Психопатологиялық синдромдар


Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері



бет4/4
Дата25.09.2024
өлшемі24,46 Kb.
#145723
1   2   3   4
Байланысты:
2 лекция материал

Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері
Тексерудің негізгі тәсілі ретінде сол адаммен әңгімелесу және оның жүріс-тұрысын бақылау қолданылады. Оның өмірі мен анамнезімен танысып, ол туралы барлық мәлімет ауру тарихына не емханалық картасына жазылады.
Аурудың туыстары мен оның айналасындағылар туралы, ата-анасы мен жақындарында психикалық аурулар, маскүнемдік, нашақорлық, уқұмарлық,улану, соматикалық аурулар болған-болмағаны туралы деректер қажет. Анасының екіқабат кезіндегі жағдайы мен босануы, аурудың бала кезіндегі физикалық және психикалық дамуы, қандай жаста отыруы,жүруі,сөйлеуі, оқуы ескеріледі.
Бала кезінде және мектеп жасында қандай аурулармен ауруы, зақымдануы, улануы. Жыныстық және отбасылық өмірі, психикалық зақымдануы,соматикалық аурулары. Ми бассүйек зақымдануы, олардың ауырлық деңгейі,зиянды әдеттері. Тұрмыс және материялдық жағдайы толық қамтылуы қажет.
Анамнезімен танысқанда оның алғашқы белгілері, артынан білінген белгілері туралы толық мәлімет керек. Қандай ем қабылдағаны, оның қалай әсер еткені туралы сұрап, ауруханада жатса, қалай емделді, ауруынан жазылды ма, жоқ па, жұмыс істеді ме, оқыды ма - бәрін білуге тырысу керек. Аурудың өзінен алынған деректер жеткіліксіз болғандықтан ол туралы жақын туыстарынан сұрап білген дұрыс.
Аурудың өзінің айтқандары
субьективтіал, туыстарының айтқандары - обьективті анамнез деп аталады.
Бұлардан басқа ауруды толық соматикалық тексеруден өткізу қажет. Зәр мен қанның жалпы анализі,биохимиясы, жұлын сұйығын зерттеу, бас сүйектің рентгенографиясын, электроэнцефалограммасын (ЭЭГ), реоэнцефалограммасын РЭГ, мидың компьютерлік томографиясын, патанатомиялық зерттеулерін дұрыстап тексеру қажет.
Ауру адамның психикалық жағдайын дәрігер өз сөзімен жазуы керек. Оның сырт пішінін,қозғалып жүріп-тұруын, санасын, сезімін, қабылдауын, ойының бұзылу-бұзылмауын толық жазу қажет.
Тәжірибелік психологиялық тексерулер жеке адам туралы қосымша және құнды мәліметтер береді.
Ауру адамды күту процесінде мейіркештердің ролі өте жоғары. Мейіркештердің өздері тұлға ретінде қалыптасқан болуы керек.
Ауруды сынап мінемей сол қалпында қабылдауы тиіс. Оны түсініп ауруынан жазылып шығуына бар ынтасын салуы қажет. Кейбір жағдайларда ауруларымен қарым-қатынас мүмкін болмайды. Сондықтан оларды «фармокологиялық байлауға» тура келеді,басқаша айтқанда дәрімен қозғалтпай тастау. Кейде басқалардың көмегімен ауруды төсекке байлап тастайтын да кездер болады.
Дисфория, апатия, депрессия жағдайындағы ауруларды көзден таса қалтыруға болмайды,әр түрлі сылтауларменен аурудың қасында болуға тырысу керек.
Күнделікті бақылау дәптеріне:
- жаңа түскен ауруларды,
- қатты бақылауды талап ететін аурулардың жағдайын,
- инсулинді-коматозды ем алушылардың жағдайын,
- мінез-құлқы, тәртібі өзгерген ауруларды,
- психотроп дәрілерін алып жатқан аурулар жағдайын,
- тамақтан бас тартқан ауруларды,
- басқа ауруларға немесе медперсоналға тиісіп күш көрсетпек болған ауруларды жазып отырулары керек.
Ауруларға дауыс көтеріп ұрсып сөйлеу оларды қоздырып, кейде тіпті өзін өзі өлтіруіне алып келуі мүмкін. Мед персонал өздері сөйлескенде орынсыз қатты күлуге, сыбырласуға, ашық-шашық киінуіне болмайды. Палаталардың кілттері кез - келген жерде жатпауын бақылау қажет. Аурулардың қалтасында, жататын орнында,тумбочкаларында кездесетін тесетін, ұратын ауыр заттар болмауын бақылау дұрыс.
Емдеу манипуляциялары кезінде аурулардың дәріні мейіркештің көзінше ішуі қажет. Аурулардың уақытында жуынып-шайынуын,тамақ ішуін,ем алуын, жеке гигиенасын мейіркеш кіші медперсоналдың көмегімен атқаруы тиіс. Таза ауаға шығып, қыдырған кездерінде де аурулар көзден таса қалмаулары керек.


Шығу тегі ерекшеліктеріне байланысты барлық психопатологиялық симптоматика позитивті және негативті болып бөлінеді. Позитивті симптоматика (продуктивті, плюс – симптоматика) психиканың патологиялық өніміне байланысты дамиды. Мұнда галлюцинация, сандырақ, жабысқақтықтар, аса бағалы идеялар және басқа да патологиялық түзілістер жатады. Негативті симптоматикаға (дефицитарлық, минус симптоматика) психикалық қызметтің қандай да бір звеносының дұрыс дамымауы, жоғалуы, нәтижесіндегі психикалық функцияның тұрақты түсіп қалу белгісі жатады. Психикалық дефекттің көріністеріне естің жоғалуы, ақылкемдігі, ақылаздығы, тұлғалық төмендеу жатады. Позитивті симптоматика негативті симптоматикаға қарағанда динамикалы болып келеді; ол өзгермелі, күрделенуге қабілетті және жиі қайтымды. Дефицитарлы құбылыстар тұрақты, терапиялық әсерлерге үлкен тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәжірибеде психопатология феномендерін продуктивті және негативті деп бөлу жиі қиындық тудырады. Осы уақытқа дейін астениялық құбылысты қай топқа жатқызуға болатыны жөнінде ақырғы пікір айтылған жоқ. Астениялық симптоматика бір жағдайда динамикалы, қысқа мерзімдік, екінші бір жағдайда қайтымсыз болуы мүмкін. Астения бұл зейін жеткіліксіздігімен, ес әлсіреуімен, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, шығармашылдық өнімділіктің төмендеуімен жүреді. Мұның барлығы психикалық қызмет үшін жоғалту болып саналады. Сонымен қатар астенияда эксплозивті реакциялар, көңіл-күй бұзылыстары, ипохондриялық күйзелістер байқалады. Астения негізінде психиканың кез-келген патологиялық өнімі туады. Ауыр, продуктивті психопатологиялық симптоматикаға бай зорығу психоздары да кездеседі (мысалы, пеллагра кезіндегі психоз және т.б.).
Біздің ғасырымыздың бірінші жартысында невролог Дж. Джексон продуктивті және дефицитарлы симптоматика концепциясын ұсынғаннан бері психикалық сферада «дефицит» ұғымын дәлелдейтін көптеген факттар жиналды. Дефицит тек қайтымсыз дефект болуы міндетті емес; ол психикалық функцияның кідірістері, уақытша сөнуі болуы мүмкін екендігі айқындала түсті.
Дәрілік емнің көмегімен көптеген жылдар бойы колония мен психиатриялық ауруханаларда жатқан шизофрения, соңғы сатысы диагнозымен көптеген науқастардың жағдайын жақсартып қоймай, жанұясына қайта оралтуға да мүмкіндік туды. Алайда шизофрениялық дефекттің кейбір формалары белгілі бір дәрежеде қайтымды болып табылады, бұл жағдайдағы патологиялық үрдіс динамикасы күрт баяулағанымен, аяқталған деп есептеуге болмайды.
Позитивті және негативті симптоматика бірлескенде олардың өзара қатынасы жөніндегі мәселе қиындық тудырады және дұрыс өңделмеген. Ауру жағдайында позитивті және негативті белгілер бір – бірімен байланысқан бірлікте болса, түрлі жағдайларда, жастық кезеңдерде, әртүрлі ауруларда әрқалай көрінеді. Қолайсыз ішкі және сыртқы себептердің, ауыр аурудың әсерінен сәбилерде белгілі бір психикалық функция дамуының кідірістеуі мүмкін. Осының салдарынан жетіспеушілікті компенсациялауға биологиялық тенденцияның болуына байланысты өзге психикалық функциялар қарқынды дами бастайды да, психикалық қызметтің біркелкі емес дамуы, жалпы асинхрония тудырады.
Позитивті және негативті белгілерді бөлу клиникалық шындыққа сәйкес келеді. Бір – бірімен бірлікте болғандықтан оларды бөлу бір – біріне қарсы қою деген дегенді білдірмейді.
Дж.Джексон айтуынша ауру тек негативті белгілер тудырады, ал позитивті белгілер ауру зақымдамаған жүйке жасушасының активтілігі нәтижесінде дамиды деген. Неврологиялық тәжірибеде патология мида ошақты, кейде кең көлемді болса негативті белгілер басым болады.
Психикалық ауруларда церебральды деструкция жай көзбен көрінбейді және бұл кезде функциональды бұзылыс жөнінде айтамыз. Сондықтан компенсаторлы мүмкіндіктер сақталып, ол продуктивті белгілердің көп түрлілігімен көрініс табады. Мидың зақымдалуы неғұрлым айқын болса, соғұрлым психикалық реакция әлсіз және дефицит белгілері анығырақ көрінеді, бұл органикалық деменцияда максимальды бейнеленген.
Психиатрияда симптомдардың өзара әрекеті мәселесі жеткілікті өнделмеген және одан әрі оқып – зерттеуді талап етеді. Симптомдардың бірлестігі және арақатынасы туралы мәселе «синдромдарды» сипаттайтын тарауда толығымен қаралады. Аурудың психикалық жағдайын зерттеу барысында мынаны ескеру керек: әртүрлі симптомдарды жасанды жолмен бөліп-жарамыз, бірақ олар жеке дара, басқа белгілерге байланыссыз көрініс бермейді, оларды жақсы танып білу үшін жеке-жеке сипаттаймыз. Психикалық үрдістің құрылымына сәйкес қабылдау, ес, ойлау, эмоциональды сфера және қимыл-еріктік бұзылыстарын ажыратамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет