Вербализация, А сатысы: айтып шығу. Әңгімелесуші әріптесінің айтқанын сөзбе-сөз қайталайды, бұл орайда ол: «Менің сізді түсінуімше...»; «Сіздің ойыңызша...»; «Басқаша айтқанда, сен ... деп есептейсің» және т.б. қыстырма сөз орамынан бастай алады.
Вербализация, Б сатысы: сөз орамын түрлендіріп айту. Әңгімелесуші әріптесінің айтқанын қысқартылған және жинақтап қорытылған түрде қайталайды, оның сөздеріндегі ең маңыздысын қысқаша тұжырымдайды: «Менің түсінуімше, сіздің негізгі идеяларыңыз ... болып табылады»; «Сонымен...».
Вербализация, В сатысы: идеяны дамыту. Әңгімелесуші әріптесінің айтқанынан қисынды салдар шығаруға әрекеттенеді: «Сіздің айтқаныңызға қарағанда, ... болып шығады»; «Сіз осылай есептейсіз, өйткені ... сияқты».
Вербализацияның үш сатысы ақпаратты қайта өңдеу дәрежесімен ғана өзгешеленеді. Әдетте әңгімеде әңгімелесуші берілген жағдайда вербализацияның қай сатысын қолдану керектігін, болмаса, қандай да бір басқа тәсілді пайдалану керектігін өзі анықтайды.
Вербализация техникаларын түсіндіру үшін 7-қосымша пайдаланылады. Мұнда бірінші бөлімде вербализацияның барлық үш сатысына түсініктеме беріледі. Келтірілген мысалдарда вербализацияның қалай пайдаланылатындығын көрсетуге және негізгі қағидаларды түсіндіруге болады. Вербализацияда оның әріптесті тыңдауға мәжбүр ететіндігі басты болып табылады. Егер адам өз алдына әріптесінің айтқанын қайталау шартын қойса, ол оны тыңдауы және естуі тиіс. Егер енжар нұсқада тыңдаса, әдетте мынадай механизм іске қосылады: адам үш минут қатарынан сөйлейді, біз оны екі минут тыңдаймыз да, оның не айтқысы келіп отырғанын түсіндік деп ойлаймыз. Содан кейін біз оны тыңдамаймыз, жай ғана өзіміздікін айту үшін, оның үндемей қалғанын күтеміз. Бірақ дәл сол соңғы минутта адам, мүмкін, ең маңызды бірдеңені айтқан болар. Дәл соны біздің әріптесіміз де жасауы мүмкін, және нәтижесінде біз әр түрлі нәрселер туралы айтып отырғанымызды байқаймыз. Мұндай жағдай кез келген адамда өмірінде бір рет болса да, болған шығар. Осы себептен де вербализация белсенді тыңдау деп аталады – ол әңгімелесушіні белсенді тыңдауға, яғни, осыған күш салуға мәжбүрлейді.
Ары қарай вербализация функцияларын қарастыруға болады.
1. Вербализация ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Біз әңгімеде вербализацияны қолданғанда, әңгімелесушімізді белсенді түрде тыңдайтындығымызды және, тиісінше, көбірек ақпарат алатындығымызды білдіреді, бұдан басқа, вербализация әңгімелесушіге көбірек сөйлеуге және сол арқылы бізге көбірек ақпарат жеткізуге мүмкіндік береді.
2. Вербализация ең маңызды ақпаратты көрсетуге көмектеседі. Нақ осы маңызды ақпаратты ауызшаландыруымыздың және, тиісінше, әңгімелесушіні дұрыс түсінгендігімізді оның растауын алғандығымыздың есебінен бұл ақпарат анығырақ бола түседі және екі жақпен де бірдей түсініледі.
3. Вербализация әріптестің сөздері дұрыс түсінілгендігін нақтылауға көмектеседі. Бұл функция әбден түсінікті, өйткені вербализацияның өзінде әріптестің сөздерін түсінудің дұрыстығын нақтылау болады, егер әлдене дұрыс болмаса, әріптестің даулы мезетті түсіндіруге мүмкіндігі бар.
4. Вербализация ақпаратты жақсырақ есте сақтауға көмектеседі. Қайталаудың есебінен ақпарат жақсырақ есте сақталатындығы түсінікті.
5. Вербализация ақпаратты ұғынуға көмектеседі. Әріптестің сөздерін қайталай отырып, бәрін тағы да бір рет ойластырып шығуға және жақсырақ түсінуге болады. Күрделі жағдайларда бұл өте маңызды болуы мүмкін.
6. Вербализация қорытынды шығаруға көмектеседі. Вербализацияның әрбір үдерісі – қандай да бір қорытынды шығару: «Біз қарым-қатынастың жалпақ та жылдам өзенінде жүзбейміз, ал бір қалқыма белгіден екіншісіне жылжимыз». Кез келген қиындықта соңғы қалқыма белгіге қайтып оралып, жолды жалғастыруға болады.
7. Вербализация проблеманың арнасында ұсталып тұруға көмектеседі. Вербализацияның бұл функциясын суреттің көмегімен түсіндіру оңай. Тақтаға тізбектің суретін салып, әріптестің вербализацияның көмегімен қалайша әріптесінің айтқан сөзіне жабысып, өзінікін жалғастыратынын, екіншісінің өз кезегінде дәл солай жасайтынын, және біздің тізбегіміздің қалай болса да иілетінін, бірақ үзілмейтінін, оның талқыланып отырған проблеманың айналасында өрілетінін көрсетуге болады.
8. Вербализация әріптеске бағдарлану құралы болып табылады. Вербализация әріптесті белсенді тыңдау болып табылатындықтан, әріптес үнемі біздің назарымызда болады.
9. Вербализация әріптеске өз проблемасын жақсырақ түсінуге көмектеседі. Әріптестің өзі, әңгімелесушісінің оның өз сөздерін қайталағанын тыңдап болғаннан кейін, өзінің жаңа ғана не айтқанын жақсырақ түсіне алатындығы өте маңызды. Кәдімгі әңгімелесуде бұл күлкілі болып көрінуі мүмкін, бірақ күрделі келіссөздер жағдайында өте маңызды роль атқарады.
10. Вербализация әріптестің көзқарасын бекітуге көмектеседі. Вербализация «тиянақсыз» адамдармен, яғни, әңгіме барысында өзінің көзқарасын бірнеше рет өзгертуі мүмкін адамдармен келісуге мүмкіндік береді. Әңгіменің жекелеген үзінділерін ауызшаландыра және берілген мәселенің дұрыс түсінілгендігін растай отырып, кейіннен қол жеткізілген уағдаластықтарда әлденені өзгертуге әрекет жасалған жағдайда осы растауларға сүйенуге болады.
11. Вербализация ойланып алуға уақыт береді. Бұл функция емтихан мысалында оңай түсіндіріледі: сұрақты тыңдаған және не жауап берерін білмеген студент сұрақты қайталауы және осы уақытта жауапты есіне түсіруге тырысуы мүмкін. Егер жай ғана үндеместен, сұрақты ауызшаландырмастан, еске түсіретін болса, кідіріс созылып кетіп, жағдай ширығып кетуі мүмкін. Бізден жылдам жауап талап етілетін кез келген жағдайда сұрақты қайталап, азғантай уақыт ұтуға болады.
12. Сондай-ақ емтихан мысалында вербализацияның ең маңызды функцияларының бірін көрсетуге болады – «вербализация кідіріс механизмін пайдалануға мүмкіндік береді». Мысалы, сізге күрделі сұрақ қояды. Сіз сұрақты қайталап, кідіріс жасайсыз. Және кідіріс әңгімелесушіңізге қарсы жұмыс істей бастайды – ол тағы да бірдеңе айтуы тиіс.
Бұл өмірде қалай көрініс таба алады? Жаттықтырушы топтан: «Кім келесі ойында ерікті болғысы келеді?» - деп сұрайды. Осыдан кейін қатысушыларға қарсы жұмыс істейтін кідіріс жасалады. Егер еріктілер болмаса, бәрі үнсіз қалады, бастарын төмен түсіреді. Ары қарай ширығу үдей түседі, әлдебіреу көршісін түртіп қалып: «Сен барсаңшы!» - деуі мүмкін. Егер ол бас тартса, ширығу одан әрі үдей түседі де, біреуі шыдай алмай, ақыры келіседі. Ал егер топтағы біреу жаттықтырушының сұрағын қайталап, кідіріс жасаса, кідіріс жаттықтырушыға қарсы жұмыс істейді және оны бірдеңе айтуға, мысалы: «Иә, бізге ерікті керек», - деуге немесе қазір осындай ойын болады деп қосып айтуға мәжбүрлейді. Кідіріс механизмі қарым-қатынас бойынша әріптесіңе сөзін қайтаруға мүмкіндік береді, және ол адам қосымша ақпарат беруге мәжбүр болады.
Белсенді тыңдау техникаларын меңгеру үшін «Құрғақ жүзу» және «Жартылай құрғақ жүзу» жаттығулары пайдаланылады.
Құрғақ және жартылай құрғақ жүзу үшін бірдей мәтіндер пайдаланылады (8-қосымша). «Құрғақ жүзуде» шеңбердегілердің бәрі бір мәтінді ауызшаландырады. Мысалы: «Мен сіздерге ертең есеп беруді тапсыру керек екендігін түсінемін, бірақ, сіздер білесіздер, сауалнамадағы осы барлық сұрақтар сондай оғаш, және мен олардың маған менің жұмысымда қалай көмектесетіндігін түсінбеймін, оның үстіне, олардың көпшілігі жұмысқа емес, ал менің жеке қасиеттеріме, менің қабілеттіліктеріме, менің жай-күйіме қатысты. (Кідіріс – әріптестің жауабын күтеміз...)». Бірінші адам мәтінді оқиды, екіншісі ауызшалайды, содан соң мәтінді үшінші адамға оқиды, үшінші адам ауызшалайды және т.б. Жаттығу айтарлықтай қызықсыз, бірақ бәрі вербализация үдерісі қалай өтетіндігін көре және ести алады. Егер біреу жасай алмаса, жаттықтырушы түзете алады. Жаттығуды 4-5 адам жасаса жеткілікті, содан соң «жартылай құрғақ жүзуді» өткізуге болады.
«Жартылай құрғақ жүзуде» адамдар жұппен жұмыс істейді. Жұптарға мәтін жазылған парақ беріледі де, олар вербализацияларды жасайды. Барлық жұптар бір мезгілде жұмыс істейді де, жаттықтырушы осы жаттығудың дұрыс орындалғандығын қадағалай алмайды: ол жай ғана әр жұпқа кезекпен жақындайды, бірақ барлық қатысушыларда жаттығуға мүмкіндік көбірек болады. 2-3 парақтан беруге болады, және олар мұнымен 15 минут шұғылданады.
Бұл жаттығуларда адамды ары қарай сөйлеуге мәжбүрлейтін кідіріс механизмін көрсету маңызды. Осылайша, вербализациялар қосымша ақпарат жинауға және тіпті адамның айтқысы келмеген нәрсесін де білуге мүмкіндік береді. Бұл техника клиент өз проблемасы туралы айтатын, ал психолог ауызшаландырып, сол арқылы клиентті ол өзінің проблемасын түсініп, шешімін тапқанша сөйлеуге итермелейтін гуманистік психотерапияда негізгі ретінде қолданылады.
Топтың вербализацияларда жаттығуға мүмкіндігі болуы үшін әр түрлі ойындар өткізіледі, мысалы, топ қатысушыларына жақын жағдайға арналған рөлдік ойын. Ал вербализацияның маңыздылығын күшейту үшін көбінесе жасырын түрткіге арналған ойынды өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |