Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет45/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

2-ші нұсқа. Ойынның бұл нұсқасында комиссар Каттани мен қала әкімі бар. Бәрі дәл солай, бірақ бір қағазда «К» әрпі жазылады – бұл Каттани, ал екіншісінде әкім, «мафия» мен «адал адамдар» алдыңғы нұсқадағыдай.
«Түн» – бәрі ұйықтайды. Жүргізуші: «Мафия оянады», - деп айтады. «Мафия» көздерін ашып, біреуді өлтіреді. Жүргізуші: «Мафия ұйықтайды да, Каттани оянады», - дейді. Ол тек «мафиозиді» өлтіреді, егер ол «адал адамды» көрсетсе, таңертең жүргізуші «мафияның» осындай адамды өлтіргенін, ал Каттанидің тигізе алмай, енді оның «адал адам» екендігін білетіндігін айтады.
Әкімнің ешқандай өкілеттіктері жоқ, бірақ егер оны мафиози деп күдіктеніп, күндіз өлтірмекші болса, ол өзінің Әкім екендігін айта алады. Бірақ мафиози да, егер бәрі оған қарсы дауыс берсе, дәл солай айтуы мүмкін. Мафиози, егер бәрі оны өлтірмекші болып шешсе, өзінің Каттани екендігін, ал оған жауап ретінде Каттани да өзінің Каттани екендігін айта алады; бұдан кейін оны мафияның түнде өлтіруі әбден ықтимал, бірақ ол соңғы сөзінде өзінің кімді тексергенін және кімнің анық адал адам екендігін айта алады.
3-ші нұсқа. Бұл – өте құрылымданған ойын, ол үшін көздерге тағатын таңғыш, әрбір қатысушы үшін балауыз шамдар және карталар керек. Бұл ойынды шеңбер құрып орналастырылған үстел басында отырып ойнаған дұрыс.
Әрқайсысының алдына тұтатылған балауыз шам және карта қойылады. Мысалы: барлық қызыл түстілер – адал адамдар, король – Әкім, тұз – Каттани. Қара тұз – мафияның бастығы, қара король – оның орынбасары, қара валет – жендет.
Бәрі өз карталарына қарайды да, кезекпен өз аңыздарын айтады. Мысалы: «Мен нан пісіруші Пьеромын, осы қалада өмір бойы тұрып келемін...» және т.б. Бәрі өздерін таныстырып болғаннан кейін, жаттықтырушы: «Мұнда мафиози бар екендігі туралы мәліметтер бар, және қазір біз дәл осы сәтте біреуді өлтіреміз бе, жоқ па, соны шешуіміз керек (бұл ойын түннен емес, күннен басталады)», - дейді. Бәрі кезекпен өз пікірлерін айтып шыға алады, содан соң дауыс беру болады. Бұл кезеңде қандай да бір мезеттерді байқауға болады. Айталық, мафиозиді табуға әрекеттену қажет деп шешілсе, осыны қалағандардың бәрі өз ұсыныстарын білдіре алады. Мысалы, біреуі: «Мен бұл Пьеро деп ойлаймын», - дейді. Екіншісі бұның банкир екендігін айтады және т.б. Үш-алты кандидатура аталғаннан кейін құрылымданған талқылау жүреді: Пьероны ұсынған адам Пьероға қарсы дәлелдемелер келтіреді. Содан соң Пьероға өзін ақтау үшін 30 секунд беріледі, және бұдан кейін бірден дауыс беру болады. Егер дауыстар жеткіліксіз болса, екінші кандидатура талқыланады, және кандидатура бойынша дауыстардың жартысынан көбі жиналғанша осылай жалғасады. Жаттықтырушы осы адамға жақындап келеді де, балауыз шамды өшіріп, бәріне оның картасын көрсетеді.
Содан соң «түн» жарияланады, бәрі көздеріне таңғыштарын тағады, жаттықтырушы «мафияның» оянатындығын айтады және кезекпен бір-бірімен танысады. Жаттықтырушы: «Мафияның бастығы», - дейді де, бастық қолын көтереді және т.б. Содан соң «мафияның бастығы» құрбандықты таңдайды. Жаттықтырушы жақындап келіп, балауыз шамды өшіреді де, картаны аударып қояды. Содан соң «мафия» ұйықтайды, бірақ комиссар Каттани оянады; ол да құрбандығын таңдайды. Егер ол мафиозиге тигізетін болса, жаттықтырушы балауыз шамды өшіреді де, картаны аударып қояды, егер «адал адамға» тигізсе, жаттықтырушы Каттаниға осы адамның картасын көрсетеді де, ол тірі қалады.
Ары қарай «күн» болады және бәрі де сценарий бойынша жалғасады.
Ойынның бұл түрі анағұрлым құрылымданған және көбірек уақыт алады. Әдетте бұл ойынды көшпелі топтарда және топтың кешкі астан кейінгі кешкі уақытын өткізу үшін ойнайды.
Ойынның кез келген нұсқасынан кейін біреуінің неліктен барлығын өзінің адал адам екендігіне сендіре алғандығын, ал екіншісінің сендіре алмағандығын, біреуге сенгенін, ал енді біреуге сенбегенін, және неліктен біреуді тыңдап, енді біреуді тыңдамағанын талқылауға қандай да бір уақыт бөлінуі мүмкін.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


5-тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет