ҚАҚТЫҒЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Қақтығыстар туралы әңгімеде Томастың «Қақтығысты жағдайлардағы мінез-құлықтың бес тәсілі» деп аталатын пікіртерімі бойынша теория беруге болады.
Бірінші тәсіл «кету» деп аталады. Адам қақтығыстан барынша қашқақтайды, кез келген жағдайда ештеңе болмағандай кейіп танытуға тырысады; мұндай адам өзін қақтығысқа жоқ адам деп санайтынын, өзінде қақтығыстардың мүлдем дерлік болмайтынын жиі айтады.
5-сурет. Қақтығысты жағдайлардағы мінез-құлық тәсілдері
Бірақ, шын мәнінде, егер бұл тәсілді кәдімгі, тұрмыстық мысалда қарастыратын болсақ, басқаша көрініс шығады. Қақтығыстан кетудің нәтижесінде оның қатысушыларында наразылық жинақталып қалуы мүмкін екен. Екі адамның бір уақытта бір телевизордан екі түрлі бағдарламаны көргісі келетіндіктерін елестетіп көріңіздерші. Айтарлықтай қарапайым жағдай. Біреуі футбол көргісі келетінін, екіншісі сүйікті фильмін көргісі келетіндігін айтады. Осыдан кейін олар үнсіз қалады. Егер екі адам да қақтығыстан қашқақтау қағидатын ұстанатын болса, олардың мұндай жағдайда не істеулері тиіс екендіктері түсінікті – телевизорды өшіріп, өшірілген экранға қарап отырулары тиіс. Әрине, өмірде бұл азырақ дәрежеде драмалық болып көрінуі мүмкін. Мәселен, олар өз істерімен айналысып кетулері, немесе қандай да бір үшінші бағдарламаны қосулары және т.б. мүмкін. Бірақ жағдайдың мәнісі бұрынғы күйінде қалады: біреуі де қалағандарын алмайды. Және, әрине, бір-бірі туралы: «егер ол болмағанда, мен тыныш қана өзімнің ... көріп жатар едім», - деп ойлайды. Егер бұл жағдай бірнеше рет қайталанса, бір күні, біріншісіне телевизор қажет емес болып, ал екіншісі телевизор көргісі келетіндігін айтса, біріншісі оның да, бірақ басқа бағдарламаны көргісі келетінін айтуы мүмкін. Мәселе принциптік болып алған.
Қақтығыстық жағдайлардағы мінез-құлықтың екінші тәсілі «егес» деп аталады. Бұл тәсілді қолдану бір адамның жеңіп, екінші адамның жеңілуіне алып келеді, яғни, біреуі 100 % ұтысты алады да, екіншісі нөлді алады. Жеңіп шыққан адам сондай-ақ кінә сезіміне де, ал жеңіліс тапқан адам ренішке ие болуы мүмкін. Мұны біздің телевизор туралы мысалымызда қарастырайық. Біреуі пультты алады да: «Мен өзімнің футболымды көремін, мені сенің проблемаларың қызықтырмайды», - дейді. Ол қазір жеңді, бірақ бүкіл өмір бойына жеңген жоқ. Ал егер екіншісі оның бетпақтығынан бүгін сасқалақтап қалса да, ертең ол бұған дайын болады да, қаттырақ қарсылық білдіреді. Егер біреуі екіншісінен анық күштірек деп ойласақ та, бәрі бір екіншісі қарсылық білдіре алады. Мысалы, келесі жолы телевизордың пультын тығып тастайды немесе әлденені сындырып тастайды және т.б. Осылайша, мінез-құлықтың бұл тәсілі ұзақ мерзімдік перспективада тек теріс салдарға ие болып шығады.
Келесі тәсіл «мәжбүрлі жол беру» деп аталады – бұл екінші тәсілдің айналы нұсқасы. Ол біреуінің, бір рет жеңіліс тапқаннан кейін, екінші раундқа күштірек дайындалатындығынан көрінеді. Бұл – күреске арналған өмір. Телевизормен мысалда бұл былайша көрінеді: күйеуі пультты тартып алады да, әйелі сасқалақтап, көне салады, бірақ келесі жолы ол мұндай жағдайға дайын болады да, мүмкін, жылап қоя береді. Сол кезде күйеуі жеңіледі, бірақ келесі айқасқа дайындалады.
Төртінші тәсіл «ымыра» деген атауға ие болды. Бұл – әлденені теңдей бөлуге болатын жағдай. Бірақ телевизормен мысалда телевизорды бөлудің мағынасыз екендігі түсінікті. Егер уақытты бөлсе, бұл да – тығырықтан шығатын жол емес, себебі, бағдарламаның бірінші немесе екінші жартысын көрудің мәнісі жоқ, таңдап та ала алмайсың, екеуінің де өз кемшіліктері бар.
Әдетте адам алған нәрсесіне емес, алмаған нәрсесіне көңіл аударады. Бұдан басқа, ымырада бір «әттеген» бар: әлденені бөле бастап, адамдар беріліп кетеді де, қисынсыз жағдайларға дейін жетіп жатады. Мысалы, жиһазды бөліп болады да, соңғы орындықты қаққа бөліп, кесіп жатады. Әрине, әлдене оңай бөлініп, екеуі де теңдей бөлісуге келісетін болса, бұл тығырықтан шығатын жол болуы мүмкін.
Бесінші нұсқа «ынтымақтастық» деп аталады. Бұл нұсқа әрбір қатысушыға жүз пайыз, мүмкін, жүз елу пайыз да ұтуға болатындығымен жақсы. Мысалы, біреуі ерікті түрде екіншісіне, оған жақсы қарайтындықтан және оны өзінің алдында міндетті деп санамайтындықтан, жол береді. Адамдар қатынастарын сақтап қалады және тіпті оларды жақсартады да. Және жақсы адамға жақсылық жасау сондай жақсы. Екінші бір мысал: екеуі де телевизордың алдына отырады да, бір уақытта екі түрлі арнаны көре алмайтындықтарын түсінеді. Біреуі: «Жүр, қонаққа, театрға немесе кафеге барайық», - деп ұсынады. Және бұл жерде ұтыс көбірек, себебі, бұл жоспарда болмаған, ал идея сындарлы қақтығыс барысында пайда болды. Адамдар телевизор көргеннен де жақсырақ әлденені алды және өз қатынастарын жақсартты. Әрине, күрделірек жағдайлардан шығатын жолды табу оңай емес, бірақ бұл – жақсы нәтижені кепілдейтін жалғыз тәсіл.
Сондай-ақ «талап қоюсыз талап қою» туралы да айтып беріп, жаттығуға болады. Бұл үшін, әңгімелесушіні ренжітіп алмайтындай етіп, талап қоюсыз талап қойып үйрену қажет. Мысалы, күйеуі үйіне келеді, ал үйде кешкі ас жоқ. Егер ол наразы болса, әйеліне ерекше көзқараспен «қарауы» немесе оған көп жағымсыз сөздер айтып тастауы мүмкін. Бірақ оның кез келген «мәлімдеуінде» үш блокты бөліп көрсетуге болады. Бірінші блок – жағдайдың өзін сипаттау: «Мен үйге келдім, тамақ тағы да жоқ...» Екінші блок – өзінің тамақ ішкісі келіп тұрғанын айту: «Мен аштан өлейін деп тұрмын...». Үшінші блок – әйелін жаман үй иесі ретінде бағалау: «Сен үнемі осылай істейсің, сен ештеңеге жарамайтын әйелсің». Бұл талап қоюда күйеуі оның екінші блокқа көңіл аударғанын қалайды, ал әйелі үшіншісіне көңіл аударып, ренжиді және, соған сәйкес, енді сындарлы қарым-қатынастың болуы мүмкін емес. Талап қоюсыз талап қоюды жеткізу үшін, үшінші блоктағы мәлімдеуді өзгерту қажет, мысалы, жағдайды сипаттау: «Мен үйге келдім, ал кешкі ас жоқ». Екінші блок: «Маған мұндай жағдайлар ұнамайды». Үшінші блокты көмек туралы өтінішке алмастыруға болады: «Маған көмектесші, мені тамақтандыршы және т.б.». Мұндай сөздерді естігенде, әйеліне бұл жақсы ықпал ететіндігі анық. Осылайша, қандай жағдайда да, өз талап қоюымызды талап қоюсыз талап қоюға түрлендіре отырып, біз адамды ренжітпейміз және қарым-қатынасты бұзбаймыз.
Дәл осылай, қайсыбіреуден талап қоюды естігенде, біз өзіміз де «бұрышқа» кірмеуімізге болады. Өзіміз талап қоюды ойша сындарлы түрге ауыстырып, адам айқайлап тұрса да, бізді ренжітейін деп емес, біз естісін деп айқайлап тұрғанын түсіне аламыз. Бұл – көмек туралы айқай, оның айқайламауына болмайды, және оған ренжудің орнына, оған көмектесу қажет. Ол жай ғана талап қоюды қалай дұрыс жеткізу керек екендігін білмейді, бар болғаны осы.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4.7. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТРЕНИНГІНЕ АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
Достарыңызбен бөлісу: |