Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет43/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
«Айдағы апат»

Ойынды өткізу тәртібі алдыңғысына ұқсас. Бұл ойында, «Шөл даладағы» сияқты, не сол орында қалуға, немесе ай базасына баруға болады. Әрине, жүрген дұрыс, себебі, бұл Ай, және ешкім де құтқаруға ұшып келмейді, оның үстіне, бұл базаның қайда екендігі түсінікті. 320 шақырым – бұл үлкен арақашықтық, бірақ Айдағы тартылыс алты есе азырақ, сондықтан жүру оңайырақ. Және бірнеше күн ішінде жетуге болады. Соған сәйкес, осыны негізге алып, барлық заттар жіктеледі. Бірінші, түсінікті жағдай, оттек қажет, өйткені, тыныс алу керек. Екінші орында су – бір-екі сағаттан кейін су ішкің келеді. Әрі, ғарыштық скафандрлар су іше алатындай етіп жасалған. Үшінші орында жұлдызды карта – бұл бағдар. Атмосфера жоқ, жұлдыздар үнемі көрініп тұрады, жұлдызды карта бойынша бағдарлануға, базаның қайда екендігін түсінуге, қандай да бір жұлдызға бағдарланып, жай ғана сол бағытта жүруге болады. Және тіпті қандай да бір шың құздарды немесе жықпылдарды айналып өтуге тура келсе де, бағдар – жұлдыз сол күйінде қалады. Төртінші орында тағамдық концентраттар болады. Скафандрлар арнайы құрылғымен жабдықталған және жолда жеуге болады деп шамаланады. Бесінші орында қабылдағыш. Неліктен ол бірінші орында емес? Өйткені, базаға дейінгі арақашықтық – 320 шақырым, ал УКВ тек көзге көрінетін аймақта ғана жұмыс істейді. Яғни, УКВ-толқындар тік сызық бойынша жүреді. Ал Айдың қисықтығы көбірек болғандықтан (ол диаметрі бойынша Жерден кішірек), УКВ-қабылдағыш Айда шамамен 60 шақырым радиуста жұмыс істей алады. Сондықтан алдымен, базадағылар ести алулары үшін, жақынырақ келу қажет. Алтыншы орында нейлон арқан. Ай жағдайларында тартылыс әлсіз, бірақ жықпылдар бірнеше шақырымдық тереңдікке жетулері мүмкін. Және егер адам онда құласа, ол, мүмкін, тіпті мертіге қоймас, бірақ ол жерден шығуына бірнеше күн кетеді. Сондықтан арқан, альпинистерде сияқты, байлану үшін қажет. Біреу құлап кетсе, оны сол мезетте кері тартып алады. Айда адамның салмағы 20 килограмдай болады.


Жетінші орында – дәрі салатын қобдиша. Біріншіден, дәрі салатын қобдишада, кенеттен бірдеңе болып қалса, ауруды сездірмейтін дәрі бар. Сондай-ақ дәрі салатын қобдишада скафандрға арналған жамаулар мен бұласыр (пластырь) болуы әбден ықтимал. Егер скафандр жыртылып қалса, оны желімдеп қоюға болады. Сегізінші орында – парашюттің жібек матасы. Оны қалай пайдалану керектігінің әр түрлі нұсқалары бар: зембіл жасап, әлдекімді тасу үшін, егер қажет болса, жылу өткізбеу үшін. Скафандрдың температураға шамасы келмейтін болса, жамылғы жасауға болады. Тоғызыншы орында – көмірқышқыл газымен үрленетін құтқару салы. Шын мәнінде, сал бірінші түні түнеп шығу үшін ғана қажет. Өйткені, егер жай ғана ұйықтауға жатса, бір жағынан Күн қыздырады да, ал екінші жағынан минустық температура болады. 10-шы орында – сигналдық зымырандар. Жалпы, негізінен, олар сәл ғана жанады. Бірақ атмосфера болмағандықтан, жану да әлсіз болады. 11-ші орында – тапаншалар, мүлде пайдасы жоқ зат. База жаққа ату қауіпті, оны бір атыспен-ақ құртуға болады. Бір пакет құрғақ сүт – 12-ші орында. Сүтті сумен араластыра да алмайсың, құрғақтай да жей алмайсың. 13-ші орында – жылжымалы күн пеші. Пісіретін ештеңе жоқ, жылынудың да қажеті жоқ. 14-ші орында – магнитті компас. Ол мүлде ештеңені көрсетпейді, себебі, Айда магниттік полюс жоқ. 15-ші орында, тиісінше, сіріңке қорабы. Олар Айда жанбайды, тұтататын да ештеңе жоқ.
Заттардың жіктелімі бар бланктер «Ай» және «Шөл дала» үшін әбден ұқсас. Талдау ойынның қарым-қатынастың қай сатысына берілетіндігіне байланысты жүргізіледі. Егер біз бұл ойынды дәлелдеме сатысында беретін болсақ, тиісінше, дәлелдемелерді талдаймыз. Егер бағдарлану сатысында берсек, бізді қатысушылардың жағдайда қалай бағдарланғандықтары қызықтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет