Парафрендік синдромда аурулар өздерін құдаймыз,дүние жүзінің қожасымыз, «бәрі менің қолымда» деп алжасады. Көбіне шизофрения ауруында болады.
Жабысқақ синдром. Невроздарда, баяу ағымды шизофренияда кездесетін синдром жабысқақ ойлардан,үрейлерден, әрекеттерден тұрады.
Эмоциялық синдромдар. а) Маникальды синдром депкөтеріңкі кқңіл-күй, жылдам келетін ойлар және сөйлеу мен қозғалыс белсенділігі байқалатын белгілерді айтамыз. Ауру адамдар қоршаған ортада болып жатқан жағдайларға байланыссыз, өте қуанышты сезімде болады.
б) Депрессивті синдром да үш белгіден тұрады:қайғылы көңіл күй, баяу ойлар, сөйлеу мен қозғалыс тежелуі.Аурулар себепсіз қайғырып, зарығып, өздерін- өздері жәбірлейді. Мүлде үндемей немесе қозғалмай қалулары мүмкін (депрессивті ступор).
Бұл жағдайлар маникальді – депрессивті психозда,шизофреннияда кездеседі.
Апатиялық синдром Көбіне шизофренияда, органикалық ми ауруларында кездесетін әлсіздік, селсоқтық, дәрменсіздік белгілерінің қосындысы.
Кататониялық синдромдар. Қозу және кататониялық ступор болып екіге бөлінеді.
Кататониялық қозу кезінде бағытталмаған, мағанасыз сөз және жалпы қозғалыс байқалады.Бір сөзді немесе сөйлемді қайталай беретін жағдайларды – вербигерация дейді.Қасындағылардың айтқаның қайталай беретін жағдай – эхолалия, істеген әрекетін қайталаса – эхопраксия дейміз.Дәрігердің. қоршаған адамдардың айтқанын керсінше жасаса- негативизм белгісі орын алады. Қиқандап, бет әлпетін өзгертіп, кенетен қаша жөнеліп, киімін шешіп тастап, түкіріп, қз нәжісін қзіне жағып, басқалардың көзінше жыныс мүшесін қоздыруы да мүмкін.
Кататониялық ступор көбіне қозудан кейін білінеді. Ауру үндемейді – ( мутизм), бұлшық еттерінің тонусы жоғары болса да, қозғалмайды. Қоршаған ортадағы жағдайларға көңіл аудармай, ыстық, суыққа, қарны ашқанға, ауырғанға, бомба жарылғанға да қарамай бір қалыпты отыра береді
Жатқан орнынан қозғалмай, бір позадан аумаса оны балауыз иімділікті ступор дейді. Сағаттап, тәуліктеп жата (отыра) береді.
Қозғалмау позасын өзгертуге жасалған әрекеттерге қарсылық жасауды – негативтік ступор деп атайды.