Жұппен жұмыс істелетін жасырын түрткіге арналған ойын
Нұсқаулық. Топ қаққа бөлінеді, бір жартысы есіктің сыртына шығады.
Есік сыртындағыларға арналған нұсқаулық: «Сіз қазір бастық болып жұмыс істейтін өз танысыңызға қонаққа барасыз. Сіздің міндетіңіз – әңгімені оның сізге өз қоластынан жұмыс ұсынуына алып келу. Ал проблема алдыңғы жұмыстан сізді жаман жұмыс істегеніңіз және жұмысқа себепсіз бармай қалғаныңыз үшін шығарып жіберіп, сіздің оған бұл туралы айтқыңыз келмейтіндігінде».
Топтың екінші жартысына арналған нұсқаулық мынадай: «Сіз – қандай да бір ұйымның басшысысыз, қазір өз үйіңізде отырсыз, және сізге қонаққа сіздің танысыңыз келеді. Сіздің міндетіңіз – жай ғана онымен сөйлесу. Бірақ вербализация техникалары туралы ұмытпаңыз, өйткені оның жай келмегені анық».
Жасырын түрткінің тағы бір мысалы: таныс психологқа немесе жай ғана тәжірибелі адамға қонаққа бір әйел келеді және балалар туралы: оларды қалай тәрбиелеу керек, қандай проблемалар болады және т.б. туралы сұрастыра бастайды. Ал жасырын түрткі мынадай: ол қызының жеке күнделігін оқып қойды. Бала оны көріп қалды да, анасымен екі апта сөйлеспей жүр. Бір жағынан, көмек алғысы келеді, екінші жағынан, жасаған қылығын мойындауға ұялады.
Бұдан басқа, жасырын түрткісіз кез келген рөлдік ойынды өткізуге болады (мысалы, бастықты кезектен тыс демалысқа берілген өтінішке қол қоюға көндіру, немесе жалақыны арттыру, немесе аудандық әкімшілікте қағазға қол қойғызу және т.б.), бірақ бұл ойында бағдарлану сатысы маңызды.
«Жұмысқа орналасу»
Жақсы ойын, мұнда бірден екі әңгімелесуші де вербализацияларды пайдалана алады. Бұл ойынды үш кезеңмен ойнауға болады. Біріншісі – жұппен ойнау (біреуі – ізденуші, екіншісі – жұмыс беруші), содан соң талқылау мен талдау. Екінші кезең – қатысушылар рольдерімен алмасады да, қайтадан талдау жүргізіледі. Үшінші кезең – бір директорға үш үміткер келеді де, ол біреуін таңдап алады.
Нұсқаулық. Есік сыртындағыларға арналған нұсқаулық: «Ұйымға сіздің мамандығыңыздың қызметкері керек екендігі туралы сіз газеттегі хабарландырудан оқыдыңыз. Сіздің міндетіңіз – сұхбаттасуға келіп, сізді осы қызметке алуына қол жеткізу. Сұхбаттасу барысында сізге өзіңіз туралы әңгімелеп беру, бірақ сондай-ақ жұмыс туралы барынша көп білуге, барлық маңызды мезеттері: жұмыс уақыты, жұмыс жағдайлары, жалақы туралы келісуге тырысу қажет болады. Басшыдан қосымша ақпарат алу үшін вербализацияларды пайдаланып көріңіз. Мүмкін, сіз басшының өзі көбірек сөйлейтіндей жасай алатын шығарсыз».
Іште қалғандарға арналған нұсқаулық: «Сіз – ірі ұйымның басшысысыз, сізге үміткер ұсынатын мамандықтағы қызметкер қажет. Сіз газетке хабарландыру бердіңіз, және қазір бір адам сұхбаттасуға келеді. Сіздің міндетіңіз – осы адаммен сөйлесіп, оның сіздерге жарайтын-жарамайтындығын шешу. Үміткер туралы көбірек ақпарат алу, нақтырақ білу үшін, вербализацияларды пайдаланып көріңіз».
Достарыңызбен бөлісу: |