Тренингтен кейін қатысушылар психолог ретінде жаттықтырушының жеке өз бастары туралы пікірін білгісі келгенде, жаттықтырушы не айтуы тиіс?
Өз басым мен ешқашан ештеңе айтпаймын. Біріншіден, мен тренингтің ешқандай баға беруді, оның үстіне, психолог ретінде баға беруді ұйғармайтын, жай ғана оқып-үйрену түрі екендігін түсіндіремін. Екіншіден, адам менің сөзімді дұрыс түсінбеуі мүмкін, және енді өмір бойы өзінің аталмыш кемшілігімен күресетін болады. Үшіншіден, ол туралы мен не ойласам да, бұл тек жағдай бойынша пікір болады, ал адамды жалпы алғанда тренингтің үш күнінде бағалау мүмкін емес. Әрі, жаттықтырушының бұған уақыты да жоқ.
Топта қатысушылардың ұлттарымен байланысты проблемалар болады ма? Әр түрлі ұлттың адамдары бар топта жұмыс істеудің қандай да бір өзіне тән ерекшелігі болады ма?
Мен үшін айырмашылық ұлттар неғұрлым көбірек болған сайын, қиынырақ, бірақ, сонымен бір уақытта, топ үшін қызықтырақ та болатындығында.
Егер тренинг нақты бір ұйымда өткізілетін болса, онда бұл мәселе (егер ол мүлде болған болса) бұл деңгейде шешіліп қойған. Егер ол, қанша дегенмен, тренингте шығатын болса, жаттықтырушы жай ғана бұл мәселені алып тастауы мүмкін, өйткені, бұл – тренингке арналған тақырып емес. Бірақ қандай да бір нәрселер туралы сөйлесуге болады, мысалы, барлық адамдардың адамдар екендігі, әрбір адамның өз адами құқығы болатындығы, оның барлық ұлттарда, ұлыстарда, халықтарда, нәсілдерде және т.б. бірдей екендігі туралы. Және мұны талқылаудың тіпті қажеті жоқ.
Қағидат өте қарапайым: жаман ұлттар болмайды, жаман адамдар болады. Олар кез келген ұлтта болады. Біздің өз тарихымыздан және кез келген басқа тарихтан көптеген мысалдар келтіруге болады.
Егер топта тіл ақаулығы бар қатысушы болса, не істеу қажет?
Ең басында, ол үшін қолайлы жағдайлар жасап, оны сақтандырып қою қажет. Қалайша? Біріншіден, тренингтің басында кез келген рөлдік ойынға қатысу ықылас бойынша, яғни, ерік білдіру бойынша болатындығын айту қажет. Екіншіден, қайсыбір уақыт барлығының кезекпен емес, ал тек ықылас білдірушілердің ғана пікірлерін білдірулерін өтінуге болады.
Жалпы, тренингтің басында барлығына да оңайлатылған тәртіп қажет. Бұл күні адамдардың өздерін нашар сезінулері және өзін осылай сезінуіне қарай әлденені істей алмайтындығы да болады. Немесе, мысалы, алдыңғы ойында қандай да бір қатысушы тым ширықты да, оны осыдан кейін бірден тағы да бірдеңені істеуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Яғни, жаттықтырушы үнемі жағдайды бағалап, әрбір қатысушыға олар үшін барынша жайлы және қауіпсіз жағдайларда жұмыс істеулеріне мүмкіндік беруі тиіс. Мүмкін, бір немесе екі сағаттан кейін адам өзін қауіпсізірек сезініп, қандай да бір ширығусыз шеңберде еркін сөйлей алатын болар.
Мақсат адамдарды қандай да бір жағдайларға «қуып тығып», олардың қаншалықты дәрменсіз бола алатындықтарын көрсетуде емес. Керісінше, тренинг барысында олардың бәрін барған сайын жақсырақ, жиірек істеулеріне, және олардың өз жұмыстарының нәтижелерін көруіне ұмтылу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |