Тақырыбы: "Шеңбер бойынша фраза " "Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр." Енді, экранның оң жағындағы шыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларынды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз".
Тақырыбы: "Үйрек үйрек, қаз". Мақсаты: Бір-бірімен кездескенде амандасу мәдениетіне тәрбиелеу, жылдамдыққа баулу.
Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші шеңбердің ішінде айналып жүріп, қолымен көрсетіп "үйрек, үйрек, үйрек, ......... қаз" дейді. Қаз жүргізушіге қарай, қарама-қарсы жүгіреді. Бұл екеуінің орындайтын тапсырмасы тезірек босаған орынға барып түру. Ойынның қиындығы - олар ортада кездескенде бір-бірінің қолын алып, реферанс (қимылмен ілтипат) жасау керек, бір-біріне күліп қарап: "Қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш" деп сәлемдеседі де, бос орынға қайтадан жүгіреді. Осылай ойын жалғаса береді. Ескерту: Жүргізуші барлық балалар "Қаз" рөлінде ойнап шығуын қадағалап тұрады. Сәлемдесу және реферанс нақты көтеріңкі дауыс ырғағымен орындалу қажет.
Тақырыбы: "Молекула". Мақсаты: Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту. Барысы: Бөлмеде қатысушылар шашырап жүреді. Жүргізуші алақанын қанша соқса, сонша қатысушы бірігеді. Мысалы: жүргізуші алақанын 5 рет соқса қатысушылар әр жерге бес-бесеуден шоғырланады т.с.с. ... ойын осылай жалғаса береді.