73. Психологияны оқыту әдістемесінде дәстүрлі және инновациялық оқытудың стратегиялық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау.
Оқытудың дәстүрлі әдісі (латынның гесерtio- қабылдау деген сезінен шыққан хабарламалы реадептивті) дегеніміз қайта жасаушы сипаттағы хабарламалы-рецептивті және белгілі бір білім жинағын беруге, тәжірибелік іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту түрі.
Олардың қатарына баршамызга жақсы таныс: дәріс (әңгі- мелесу), семинар (әңгімелесу), тәжірибелік сабактар және т. б. жатады. «Білім-суреттеу» және осы білімдерді әдеттегі жағдай-
ларда қолдану білу дағдысы олардың нәтижесі болып табылады.
Дәтүрлі оқытуда негізгі қалыптасқан эталондарды пайдалануға болады. Бұл жағдайда оқытушы стандартты Психологияны оқыту әдістемесіның материалдың операторы позициясында болады. Және де мұғалім мен оқушының оқу процесінде позитивті- эмоциалды көрінісболады. Психология пәні бойынша семинар сабақтарын жүргізудің тәжірибесі көрсеткендей, қарастырылатын теориялық қағидаларды қызықты деректермен, мысалдармен, өмірлік мәні бар
қызықты оқиғалармен, ғылым мен өнер саласындағы соңғы жетістіктермен сабақтастыру кажет. Семинар сабағында шығармашылық пікірталастар, қызықты ой тартыстарын тудыра білген
тиімді. Дәстүрлі әдістер ең алдымен белгілі бір білімдер жинағын беруге және тәжірибелік іс-әрекет дағдыларын калыптастыруға ягни, олар білім алушыларға дайын шешімдерді үлгі ретінде
ұсынуға арналады. Дәстүрлі әдіс бойынша оқытуда білім алушының міндеті берілген білімді жаттап алып, бақылау барысында еске түсірумен шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |