Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


Тренинг барысында анық уақыттық шектерді қалай ұстап тұруға болады?



бет60/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

Тренинг барысында анық уақыттық шектерді қалай ұстап тұруға болады?
Уақытты минуттар бойынша дәл есептеу мүмкін емес. Сіз бағдарламаны жазғанда, жай ғана шамамен оның уақытын есептеуге тырысыңыз. Мысалы, кез келген рөлдік ойын әдетте бір сағат, көп дегенде бір жарым сағат алады. Бір жарым сағаттан көп созудың мәнісі жоқ – адамдар шаршап кетеді. Сондықтан, егер ойын ұзағырақ болса, сіз оны қысқартасыз, ал егер қысқа болса, сіз оны созасыз, немесе шағын екі ойын өткізесіз. Өйткені, әрқашан сәл ұзағырақ сөйлеуге, түсініктемелерді өрістетуге болады және керісінше. Егер ойын бейнекамераға түсірілетін болса, сәйкесінше, талдау мен талқылау уақыты артатындығын есепке алу қажет. Егер сіздерде уақыт қалатын болса, қатысушылардан осы ойында тағы не көргендіктерін сұрауға, содан соң өзіңізге түсініктеме беріп өтуге болады.
Шын мәнінде, тренингтегі уақыт өте оңай түрлендіріледі. Бірақ, қалай болғанда да, үзілістердің анық уақыттық шектерін және тренингтің аяқталуының нақты уақытын белгілеудің қажеті жоқ, шамамен аяқталу уақыты туралы айтқан дұрыс.
Үзіліске немесе тренингтің аяқталуына дейін жиырма минут қалып, топтың кенеттен, әрі іс бойынша талқылауды бастауы, және осылайша, 40-50 минут өтетіні жиі кездеседі. Егер уақыт болса, онда тренингтің аяқталуының сәл бөгелгенінде тұрған ештеңе жоқ. Аяғына дейін істемегеннен гөрі, сәл артық істеген жақсы. Бірақ күн тәртібін (үзіліс шамамен әрбір бір жарым сағат сайын) сақтаған дұрыс. Тәжірибе көрсеткендей, бұл топ жұмысы тәртібінің оңтайлы нұсқасы.


Жаттықтырушының секунд көрсететін сағаты немесе қандай да бір арнайы сағаты болуы қажет пе?
Қалай болса да болады. Негізі, секунд көрсететін сағат болғаны кейде ыңғайлырақ. Мысалы, қандай да бір ойында тапсырманы барынша жылдам орындау қажет екендігін айтамын, және әдейі көрсете отырып, секунд өлшегішті қосамын. Біріншіден, бұл ойынды әлдеқайда серпінді және белсенді етеді. Екіншіден, тапсырманы жылдамырақ орындауға тырысып, қатысушылар көбірек қате жібереді. Ал бұл – ойын талдауына арналған материал. Үшіншіден, бұл оқып-үйрену мезеті – қатысушылар уақытқа көңіл бөледі, ал бұл кез келген іс-әрекеттегі маңызды ресурс, осылайша, жанама түрде қатысушылар, уақытқа дәлірек бағдарлана отырып, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет