Жұмыс қабілетін сақтау шарттары: Ой және дене еңбегін алмастыру керек.
Гимнастикалық жаттығулар жасағанда тоңқалаң асу, баспен тұру көбірек керек, бұл жаттығулар ми жасушаларына қанның құйылуын күшейтеді.
Көзді сақтау керек, әр 20 – 30 минуттан соң үзіліс жасау керек (кітаптан көзді алып, алысқа қарау керек).
Теледидар хабарларын неғұрлым аз көру керек.
Егер көзің талып, шаршаса:Кез-келген жаттығуды жаса. Жоғары – төмен кезек-кезек қара (25сек), оңға-солға (15сек).
Көзбен өз аты – жөніңді жаз.
Алыста тұрған затқа қара (20сек), сосын алдыңдағы қағазға (20сек) кезекпен қара.
Есте сақтаудың тиімді түрлері: Ұйықтар алдында 2 сағат, тұрғаннан кейін 2 сағат оқыған есте жақсы сақталады.
•Сәбіз мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез-келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жаттар алдында бір тәрелке езілген, ұнтақталған маймен араластырылған сәбіз жеу керек.
•Ананас- музыкалық және театрлық жұлдыздардың сүйікті тағамы. Көлемді мәтін мен ноталық белгілерді есте сақтап қалу үшін, витамин С қажет, бұл витамин керекті мөлшерде осы жемістің құрамында бар,сонымен қатар ананастың құрамында калорийлер аз(100г.-да 56 ккал). Күніне ананас шырынының бір стаканын ішсе жеткілікті.
•Майлы балықтың құрамында, жүйке жұмысының дұрыс жұмыс жасауына керекті Омега-3 бар. Сонымен қатар балықта мидің анықтығын сақтайтын йод бар.
•Асқабақ шемішкелерінің құрамында цинк бар, ол мидің жылдамдығын ұлғайтып, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Өзін-өзі сендіру формуласы - Мен толығымен өзімнің тәртібімді бақылаймын. Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын және бұл менің жеке өсуімнің мүмкіндіктері.
- Мен өз ойым мен сезімімді бақылаймын.
- Менің өзіме деген сенімділігім күн сайын артуда.
- Менің өз мақсаттарыма қол жеткізуге жағдайым бар және мен қол жеткіземін.
- Мен өзімді бақытты, дені сау және сәтті оқушы сияқты елестетемін.
- Мен өзімді қалай елестетсем, сондай боламын.
- Мен сабырлымын және өзіме өзім сенімдімін.
“Өзіңе сенімділік неден құралады”