеше шешу жолдарын қарастыру ;
Топтардың жауабын тыңдау ;
Кейс құрудың мақсатын анықтап, тапсырмаларды орындау уақыты ;
Топтардың қабылдаған шешімдерін талқылау, талдау ;
3) кейске кіретін қосымша тапсырмалар:
Өзін-өзі бағалау ;
Кейс шешімдерін өзара бағалау;
Кері байланыс ұсыну (рефлексия);
Жағдаят мазмұны:
Ақылжан 4 сыныпта оқиды. Ол сабақты жақсы оқиды, тәртібі де жақсы, тілалғыш бала. Бірде сынып жетекшісі Роза Маратқызы оқушылардың үйін аралады. Ақылжанға да келді. Ол үйде жалғыз екен. Роза Маратқызы Ақылжанмен әңгімелесе отырып, столдың үстіндегі фарфор кесеге көзі түсті.
- Бұны саған біреу сыйлады ма?
- Жоқ, оны бұрында мамам сатып алған, тиын салғыш қой.
Мұғалім көтеріп көргісі келіп еді, ауыр екен. Ішінде көп ақша салынғаны көрініп тұр.
- Барлық отбасыңызбен жинадыңыз ба?
- Иә. Бұл менің 1 сыныпқа барғанымнан бері жиналып келеді, - деп Ақылжан қуанышпен жауап берді. Сен қазірден бастап ақша тауып жатырсың ба? - деп мұғалім қызығушылық білдірді.
- Жоқ, мамам мен папам ғой, менің оқуым мен тәртібіме беріп тұрады.
- Бұл қалай сонда?
- Егер «5» алсам 20 тенге, мен оны ыдысыма салам.
- Ал «4»-ке ше?
- 10 тенге, егер «3» алсам 5 тенге. Ал тәртібім жақсы болса, тұтас жүз теңге береді.
- Мұғалім:
- Бұл ақшаларды неге жұмсамақсың?
- Әлі білмеймін. Бірақ, мамам айтады, осылай жинап-жинап бір киім алуыңа болады, - дейді.
Сұрақтар:
1. Бұл жағдайда мұғалім не істеуі керек?
2. Сіздің ойыңызша, баланы тәрбиелеуде ақшаға қызықтыру дұрыс деп ойлайсыз ба?
3. “Еңбек етсең - ерінбей, тояды қарның - тіленбей” деген халық даналығына сіздің көзқарасыңыз?
Аналитикалық
қызметтің
көптүрлілігі
|
сипаттамасы
|
Негізгі түрлері
|
Проблемалық
анализ
|
Проблемаларды атап
көрсету, проблемалық
өріс қалыптастыру,
олардың
квалификациясы
|
1. Жағдайдың
проблемалық мазмұнын талдау.
2.Жағдайдың проблемалық
шарттарын талдау.
3.Жағдайдың проблемалық
нәтижесін талдау
|
Мәселе: Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясын талдау
Достарыңызбен бөлісу: |