Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері


Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері



бет2/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері:

  • Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастыру.

 

  • Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну.

  • Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу – тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізізнде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі тұралы қорытынды жасауға үйрету.

Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:

  • Психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негізгі мазмұнын ашу.

  • Психологияны оқыту мәселелеріне қызығушылық туғызу.

  • Студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруіне бағыттау.

  • Студенттерді қолданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру.

  • Студенттердің жеке кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға стимул (ұйтқы) жасау.

 


Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары.
Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда ғылым біріншіден білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма ретінде анықталады.
Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден осы білімдерді меңгеру бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады.
Осылайша бұл екі түсінік бір жерде қиылысады, бұл – білімді жүйелендіру.
Оқу пәні В.И.Гинецинскийдің анықтамасы бойынша сәйкес ғылыми пән негізгі дидактикалық жүйеленген түрде түсіндіру болып табылады.
Оқу пәнінің дәстүрлі түсінігі ортағасырлық университеттерден бастау алады. Оқу пәні пәндік білімнің барлық қасиеттерін сипаттап, жүйелік және құрылымдық функцияны атқарады. Осы кезде сапалық деңгейлік ерекшеліктер ескерілмеді.
Жаңа уақытта ғылыми және оқу пәнін ажырату басталды. Оқу пәні көбіне оқу – танымдық іс-әрекет әртүрлі жүйелері ретінде қарастырылады.
Оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын анықтауда келесі сұрақтар туындайды:

    • Оқу пәні осыған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс пе?

    • Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі психологиядан айырмашылығы неде?

    • Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс?

    • Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?

Осылайша ғылыми пән – бұл зерттеушілерге бағытталған білімдер жүйесі, ал оқу пәні – оқушыларға бағытталған білімдер жүйесі.
Оқу пәнінің құрамына екі компонент кіреді:

  1. білімдер жүйесі;

  2. меңгерілуге бағытталған оқу – танымдық іс-әрекет жүйесі.

Оқу пәнінің екі құраушысын өңдеуде де келесі факторлар ескеріледі. Оларды толығырақ қарастыра кетейік:
1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым жүйеленген болса, соғұрлым ғылыми пән оқу пәні болуға мүмкіндігі бар.
2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы бар.
3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі типі және мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын оқу танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әртүрлі болуы тиіс: 3.1. Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма; 3.2. Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла ма; 3.3. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр ма.
4) Оқушылар мен студенттердің жасерекшелігімен, даму деңгейі, индивидуалды психологиялық ерекшеліктері шартталған белгілі бір тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге деген қызығушылық.
5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу пәнін оқушылар мен студенттерде бар білімін негізге ала отырып құруы тиіс. Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, түсініктерді меңгеру қабілетіне қарай, түрліше құрылады.
6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді меңгеру процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу пәнін меңгеру дәріс, семинар, тәжірбиелік, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін.
7) Дидактикалық материалдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы, нақты тапсырмалар, көрнекі материалдар, бақылау сұрақтары болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет