Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет42/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

«АПАТ»-ОЙЫНДАРЫ

Екі нұсқаны қарастырайық: «Шөл даладағы апат», «Айдағы апат». «Орал тауларындағы апат» ойыны бұдан бұрын сипатталған.


«Шөл дала» мен «Айды» бланктерде беруге болады (1-, 2-қосымшалар). Тренингтің бірінші күнінде көбінесе «Шөл даланы» өткізеді; топ әдетте орындап шыға алмайды, және топтың, әрқайсысы жекелеп жұмыс істегеннен гөрі, нашарырақ жұмыс істейтіндігі туралы қорытынды шығарылады. «Айдағы апатты» соңғы күні өткізген дұрыс, себебі, тапсырма оңайырақ; бұдан басқа, тренингтің үш күнінен кейін топ жақсырақ жұмыс істейді және бірінші күнгі мен соңғы күнгі нәтижелердің арасындағы айырмашылық өте елеулі болуы мүмкін. Бұл – тренинг пен топ жұмысы тиімділігінің көрсеткіші.


«Шөл даладағы апат»

Алдымен әрбір қатысушы жеке тәртіпте «Мен» бағанасын толтырады, содан соң топ бірге дәл сол тапсырманы шешеді де, «Топ» бағанасын толтырады. Топтық пікірталастан кейін сараптамалық баға беріледі де, «Мен – Сарапшылар» және «Топ – Сарапшылар» модулі бойынша айырмашылық есептеледі. Бағанаға жиынтық сома есептеп жазылады.


«Шөл даладағы апаттың» сараптамалық бағасы. Бірінші орында косметикалық айна, өйткені, бірден белгі беруге болады. Драп пальто екінші орында, өйткені, күн ыстық, мұндай ыстықта жылу өткізбегені керек. Үшінші – су, неге екендігі түсінікті. Төртінші – шам. Шам түнде жарық түсіру үшін қажет, әрі бұл белгі беру, әрі қандай да бір жануарларды аулау тәсілі. Бесінші – парашют, белгі беру құралы ретінде, әрі оның көмегімен күннен қалқа жасауға болады. Алтыншы – синтетикалық плащ, оның көмегімен су алуға болады. Жетінші – бәкі пышақ, егер қандай да бір жануарды ұстап алсаң, оны кесуге болады. Сегізінші – тапанша, негізінен оны дыбыстық белгі беру құралы ретінде және аңшылық үшін қолдануға болады, бірақ шөл далада ірі жануарлар жоқ. Тоғызыншы – көзілдірік. Парашюттің көлеңкесінде олар аса қажет болмайды. Оныншы – дәкеден жасалған таңғыш пакеттердің жиынтығы. 11-ші орында – компас, пайдасы жоқ зат, себебі, компаспен және картамен құлаған орында бағдарланып, оның қай жер екендігін анықтауға болмайды. Сондықтан карта 12-ші орында. 13-ші орында – «Шөл даланың жеуге жарамды жануарлары» кітабы. Ол сондай маңызды емес, себебі, қолға түскеннің бәрін жеуге болады. Жеуге жарамайтын тек шаянның піскегі мен жыланның тістері ғана. Арақ 14-ші орында, өйткені оны ішуге болмайды, себебі, бұл ағзаның ылғал шығаруын арттырады. Тұз 15-ші орында, себебі, оны пайдалану қатты шөлдеуге алып келеді.
Ешқайда баруға болмайды, лагерь құрып, көмек күту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет